kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысы. Тәрбиешілер үшін.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұстаз! Ол-ақыл ойдың кені емес пе ?
Көш бастар заманының ері емес пе ?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол-күллі әлемнің нұры емес пе ?

:Нұрлы үмітін арқалаған болашақ,

Нұр сәулесін тарататын дос құшақ,

Жас мамандар сайысатын кез келді,

Танытатын бар болмысын барын сап.

 

 

жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
«Жас маман деген кім ?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысы. Тәрбиешілер үшін.»

Жас маманға көмек – заман талабы.

Мақсаты:Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.

Міндеті:

 

1.Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.

2.Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.

3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.

4.Жас маман өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.

Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.

жас мамандар білуге тиіс: жаңа технологиялармен танысады; қазіргі кезеңдегі жаңа технологиялармен жұмыс жасауға бағыт – бағдар алады; оқытудың мақсатын айқындай алады, оңтайлы әдістерін меңгереді; жаңа іскерлік қарым – қатынас құра біледі.

Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.


Тренинг барысы.

І.Психологиялық дайындық.

1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттікпен өткізейік. (Жылы лебіз тіліктер айтылады).

ІІ.Тапсырмалар:

1.Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту)

Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда.

Әркім өз білімдерін, дағдыларын,іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады. Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін – өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.

2.Тренинг «Жаңа технология дегеніміз не?»

(Білетін ойларымен бөліседі)

Слайд технологиялар түрлері:

-дамыта оқыту;

-СТО;

-модульдік;

-ұжымдық;

-БиС;

-үш өлшемдік технологиясы, т.б.

Технология түрлері:

1.Сатылған тәртіптелген іс – әрекет жүйесі

2.Нақтылы мақсатқа негізделген болашақ үрдісінің жобасы

3.Мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы

4.Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы

5.Көзделген нәтиженің орындалу кепілі

6.Жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс – әрекеттер жиынтығы

Өткізу әдісі: бірыңғай топтық жұмыс

1.Сызба бойынша (бір тақырып аясында) талдау, түсіндіріңіз.

Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары:

1)Деңгейлік тапсырмалар

-міндеті

-алгоритмдік

-эвристикалық

-шығармашылық

2)Ойын арқылы

-санамалықтар

-қаламақтар

-айтыс ойындары

3)Топтық жұмыстар

-бірыңғай

-сараланған

ІІІ.Дидактикалық дайындық – жалпы педагогикалық даярлықтың ең маңызды саласы. Ең алдымен мектеп мұғалімінің дидактикалық даярлық деген ұғым туралы таным түсінігін қалыптастыру керек. Мұғалімнің дидактикалық даярлығына оқытудың мотивтері мен оқытуға бағытталған мүмкіндіктер жатады. Нақты айтқанда, оқытуды ұйымдастыру қолданылатын әдіс – тәсілдерді жете біліп, оны қолданудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықтың белгілері деуге болады.

Мұғалімнің педагогикалық қызметі атқаруға қажет мынандай қабілеттері мен дағдылары болуы керек:

-оқыту үрдісін жоспарлай білуі;

-оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;

-жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдісін жүргізіп отыруы.

Оқыту мынандай дидактикалық кезеңдерден тұрады:

-білімнің мақсаты мен қажеті түсіндіріледі, әрекетке бағыттайтын мотивтері қалыптастырылады;

-жаңа оқу материалдарын қабылдауға мүмкіншілік жасалады;

-білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды қалыптастыру басшылыққа алынады;

-білімді тәжірибе қолдануға қалыптасады;

-алған білімі бойынша таным түсінігін есепке алу, тексеру және бағалау үрдісін іске асырылады.

І.Әлемдік білім кеңістігіне шығу жолында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – білім саласындағы басты мақсаттардың бірі.

Сұрақ. Осы мақсатты орындауда пән мұғалімдеріне қаншалықты дәрежеде көмек береміз? Тәлімгерлер жас мамандардың сұранысын қанағаттандыра ма? Біз неден қиналамыз, нені меңгере алмай жүрміз? Енді осы сауалдарға жауап іздесек.

Сабаққа жақсы дайындалғанымен кейде қандай мұғалім болсын, тіпті тәжірибелі болса да, өтетін сабағында қандай жағдаяттар кез келерін алдын – ала біле бермейді. Сабақты жақсы көңіл – күймен, шабытпен шығармашылық ізденіспен мақсат қоя отырып жоспарланғанда ғана сабақ нәтижелі шығады.

 

Сұрақ. Қандай сабақтың құрылымдарын білесіздер?

Сабақ құрылымы:

1.Сабақтың тақырыбы

2.Сабақтың мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік)

3.Сабақтың түрі

4.Сабақтың әдісі

5.Сабақтың көрнекілігі

6.Сабақтың типі

7.Сабақтың барысы

8.Сабақтың формасы

 

Сұрақ. Сабақтың сәттері, ондағы мұғалімнің атқаратын жұмысы, оқушының міндеті жайлы талқылаңыздар? (сұрақ төңірегіндегі ойлар)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жас келсе, іске!» атты жас мамандар сайысы. Тәрбиешілер үшін.

Автор: Турегалиева Клара Себеповна

Дата: 14.04.2017

Номер свидетельства: 409229


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства