kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жана жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Залда ?деміленіп шырша безендірілген.Залда ?она?тарын к?тіп А??ала ж?реді.

(А??ала шыршаны безендіріп,са?атына ?арап,?она?тарды к?тіп ж?реді).

- Ия, шыршам дайын, ша?ыру ?а?аздарын тараттым. Енді кішкентай достарымды ?арсы алайын.

К??ілді ?уенмен балалар зал?а кіреді.

А??ала:-С?леметсі?дер ме, достарым!Сендерді к?ргеніме ?те ?уаныштымын.Сендер мен жіберген ша?ыру ?а?азын алды?дар ма?

Достар:-И?,хаты?ызды алды?.Рахмет сізге А??ала!

А??ала:-Жарайсы?дар достарым, ?ара?даршы,шыршамыз ?андай ?демі!

Жасыл шырша т?рдегі,

Дейді:"Б?рі? к?р мені"!

Неткен ?сем ??лпырып,

Ойыншы?тар т?р к?ліп!

Жа?а жылда шатты?пен

Шыр?атайы? шырша ?нін.

?н: «Шырша ?ні»

1.Тауда туып,тауда ?скен,

Шырша келді орта?а,

Б?ріміз бір дауыспен,

Дейін енді шырша?а.

             Балалар ?нді айтып болып орындарына отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жана жыл»





Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК «№100 Балабақша – бөбекжайы»









Жаңа жыл

(орта топтарға арналған мерекелік ертеңгілік)
















Әдіскер: Жақбарова А. Б

Музыка жетек: Жакупова Ж.А

Тәрбиешілер:Құмарбекова Р.Қ.

Метченова Е.Е.








2014 - 2015 оқу жылы.







Залда әдеміленіп шырша безендірілген.Залда қонақтарын күтіп Аққала жүреді.

(Аққала шыршаны безендіріп,сағатына қарап,қонақтарды күтіп жүреді).

- Ия, шыршам дайын, шақыру қағаздарын тараттым. Енді кішкентай достарымды қарсы алайын.

Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.

Аққала:-Сәлеметсіңдер ме, достарым!Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендер мен жіберген шақыру қағазын алдыңдар ма?

Достар:-Иә,хатыңызды алдық.Рахмет сізге Аққала!

Аққала:-Жарайсыңдар достарым, қараңдаршы,шыршамыз қандай әдемі!

Жасыл шырша төрдегі,

Дейді:"Бәрің көр мені"!

Неткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр күліп!

Жаңа жылда шаттықпен

Шырқатайық шырша әнін.


Ән: «Шырша әні»

1.Тауда туып,тауда өскен,

Шырша келді ортаға,

Бәріміз бір дауыспен,

Дейін енді шыршаға.


Қ-сы

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.


2.Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз,

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық.


Балалар әнді айтып болып орындарына отырады.

Қатты дауылдың дыбысы шығады да Қар ханшайымы кіреді.

Барлық қонақтар жан-жақтарына қарап,бейнетаспаға назар аударады.

Қар ханшайымы:-Байқаймын, ән айтып,би билеп,мерекені менсіз тойламақсыңдар ма!Мені неге шақырған жоқсыңдар!Сендер мені мерекеге шақырмағандарың үшін, мен Ақшақарды өз патшалығыма жасырып қойдым. Ха- ха- ха!

Аққала:-Тоқтаңыз,Қар ханшайымы.Біз сізді ренжіткіміз келген жоқ қой. Мерекемізді бұзбаңызшы. Ақшақарды бізге қайтарыңызшы.

Қар ханшайымы:-Олай болса, менің мына тапсырмаларымды орынсаңдаңдар ғана ,мен ойланамын!Ол маған сиқырлы айна, сиқырлы дүрбі және жаңадан келетін жаңа жылдарың керек.Осы заттарды тауып берсеңдер ғана ,мен Ақшақарды босатамын.Ха- ха- ха!- деп күліп кетеді.

Аққала:-Ой балалар,енді не істейміз?Ақшақарды қалай құтқарамыз?

Аяз атамен қалай хабарлассам екен?

1 бала; -Аққала сіз уайымдамаңызшы,Аяз атаға мына телефонмен хабарласайық.

(Бала Аққалаға ұялы телефон береді)

Аққала:-Ой рахмет саған ,қазір Аяз атаға хабарласайын.

Барлық қонақтар бейнетаспаға назар аударады. (Бейнетаспада Аяз ата балаларға сыйлық жасап жатады,бір кезде Аяз атаның телефоны шырылдайды.)




Аққала:-Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Жаңа жыл мейрамына барлық қонақтарым келді,бірақ Ақшақарымыз келген жоқ,өйткені оны Қар ханшайымы өз патшалығына жасырып қойыпты.

Қар ханшайымы тапсырмаларымды орындасаңдар ғана, Ақшақарды босатамын деді.

Аяз ата енді не істейміз?

Аяз ата:- Жарайды Аққала, уайымдама, мен қазір келемін!

Барлық қонақтар бейнетаспаға назар аударады.Аяз ата өзінің ат-шанасына отырып,келеді.

Музыка әуенімен Аяз ата залға кіреді.

Аяз ата: - Армысыңдар ұлдарым!

Армысыңдар қыздарым!

Қандай әсем сөздерің,

Қандай жарқын жүздерің!

Асылармен алысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан!

Аққала:- Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Мерекемізге хош келдіңіз! Аяз ата, сіз ұзақ жолдан шаршадыңыз ғой, мына жерге отырып демалыңыз,ал менің достарым сізге тақпақтарын айтып берсін.

1 . «Аяз ата» Айтов.

Әлде қарлы боранда

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне.

Ақ қырауға малынған.

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.


  1. «Қыс келді» Ысқақбаев.

Қыс келді, қыс келді,

Ақтарып ақ қарды.

Жаңа жыл бәйгесін,

Келейік біз алып.

3. Игорь Бурсов. «Елка»

Наша елка велика,

Наша елка высока.

Выше папы, выше мамы,

Достает до потолка.

4. My wish

A happy New Year for me,

A happy New Year for you

A happy New Year for everyone

That’s what I wish- I do! It’s snowing.

Аяз ата:-Жарайсыңдар қонақтар,өнерлерің үстем болсын!

Аққала:-Аяз ата, Қар ханшайымы бізге сиқырлы айна, сиқырлы дүрбі және биыл келетін жаңа жылды әкеп берсеңдер ғана, Ақшақарды босатамын дейді. Енді не істейміз?

Аяз ата:Уайымдама Аққала,алдымен мына шыршаның шамадарын жағайық, сонда айналаның бәрі жарқырап көрінер, сөйтіп Қан Ханшайымы сұратқан заттарды табармыз. Ал енді балалар менімен бірге қайталайық. Алақаным тақ-тақ,шырша шамын жақ-жақ -3 рет қайталайды.

Шыршаның шамдары жанады.

Аққала:-Аяз ата,шыршамыз қандай әдемі,шыршаны айналып бір әдемі ән айтайық.

Ән: «Попурри»

(Бір кезде бір дыбыс шығады,ол Мыстан әже үйдің жанында ұйықтап жатады)

Аққала:-Бұл не дыбыс?

Мыстан әже:(Керіліп,бетін ұқалап, оянады)-Менің ұйқымды бұзған кім?

-А,бұл сенсің бе,Аяз ата!Сендер мұнда не істеп жүрсіңдер!

Аққала:-Мыстан әже,біздің Ақшақарымызды Қар ханшайымы алып кетті,біз оның тапсырмасын орындасақ қана , ол Ақшақарды босатады.

Мыстан әже:-Аяз ата Ақшақарды іздеп,уақыт жоғалтқанша,тыңдашы, Аяз ата мен Ақшақар болсам қайтеді.

(Мыстан әже қалтасынан сиқырлы айна алып,шашын жөндейді.)

Мыстан әже:- Менің түрім де сүйкімді,көйлегім де әдемі. Несі бар, Ақшақар болуға лайықпын.

Аққала::(Таңғалып)-Мыстан әже,мына айнаңыз біздің іздеген айнамыз ғой,бізге беріңізші!

Мыстан әже:-Ой, аққала бұл айна,өзіме керек.(айнаны тығады).Бірақ менің көңілімді көтерсеңдер,мүмкін ойланып көремін.

Аққала:- Әжетай,сіздің көңіліңізді көтеру үшін Айшақызымыз достарымен ән айтып, би билеп берсін.

«Ойыншықтар карнавалы» бишілерімен бірге Айша жеке дауыста ән айтады.

Ән:Әжесі айтқан ертегі.

Аяз ата:-Енді айнаңды бересің бе!

Мыстан әже:-Жоқ бермеймін,мен сендермен бір ойын ойнағым келеді.Мені жеңсеңдер ғана,мен сендерге айнаны беремін.

Аққала:-Қане достарым келіндер,Мыстан әжеге шапшаңдығымызды көрсетейік.

Ойын: «Сыпырғышпен жарысу».

Мыстан әже:-Жарайды,сендер,жеңдіңдер.Айнаны сендерге берейін.Сау болыңдар!(Мыстан әже кетеді)

Аққала: -Аяз ата сиқырлы айнаны таптық,енді сиқырлы дүрбіні қайдан табамыз?

Аяз ата:- Сиқырлы дүрбі мүмкін жұлдызшыда бар шығар.Қане жұлдызшыға аттанайық.

(Аяз ата таяғымен сиқырлап,бәрі жолға аттанады.Сол кезде шам өшіп,айнала жарқырайды.Биіктен жұлдызша көрінеді)

Жұлдызша: (сиқырлы дүрбіге қарап)- Иә,қандай тамаша,барлық жерде жаңа жылды тойлап жатыр.Қәне жұлдыздардың қозғалысын байқаймын.Дұрыс жеті қарақшы орнында,үркер төмен түсіпті.Әне жерде бірдеңе жылтырайды ғой ол не екен!Өзі үлкен жұлдызға ұқсайды.Бізде сол жұлдызға аттанайық.

Жұлдызша:-Мына жер қандай әдемі.Ең үлкен жұлдыз міне тұр екен ғой.Айнала қандай тамаша! Менің кішкентай жұлдызшаларымның өнерлерін көрейік.

Би:«Жұлдызша»

Аяз ата: Достым, сені көргеніме қуаныштымын.Бізге сіздің дүрбіңіз керек болып тұр.Қар ханшайымы Ақшақарды патшалығына алып кетті.Бір затты таптық,екінші тапсырма ол – сіздегі сиқырлы дүрбі.Оны бізге беріңізші!

Жұлдызша:-Менің көңілімді көтеріп,бір әдемі ән айтып берсеңдер,сонда мен дүрбіні берейін.

Ән:«Жаңа жыл»

Аққала: -Жұлдызша, менің достарымның тақпақтарын тыңдап көр.

  1. «Кел, жаңа жыл» Жиенбаев.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән де әзір,

Ойын да әзір- бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл біздерге,

Кел. Жаңа жыл, жаңа жыл!

  1. Ирина Токмакова «Новогодняя звезда»

На свете так бывает,

Что только раз в году.

На елке зажигают,

Прекрасную звезду.

Звезда горит, не тает,

Блестит прекрасный лед.

И сразу наступает,

Счастливый Новый год!

  1. Шырша әні.

Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейік енді шыршаға.

«Қуант бізді, таңырқат, Шамдарыңды жарқырат»

4. Winter

It’s winter, it’s winter

Let us skate and ski

It’s winter, it’s winter

It’s great fun for me!

Жұлдызшы:-Достар,сендердің әндеріңде, тақпақтарың да маған сондай ұнады,өте өнерлі екенсіңдер.Мен сиқырлы дүрбіні сендерге берейін,Ақшақарды тез құтқарып алыңдар.Сау болыңдар!(Жұлдызша кетеді).

Аққала:-Сиқырлы айнаны, дүрбіні таптық,енді жаңа жылымызды қайдан табамыз?

Аяз ата:-Олай болса,ескі жылымызбен қоштасып,жаңа жылды ортаға шақырайық!

Музыка әуенімен Жылқы жылы мен Қой жылы залға кіреді.

Жылқы:

Жылқы жылы –түлікті жыл,

Құштарыңды-бірлікті біл.

Менің жылым аяқталып.

Жаңа жыл кеп жалғасады.

Жылқы:-Достарым сендерге рахмет, сендермен бір жыл бойы болдым, енді кезегімді қошақанға берейін.

Жылқы Қошақанмен құшақтасады да ортаға шығады.

Қошақан- Димаш.

-Армысыздар, балалар!

Қой жылы-еңбекті жыл,

Жайлы ақ мол жыл,

Менің айтар өсиетім ,

Жылдардың бір қасиетін,

Құтты жылдар тағы келсін,

Қуаныш,той әкелсін!

Жылқы:-Сендермен қоштаспас бұрын ,достарыммен бірге бір би билеп берейін.

Би «Пони аттар»

Аяз ата:-Қане Жылқы жылы,Қар ханшайымның заттарын апарып бер, Ақшақарымды тез босатсын.Музыка әуенімен Ақшақар кіреді.

Ақшақар:-Амансыңдарма достарым!

Келді міне Жаңа жыл,

Қуанышпен біздерге,

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймын сіздерді.

Ақшақар:(Аяз атамен құшақтасады.)-Сәлеметсіңдер ме,достарым! Мен сендерді көргеніме өте құаныштымын.Мені Қар ханшайымынан босаттыңдар,сендерге көп рахмет айтамын.

Аққала:-Бізде өте қуаныштымыз,Жаңа жылда барлық достар жиналды, бәріміз бірге бір әдемі ән айтып,ортаға шығайық.

Ән«Жаңа жыл жыры»

Аққала:-Достар, Аяз атамен Ақшақарға кім тақпақ айтып береді?

Аяз ата:-Жарайсыңдар,достарым,өздерің өнерлі екенсіңдер!

Ақшақар:-Аяз ата , менде кішкентай сіңілдеріммен бір би билеп берейін.

Би: «Ақшақарлар»

Ақшақарлар би билеп жатқанда,шыршаның алдында үлкен мұз пайда болады.Би біткен кезде сиқырлы әуенмен мұз жарқырайды.

Аққала:-Аяз ата,достарым,қараңдаршы,қандай ғажайып,бұл не жарқырап тұрған?

Аяз ата:(Жарқыраған мұзды сиқырлап ашады)-Аққала,бұл сыйлықтар ғой,Қар ханшаймының жүрегі расында жібіген сияқты,сендерге сыйлығымды жіберіпті.Қане бәріміз бірге сыйлықтарды таратайық.Музыка қосылып,Аяз ата балаларға сыйлық таратады. Аяз ата:-Келесі Жаңа жылда кездескенше сау болыңдар!

Ақшақар:-Жаңа жыл құтты болсын!Аяз ата,Ақшақар қоштасып кетеді.

Аққала:-Құрметті ата-аналар,балалар!Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

Жаңа жыл,сіздерге жаңа бақыт,шаттық әкелсін!



  1. «Жаңа жыл жыры»Дүйсенбиев.

Дала аппақ, жапалақтап,

Қар жауып тұр тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

О, Алақай! Аяз ата,

Келе жатыр алыста.

  1. «Жаңа жыл жыры»Дүйсенбиев.

Қане досым, әнге қосыл,

Әнге қосыл, қалыспа.

Қол ұстасып, құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын, жаңа жыл!

  1. «Аяз ата» Оспанов.

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны.

  1. Сергей Михалков «Новый год»

Говорят новый год,

Что не пожелается-

Все всегда произойдет,

Все всегда сбывается.

Могут даже у ребят

Сбываеться все желания,

Нужно только говорят,

Приложить старания.

  1. Winter

This is the season

When mornings are dark

And birds do not sing

In the forests and park


1) Дала-нұр,қала-нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

2)Как хорошо, что в этом зале

Мы снова встретились с тобой

Мы этот праздник долго ждали.

И он пришел в мороз, зимой.

Как приятно,что сегодня

Гости к нам сюда пришли.

И не глядя на заботу

Час свободный все нашли.

3) Зэ сноу из фоллиң,

Зэ уинд из блоуиң.

Зэ граунд из уайт.

Олл дей энд олл найт.

Жылқы

Жылқы жылы –түлікті жыл,

Құштарыңды-бірлікті біл.

Менің жылым аяқталып.

Жаңа жыл кеп жалғасады.

Жылқы:-Достарым сендерге рахмет,сендермен бір жыл бойы болдым ,енді кезегімді қошақанға берейін.


Қошақан-Армысыздар, балалар!

Қой жылы-еңбекті жыл,

Жайлы ақ мол жыл,

Менің айтар өсиетім ,

Жылдардың бір қасиетін,

Құтты жылдар тағы келсін,

Қуаныш,той әкелсін!


1)Жұлдызша- Дорогие гости наши.

Мы спешим поздравить всех.

Пусть для вас людей хороших

Не бояшихся забот.

Будет он не просто новый

А счастливый Новый год!


2)Түлкі-

Оу,луук әт зэ сноу.

Оув э зэ гадн уэй

оу дип энд соу уайт.

Ит хәз фолн олл найт.

уи кэннот гоу аут тудей.


1)Құртақан

Сәлем достар аманба?

Нұр береді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық.


2)Құртақан

Всех приветствуем гостей.

Рады вам сегодня.

А этом зале нас собрал,

Праздник новогодний.

Құртақан:-Шамдарымызды жарқыратып көрейік,мүмкін көмектесетін шығар.

3)Құртақан

Нью йа,дей, хэппи дэй.

уи а олл гләд энд вери гей.

Уи олл данс энд сиң энд сэй.

Уэлкәм!уэлкәм, нью иа дей.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жана жыл

Автор: Кумарбекова Рысалды Кызырхановна и Жакупова Жанар Айдаровна

Дата: 17.02.2016

Номер свидетельства: 294703

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?ош келді? жа?а жыл!" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-9"
    ["file_id"] => string(6) "246209"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446310294"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Кел,кел жана жыл "
    ["seo_title"] => string(20) "kiel-kiel-zhana-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "179104"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424946726"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?ощ  келді?  Жана жыл ! "
    ["seo_title"] => string(26) "k-oshch-kieldin-zhana-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "193205"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427611287"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ош келді?, Жа?а 2016  Жыл!""
    ["seo_title"] => string(24) "koshkieldinzhana2016zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "270023"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450972975"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""?ош келді?, Жа?а 2016  Жыл!""
    ["seo_title"] => string(25) "koshkieldinzhana2016zhyl1"
    ["file_id"] => string(6) "270024"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450972983"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства