kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жа?а ба?ыт, жа?а жыр" атты ерте?гілікті? сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар зал?а к??ілді ?уенге кіріп би билейді. Орындарына отырады. Ж?ргізуші: Амансы?дар ма, балдыр?андар, ?л-?ыздар, ??рметті ата-аналар,?она?тар! Сіздерді келе жат?ан жа?а жыл мерекесімен ??тты?таймыз! Барлы?ымыз?а жа?а жыл берекелі, ба?ытты болсын деп тілеймін. Ендеше келе жат?ан жа?а жылымызбен амандасып, ?арсы алайы?. Б?рі: ?ош келді? жа?а жылым, жа?а н?рым! Ж?ргізуші: ал енді балаларымыз ?ле? жолдарын жолдайды. Балалар та?па?ы: 1.Сыздыков Келді Жа?а ??тты жыл, Е?бек с?йгіш мы?ты жыл, Салтанатты с?тті жыл. ?діл, шынды? т?тті жыл. Он екі айды ат?ар?ан, Кетті келмес бел асып. Ескі жылмен ?оштасып, ?мытпас?а достасты?. 2.Сатпаева Жа?а жылды? та?ы неткен арайлы, А? мамы??а орап алды ма?айды. Жа?а жылмен ??тты?таймын сіздерді, Жа?а жылы? ??тты болсын а?айын! 3. Дияр Біз тілейміз Жа?а жылды? шатты?ын Біз тілейміз А?ша?арды? п?ктігін Аралаймыз а? ормандай ойларды Аялаймыз ару ?ысты? а? т?нін. 4. Жаннур К??ілде к?п ?уаныш, ?р к??ілде – жа?сылы?. Кетер жыл?а мы? ал?ыс, ?келген к?п жа?сылы?. 5. Жандос Келді, міне, Жа?а жыл аппа? болып ?н салып, ж?мба? болып, та?па? болып Ауламызды? т?сына ?онып жатыр. Аяз болып, м?з болып, ?ат?а? болып. 6. Каримханова Аспан жерге т?геді, А? к?місін уыстап. Жа?а жылда келеді, Бізге ?арай жылыстап. ?ле? де ?зір, ?н ?зір. Ойын да ?зір, б?рі ?зір. Кел, жа?а жыл, біздерге, Кел, Жа?а жыл, Жа?а жыл!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жа?а ба?ыт, жа?а жыр" атты ерте?гілікті? сценариі»



Балалар залға көңілді әуенге кіріп би билейді. Орындарына отырады.

Жүргізуші: Амансыңдар ма, балдырғандар, ұл-қыздар, құрметті ата-аналар,қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Барлығымызға жаңа жыл берекелі, бақытты болсын деп тілеймін. Ендеше келе жатқан жаңа жылымызбен амандасып, қарсы алайық.

Бәрі: Қош келдің жаңа жылым, жаңа нұрым!

Жүргізуші: ал енді балаларымыз өлең жолдарын жолдайды.

Балалар тақпағы:

1.Сыздыков

Келді Жаңа құтты жыл,

Еңбек сүйгіш мықты жыл,

Салтанатты сәтті жыл.

Әділ, шындық тәтті жыл.

Он екі айды атқарған,

Кетті келмес бел асып.

Ескі жылмен қоштасып,

Ұмытпасқа достастық.

2.Сатпаева

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

3. Дияр

Біз тілейміз Жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін

Аралаймыз ақ ормандай ойларды

Аялаймыз ару қыстың ақ түнін.

4. Жаннур

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде – жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

5. Жандос

Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып

Ауламыздың тұсына қонып жатыр.

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

6. Каримханова

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Өлең де әзір, ән әзір.

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл, біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

«Жаңа жыл» әні орындалады

Залға екі қарақшы және мыстан кемпір кіріп келеді.

Мыстан кемпір: Мында, мында тезірек кел!

Қарақшылар: Ой, біз қайда келдік?

Мыстан кемпір: Оларда жаңа жыл мерекесі болып жатыр! Қазір Аяз ата Ақшақармен осында келеді. Ақшақар болса сондай сұлу,сыпайы (кривляется). Аяз атаның немере қызы болғанына мақтанатын сияқты өзі... Фу... Жек көрінішті!

1 Қарақшы: Мен бір нәрсе ойлап таптым. Біз Ақшақар қызды ұрлап алып кетемізде, Аяз атадан сосын Ақшақардың орнына біз ақша, сыйлықтар сұраймыз.

2 Қарақшы: Бұл ойың дұрыс – ақ. Біз қалай Ақшақарды ұрлап аламыз?

1 Қарақшы: Жеңілдің ішіндегі ең жеңіл әдісті пайдаланып, ұрлап алып кетеміз. Ол былай міне, менің қолымда «Соса-соla» бар. Мен оған ұйықтататын дәрі қосып беремін. Аяз ата ұйықтап қалғанда, біз Ақшақарды ұрлап кетеміз.

Мыстан кемпір: Ия, біз солай істейміз. Кеттік, Аяз атаны күтіп алайық.


Осы кезде бәрі залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Көңілді бүгін бәрімізге, себебі келді жаңа жыл!

Сәлем саған шыршамыз!

Сәлем саған жаңа жыл!

Бастаймыз біз бәріміз

Қызық ойын думанды!

Би «Кукарелла »

Жүргізуші: Тұрады екен орманда

Ақсақалды бір Ата

Ішпейді екен ешқашан

Ыстық шайды қызарған

Кім болад(ы) екен бұл Ата?

Балалар: Аяз ата

Жүргізуші: Ендеше балалар, Аяз атаны ортамызға шақырайық!

Балалар: Аяз ата! Аяз ата!

Ортаға Аяз ата кіріп келеді

Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым,

Амансыңдар ма, қыздарым.

Қандай көркем қырларың,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым.

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Жүргізуші: Амансың ба, Аяз ата. Біздің балалар өзіңізді асыға күтті. Сізге тақпақ та, әнде дайындап қойды.

Аяз ата: Тыңдап көрейін.


Тақпақтар:

1.Сандыбаев


Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аязата оралып.

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып,

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

2. Ернар

Әлде қарлы, боранда.

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,

Ақ тон киіп үстіне.

Қанша заман өткенімен.

Ескірмейтін асыл шырша.

Алатаудың көктемімен.

Доссың ғой сен асыл шырша.

3. Ислам

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып,

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

4. Әділет

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған

Келді әсем шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған.

5. Ералы

Жаңа жыл келді.

Бақыт пен ырыс әкелсін.

Аралап елді.

Қуаныш, шаттық тілесін.

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттансын жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

6. Кирилл

Бізбен бүгін ойнайды,

Жаңа жылды тойлайды.

Барлық бала бақытты,

Болса екен деп ойлайды.

7. Бекбаев

Ел құрметтеп көп күткен,

Келді Аяз – атамыз.

Келіңдер, кел достар.

Қазір ән саламыз.


«Сәламат па, Аяз ата» әні орындалады


Жүргізуші: Аяз ата, біздің шыршаның шамдары әлі жағылған жоқ.

Аяз ата: Шырша шамын жағайық. Шырша тойын бастайық. Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!


Аяз ата таяғын шыршаға тигізеді, шамдары жанады.

«Жасыл шырша жанында» әні орындалады


Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар, қандай жарқын жүздерің, көңілді екен

әндерің.

Осы кезде мыстан кемпір мен қарақшылар кіріп келеді.

1 қарақшы: Аяз ата шөлдеп қалған жоқсыз ба? Міне, біздің сусынымыздан татып көріңіз. Шөліңізді қолмен су сепкендей басады.

Аяз ата: Ол не сусын?

2 қарақшы: Ол «Соса-соla» деп аталады. Оны білмейтіндер түсінбейді.

Аяз ата: Жарайды, онда мен сусындарыңнан бір ұрттап, шөлімді басайын (ішеді). Ой, көзімнің жабылып... ауырғаны... Ұйықтап барамын.

Аяз ата шыршаның жанында тұрған орындыққа отырып ұйықтап қалады.

Қарақшылар мен мыстан кемпір: Ұйықтаттық! Біз Аяз атаны ұйықтаттық! Ха-ха-ха!

Қарақшылар әндетіп, шыршаның артына кетіп қалады.

Осы кезде Ақшақар кіріп келеді.


Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, достарым! Міне мен де келіп жеттім. Жаңа жылмен құттықтаймын! Ой, Атамызға не болып қалған? Ол ұйықтап жатыр ма?


Шыршаның артынан қарақшылар мен мыстан кемпір шығып


1 қарақшы: Ол ұйықтап жатыр, оған кедергі жасаудың керегі жоқ! Кеттік бізбен бірге. Сен енді біздің торымызға түстің. Біз сені Аяз атаның сыйлығына

айырбастаймыз!

Ақшақар: Олай істеуге бола ма, екен? Менсіз шырша тойы болмайды ғой!

Мыстан кемпір: Мереке сенсіз болмай қалар деп ойлайсың ба? Болады, тек ол тойда Ақшақар мен боламын. (қарақшыларға қарап) Кәне, оны

орманға апарыңдар, ал мен киініп келейін.


Қарақшы шыршаның артына барып Ақшақардың киіміне киінеді. Аяз ата оянады.

Аяз ата: Мен не бүлдірдім? Ұйықтап қалыппын, маған мерекені жалғастыру керек. Ақшақар қайда? Ол әлі келген жоқ па?


Ақшақардың киімін киіп мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Аяз ата, мен осындамын ғой! Кешір, кешіккеніме. Боянып біраз уақытты өткізіп алыппын.

Аяз ата: Балалар, қараңдаршы бұл менің Ақшақар қызым ба?

Мыстан кемпір: Сенің сенің Ақшақарыңмын. Не қол-аяғым дұрыс емес пе?

Аяз ата: Біз қазір тексереміз, нағыз Ақшақарсың ба, әлде... бізге айтшы сен кешкілік не істегенді ұнатасың?

Мыстан кемпір: Мен қарт ойнағанды ұнатамын!

Аяз ата: Ә, жоқ, нағыз Ақшақар маған кешкілік ертегі оқығанды ұнатады.

Мыстан кемпір: Мен де ұнатамын. Қарақшылар туралы ертегіні күнде кешке оқып беремін. Ол сенің есіңде жоқ, себебі сен ұйықтап қаласың!

Аяз ата: Ал менің Ақшақарым қандай биді ұнатады? Билеп көрсең қалай болады?

Мыстан кемпір: Неге билемеске? Билеймін. Сені қазір мен қуантамын. Мен бұл биге досымды да шақырып қойғанмын. Ол осы қаланың жұлдызы

(2 қарақшы шығады). Кәне байқап қара (үшеуі билейді)

Аяз ата: Ә, жоқ! Менің Ақшақарым бұлай билемейді.

Мыстан кемпір: Енді осылай билейтін болар, себебі ол би ескеріп қалған. Ондай билер модада емес.

Аяз ата: Мен бірденені сезіп тұрғандаймын... сендер менің Ақшақарымды ұрлап алып кеттіңдер ме? Қайда оны сендер алып кеттіңдер?

Мыстан кемпір мен қарақшылар: Біз оны көрген жоқпыз.

Мыстан кемпір: Әрдайым сыпайы болудан қажыдым. Кетейік, немере қызың Ақшақарды көрмейсің

Мыстан кемпір мен қарақшылар кетіп қалады.

Аяз ата: Құрметті менің достарым! Мен Ақшақарды іздеп жүрмін. Сендер оны көрдіңдер ме?

Балалар: Жоқ

Аяз ата: Қызымды іздеп шаршадым. Шыршаның жанында отырып дем алайын.

Жүргізуші: Дем алыңыз, Аяз ата. Балалар Сізге тақпақтарын оқып берсін.


Тақпақтар

1. Адильжан

Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.

2. Мерей

Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт жаңа жыр

әке ана әке ана

құтты болсын жаңа жыл

3. Тенизбаев

Қырлары жапты күміс қар

Далада жаңа тыныс бар

Бұталар жалт жұлт етеді.

Кәдімгі мөлдір хрусталь

Ғалымжанова

Исмагулов Санжар

Жақсы Жаңа жыл келді

Асқар таумен тұлғалас

Біз осылай жылда енді,

Жоғарылайық бір жас.

Оқ атпасын ешкімде,

Өмір деген тым ыстық

Жұмыр жердің үстінде,

Бұзылмасын тыныштық!

Асель

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жанашыр.

Құтты болсын, Жаңа жыл.

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Настя

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Жүргізуші: Тек қана тақпақтар оқымай, әнде айтып берейік.


«Қыс қызығы» әні орындалады


Жүргізуші: Аяз ата, қараңыз мұнда Сізге мыстан кемпір мен қарақшылардан

хабарлама келіпті.

Аяз ата хатты алып оқиды.


Аяз ата: Саған Ақшақар немерең керек болса, сыйлықтарыңды дайындап қой!

Біз келіп алып кетеміз. Не деген жауыздық десеңдерші! Оларға сыйлық керек! Мен бірдеңе ойлап тапқан сияқтымын...сендерге сыйлық болады!

Менің Ақшақарымды ұрлағанды көрсетемін оларға!


Аяз ата шыршаның артына кетіп қалады. Қапты алып, қапқа 2 кәмпитті салады. Бір кәмпитке пима оралған, ал екіншісіне... Аяз ата шыға келгенде алдарынан қарақшылар кездеседі.

(жандарында Ақшақар бар)


1 қарақшы: Не болды Аяз ата, сыйлықтарың дайын ба?

Аяз ата: Әрине дайындап қойдым, міне алыңдар. Ақшақарсыз тойымыз болмайды.

Мыстан кемпір: Әкел, әкел сыйлықты

2 қарақшы: Иә, Ақшақарыңды ала бер!


Қарақшылар кетіп қалады.


Ақшақар: Балалар, сендермен бірге болған қандай жақсы. Аяз атамен мерекені қарсы алғанда жақсы. Аяз ата сіз бізге ойын бастап, баларды ойынға шақырмаймыз ба?

Жүргізуші: Аяз ата сіз шаңғы тебуді білесіз бе

Аяз ата: Әрине! Қазір барлығымыз ойнаймыз


Ойын «Шаңғы тебу»


Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық! Шырша тойын бастайық! Көрермендер қуансын. Би билеген жақсы ғой, баршамыз қол Соғайық!


«Чунга-чанга» биі орындалады.


Аяз ата: Жарайсыңдар достарым, Қызықты болды билерің

Жүргізуші: Ортаға шығып балалар,

Айтып берер Атаға

Тақпақтарын тағы да

Тақпақтар

Керимкул

Жасыл шырша жанында

Ән салып, билеп ойнаймыз.

Қаhарлы аяз болса да

Жаңа жылды тойлаймыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл, жаңа жыл.

Данель

Ал, балалар тұрмайық,

Би билейік ойнайық.

Аяз ата қуансын,

Дөңгелене зырлайық.

Сеитжан

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдым,

Бір жасқа енді.

Мурат

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы, арманы

Жақсы дәстүр көбейсін!

Шалтаев

Жадыра

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе.

Асқар тау қарлы щың.

Марлен

Мұздан моншақ тағылып,

Күміс қырау жамылып,

Ортада тұр Ақшақар!

Көптен күткен сағынып.

Ақшақар: Тамаша екен әндерің. Ырза болдым мен бүгін. Өнерлерің таңқалдырды баршаны.

Ойын ойнап балалар

Шаттанайық тағы да

Шығар кім бар ортаға?


Ойын Сайықмазақты киіндіру


Ойын өтіп болған кезде мыстан кемпір мен қарақшылар кіріп келеді де, манағы қаптың аузын ашып сыйлықтарын алыр көре бастайды.


Қарақшы: (қапты құшақтап) Қабымыз қандай үлкен өзі, ондағы кәмпиттер үлкен, әрі көп болуы тиіс!

Мыстан кемпір: Кешіктірмей қаптың аузын тезірек ашсаңшы. Кәмпитті жегім келіп тұрғаны

2 - і қарақшы: Қара, қандай үлкен кәмпит? Қалай аталады өзі? «Алтын әтеш» кәне аузын ашып қарайын

Кәмпитті ашып қарағанда, ішінен пима шығады.

1 қарақшы: Бұл не өзі?(тістеп көреді), бұл кәмпит емес! Аяз ата бізді алдап кетті.

Аяз ата: Ал сендер қалай ойладыңдар? Мен сендер сияқты жалқауларға сыйлықты жай береді деп ойладыңдар ма? Жоқ, мен жалқауларға ештеңе бермеймін.

Мыстан кемпір: Онда Аяз ата біз балалармен бірге қосылып ән салып берсек, сен бізге кәмпит бересің бе?

Аяз ата: Әрине беремін, бірақ алдымен өнерлеріңді көрсетіңдер!

Мыстан кемпір мен қарақшылар балалармен бірге ойын ойнайды

Жүргізуші: кане мыстан кемпір, қарақшылар балалармен бірге ойын ойнап көріндер.

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге бұл әндерің үшін мен кәмпит беремін.


Ақшақар: Аяз ата, балалардың сыйлығын таратайық!


Аяз ата: Жарайды қызым


Мыстан және қарақшылар: Бізде көмектесейік( таратуға көмектеседі)


Аяз ата: Құтты болсын тойларың

Оңды болсын ойларың

Жаңа жылда жаңа күн

Жаңа бақыт, жаңа нұр, балалар!

Қош сау болыңдар!!!

«Жаңа жыл» әні орындалады(соңында конфетти)
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жа?а ба?ыт, жа?а жыр" атты ерте?гілікті? сценариі

Автор: Есекенова Батагоз Амамбаевна

Дата: 26.01.2016

Номер свидетельства: 283381

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) ""Жа?а жыл - жа?а ба?ыт" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий ересектер тобы"
    ["seo_title"] => string(72) "zhanazhylzhanabakytiertienghilighiniearnalganstsienariiieriesiektiertoby"
    ["file_id"] => string(6) "289773"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454858615"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Ертегілер елінде" жа?а жылды? сценарий "
    ["seo_title"] => string(48) "iertieghilier-ielindie-zhan-a-zhyldyk-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "207793"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430653036"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "бастауыш сынып ?стаздары арасында ?ткен сайыс сценариі "
    ["seo_title"] => string(59) "bastauysh-synyp-u-stazdary-arasynda-otkien-saiys-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "186439"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426344987"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Сценарий утренника на 8 марта "Ана -?мір шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(41) "stsienariiutriennikana8martaanaomirshuagy"
    ["file_id"] => string(6) "313695"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459523449"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства