Просмотр содержимого документа
«"Жаса, Т?уелсіз ?аза?станым!"»
«Жаса тәуелсіз Қазақстаным!»
мерекесіне арналған сценарий
Кейіпкерлер: Бай, Алдар көсе,бәйбіше
Балалар әуенмен залға кіреді.
Жүр: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар бүгін біз Қазақстан республикамыздың тәуелсіздік алған мерей тойына қуанышты, жылы лебізбен жиналып отырмыз. Тәуелсіздік алған күніміз құтты болсын. Мерекемізді Ән ұранмен бастайық.
« Ән ұран»
Жүр: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіздік күнің келді кенеле бер
Мерейің шалқып бүгін құтты болсын
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Балалар,біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз,Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстаукезендерді бастан кешірді,Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады
16-желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті
Бұл күн Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды,сондықтанда Желтоқсан бүкіл халықтық мереке (слайд желтоқсан құрбандар)
олай болса біз де сендермен мерекемізді тойлап ,ән айтайық
Ән «Қазақстан жалауы»
Тақпақтар:
1 Шыңғыс Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағы
Тәуелсіздік- ел бақыты , ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш
2.Малика 3.Тамерлан
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын
Таулы орман , жасыл жайлау ,көлім менің Алдымыздан барлық үміт ақталсын
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәту-тәтті бірлік болып қашанда
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің. Бейбіт өмір бар халықпен жалғассын
4. Айлун 5. Жансая
Енді міне тәуелсіз ел болдық Азат өлкем күндей күлген шығыстан
Басқалармен терезесі тең болдық Асыл елім жан жүректі ұғысқан
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Ата-бабам аңсап өькен бақытты
Отан үшін болуғада құрбандық Айналайын Қазақстан гүлстан
Жүр: Ортамызда сарбаздарымыз бар екен олар өнерлерін жұртқа паш етіп, дүблете тойымыздың сәнін келтірсіңші
Би «Сарбаздар»
Көрініс: «Алдар көсе байдың үйінде қонақта»
Әуенмен Бай мен бәйбіше кіреді,бай жан жағына ұнатпай қарайды
-Бай: мыналар неге бәрі жиналып алған- деп жақтырмайды.
Алдар: - Қонақ келді байеке, мерекең құтты болсын, мені дастарханға шақырмайсыңба?
Бай: -Қандай мереке, мен білмеймін,естігем жоқ. Сен- ақ, уйіңде отырмайды екенсін.
Алдар: - мұныңыз не байеке? елдің бәрі біледі.Сен неге білмейсің?
Бай:- Қандай мереке? (жан-жағына ,балаларға қарайды)
Жүр: (балаларға қарап)- Балалар таныдыңдар ма? Бізге кімдер келген? (Балалар жауабы)
Қандай мерекені тойлап жатырмыз:
( Балалар жауабы :- жеке мемлекет болып шыққанымыз туралы, және мемлекетіміздің рәміздері туралы, ондағы бейнеленген суреттердін мағынасына тоқталып кетеді.
Жур; Олай болса туған жерімізге деген сезімімізді әнмен жеткізейік
Ән «Туған жер»
Тақпақтар:
6. Азнабай Амина 7. Алпан Амина
Білімнен жұпар жинаймын Бақатты болып жүргенім
Еліме бақыт сыйлаймын, Сенің арқаң ұлы отан
Жүрекпен сүйіп отанды Елім менің тірегім
Жүрекпен мәңгі жырлаймын Құшағыңда гүл атам
Отаным гүлге бөленсін Тәуелсіздік, бұл- бақыт
Өзге елмен теңелсін Сарқылмайтын шаттық қой
Амандық болса ағайын Көздің жасын құрғатып
Бәрінде бірге көресің Келген бізге бақыт қой.
8. Диана 9. Арсен
Ылғи өрге өрлеген Ыстық маған өз елім
Бақыты бұл халықтың Құшағымдай анамның
Мейірімі мен тербеген Қымбат маған өз жерім
Тәуелсіздік жарық күн Бейнетіндей бабамның
Жарқын болсын күніміз Отан-биік тауларың
Жарқын шығар күніміз Отан-шексіз кең далам
Елін сүйіп ержеткен Жасыл бағың бауларың
Біз болашақ гүліміз Көк шалғының аунаған
10. Асанәли
Отан- анаң аяулы
Отан- анаң қадірлі
Өмірің ол баянды
Салмақты да сабырлы
Алдар: - Көрдің бе байеке , қазақ халқы қонақжайлы емеспе әрқашан дастархан жайылып, ас т аттыру керек.
Бай:- Ия, ия қуана ,қуана шақырар едім бірақ сендерге беретін дайын асым жоқ, .
Алдар:- уайымдама байеке, мен өзіммен бірге сыйқырлы қасық алып келдім, қазыр ас дайын болады.