kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жыл - жаңа жыр" атты мерекелік ертеңгіліктің сценарийі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жана жыл мерекесіне арналган ертенгіліктің сценрийі. Балабақша тәрибиешілерімен музыка жетекшілеріне қажетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл - жаңа жыр" атты мерекелік ертеңгіліктің сценарийі.»

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ата – аналар, қонақтар және әріптестер Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Өкпе жоқ ескі жылға денсаулықпен,
Жеткізген жаңа жылға аман-есен.
Ескі жыл алып қал! - деп ауырлықты,
Тілейік жаңа жылдан жақсылықты.    
Жаңа жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен бірінші боп денсаулықты.
Содан соң бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз жақсы іс пен сәттілікті.

Құрметті ата – аналар, қонақтар және әріптестер Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Енді мерекеге келген балдырғандарды қошеметтеп қарсы алайық.

(«Қош келдің жаңа жыл!» әніне қолдарында жылтырауықтары бар қыздар билеп кіреді, сосын ұлдар билеп залға келіп орындарына отырады)

Жүргізуші: Ой балалар, тыңдаңдаршы! Бізге алыстан қонақ келе жатқанға ұқсайды. (қолын құлағына қойып, тыңдағандай болып) бұғылардың тұяғының дүбірі мен қоңыраудың сыңғырлаған дыбысы естілетіндей. Сендер естіп тұрсыңдар ма?

Осы кезде музыка әуенімен бұғылармен зал ортасына Ақшақар келіп кіреді.

Ақшақар:

Аппақ қардан жаралдым,

Ақ сәулеге орандым.

Араға бір жыл салып,

Мен сендерге оралдым.

Жүргізуші: Ой, амансың ба Ақшақар қыз!

Ақшақар: Сәлеметсіз бе, тәрбиеші апай? Сәлеметсіңдер ме балалар? Сәлеметсіздер ме қонақтар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Той – тойға ұлассын. Балалар, мерекелік көңіл - күйлерің қалай?

Жүргізуші: Рақмет, Ақшақар. Мерекелік көңіл күйіміз өте жақсы. Біз де мерекені қарсы алуға, шыршаға келдік. Ендеше, мерекені бірге қарсы алайық.

Жүргізуші: Ой, Ақшақар қыз, сен неге жалғызсың? Аяз ата қайда?

Ақшақар: Балалар, Аяз ата әдетінше кешігіп келеді. Ол сендерге сыйлық алып, асықпай келер. Ал, біз оны күтпей мерекені тойлай берейік.

Жүргізші: Ақшақар қыз, қарашы шырша шамдары да жанбаған. Енді қалай мерекені тойлаймыз.

Ақшақар:

Жылға шашу шашайық,

Тойлап көңіл ашайық,

Тұрып шеңбер құрайық,

Шырша шамын жағайық!

Жүргізуші: Қане, балалар орнымыздан тұрып, қол ұстасып шыршаны айнала дөңгеленіп тұрайық.

(Балалар шеңберге тұрады.)

Ақшақар: Қолына сиқырлы таяқшаны алып сиқырлы сөзді айтады.

«Шырша, шырша, шыршамыз,

Өтінеміз бәріміз-

Шамдарыңды жарқырат,

Жұрттың бәрін таңырқат!», шырша шамдары жанбайды. Ой, балалар сиқырлы сөзді бірге айтайық. Мүмкін сол кезде шырша жанады.

2-ші рет айтқанда шыршаның шамдары жанады, фанфар ойналады.

Жүргізуші: Алақай, бәрекелді шырша шамдары жарқырап жайнай түсті. Рақмет саған Ақшақар қыз.

Керемет! Тамаша! Алақай!

Арайланды шыршамыз,

Қол ұстасып, дөңгелене

Ән шырқайық баршамыз. Енді әдемі шыршамызға арнап жаттаған әнімізді орындап берейік.

Ән «Хош иісті шыршамыз»

Ақшақар: Ой, қандай керемет ән жарайсыңдар балақайлар. Ал, енді сендер шырша туралы, жаңа жыл туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Жүргізуші:

Әрине, біледі. Қазір оған өзіңіз куә боласыз. Қане, ендеше балақайларымыздың жаңа жыл мерекесіне және шыршаға арнап жаттаған тақпақтарын тарту етеміз. Қабыл алыңыздар. Тақпақтар

Ақшақар: Ой, тамаша тақпақтарыды жақсы айттыңдар. Енді серігіп бір ойын ойнайық. Ойын мергенділікті қажет етеді. Өте қызықты.

Ойын: «Мергендер»

Шарты: Балалар бес - бестен Ақшақар және жүргізушілер тобы болып екіге бөлінеді. Ойыншыларға екі - екіден қарлар беріледі. Ақшақар мен жүргізушілер залдың жоғары жағында тұрады. Балалар оларға қарсы тұрады. Ақшақар мен жүргізушінің қолдарына шелек беріледі. 1-2-3 ойын басталды деген белгі берілген кезде, балалар көздей отырып өз тобының шелегіне қарды лақтыру керек. Қай топтың шелегінде қар көп жиналса сол топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Ақшақар ойыныңыз өте қызықты болды. Біздің балаларға ұнады. Рақмет сізге.

Ақшақар: Ойынды сендер үйренсін деп алып келдім. Ой, балалар, қараңдаршы мына жерде сондай үлкен, әдемі қорап тұр ғой,- деп қорапты айнала қарайды. Бұл қорап бұл жерде неге тұр. Ішінен бір дыбыс шығатын сияқты ғой.

Жүргізуші: Бұл қорап біз келгенде тұрған. Мүмкін аяз ата тосын сый жасап сыйлықтарды осы қорапқа салып кеткен болар. Қане, ашып көрейік, - деп қорапты ашқан кезде конфети шашылып, қораптың ішінен қолын бұлғап, музыка әуенімен Доңыз жылы шығады.

Ақшақар: Балалар, бұл биылғы келетін Доңыз жылымыз ғой. Олай болса ит жылын жақсылықпен шығарып салып, доңыз жылын қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.- деп доңызды жүргізуші мен Ақшақар жетектеп ортаға алып келеді.

Жүргізуші:              

Жаңа жыл да келді міне!

Кең байтақ менің жеріме.

Шаттыққа бөлеп  әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

Доңыз:  Армысыздар, бармысыздар жиналған қауым! Сәлеметсіңдер ме балақайлар? 

Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сендерді мерекемен

Құттықтауға келіп тұрмын.

Жүргізуші:

Ар бол жаңа жыл!

Бар бол, жаңа жыл

Қадамың құтты болсын Жаңа жыл

Бейбітшілік жылы бол Жаңа жыл

Құт береке жылы бол Жаңы жыл

Қош келдің тағы да жаңа жыл! Төрімізден орын ал. Енді жыл бойы біз сізбен бірге боламыз. Келген доңыз жылы қадамыңа нұр бітсін.

Доңыз: Ұлдар, қыздар мен сендермен танысқым келеді? Сендердің есімдерің кім?

Балалар кезек- кезек аттарын айтып танысады.

Доңыз: Ой, балалар бұлай танысу жарамайды. Мен сендердің есімдеріңді есімде сақтай алмайтын сияқтымын. Сендер көпсіңдер ғой. Қазір мен 1-2-3 деп айтамын ал сендер барлығың бірге бір уақытта есімдеріңді айтуларың керек. Келістік қой? Дайынбыз ба?

Балалар: Барлығы бірге бір уақытта аттарын айтады.

Доңыз: Ой, бәрекелді, жарайсыңдар! Танысқаныма өте қуаныштымын. Ой, Ақшақар қыз Аяз ата қайда? Ол әлі келмеген бе? Қане, олай болса ортамызға Аяз атаны шақырамаймыз ба?

Ақшақар: Ол кешігіп жатыр. Қатты боран соғып, жолды қалың қар жауып, бізді таба алмай жүрген шығар. Қане, Аяз атаға қоңырау шалып көрейін, - деп қоңырау шалады.

( Бұл телефон байланыс аясынан тыс жерде немесе оның ұялы телефоны сөндірулі. Өтінемін кейінірек хабарласыңыз)

Ақшақар: Ой, Аяз ата байланыс аясынан тыс жерде дейді. Енді қайттік. Адасып кетпесе жарады.

Жүргізуші: Аяз ата мүмкін біздің дауысымызды естіп келер. Қане, Аяз ата кел, - деп дауыстап шақырайықшы.

Барлығы: Аяз ата кел,- деп шақырады.

Доңыз: Ой, Аяз ата естімеген сияқты. Ол алыста болар. Бір пәлеге ұшырап қалмаса болды? Ақшақар мүмкін тағы да хабарласып көресің?

Ақшақар: Қайтадан қоңырау шалады. О, алақай Аяз ата байланыста. Алло, Алло Аяз ата? Естіліп тұр ма? Бәрі жақсы ма? Қайдасыз? Біз сізді асыға күтудеміз. Қашан келесіз?

Аяз ата: Алло, алло ия қызым, естіліп тұр. Не болды? Мен әлі ормандамын. Мені күтпей мерекені тойлай беріңдер. Мен әзір келмеймін. Ой, айналайын қызым мен пимамның бір сыңарын жоғалтып алғанмын, тауып алған соң бірақ барам. Алло, аллооу, естілмейді.

Осылайша телефон сөніп қалады.

Доңыз: Аяз ата не дейді? Пимасын жоғалтып алғаны қалай? Мүмкін емес?

Ақшақар: Шынымен де бұл қалай болғаны? Аяз ата пимасын қалай жоғалтып алуы мүмкін. Бәрі де түсінікті болды, Аяз ата қартайыпты. Мен жанында болуым керек еді. Мен сыйлықтарды дайындап алып барғанша, сен балақайлардың көңілін көтеріп, жандарында бол деген соң ертерек келіп едім. Атаны күтіп, бірге келуім керек еді. Енді не істейміз? – деп уайымдайды.

Доңыз: Ақшақар қыз, болды уайымда ма? Сен мына балақайлардың жанында болып мерекені тойлай бер. Ал, мен болсам орманға барып Аяз атаның пимасын іздеп келейін, - деп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Доңыз сен дұрыс айтасың. Сенің бізге көмегің қажет. Бірақ жолда абай бол! Жолың болсын!- деп шығарып салады.

Ақшақар: Ой, балалар Аяз ата келгенше мерекені әрі қарай тойлайық.

Жүргізуші:

Ал, балалар, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық

Ән: «Қыс келді» қазақ, орыс тілдеріндегі тамаша әнді тарту етеміз. Қабыл алыңыздар.

Ақшақар: Әнді керемет орындадыңдар. Жарайсыңдар! Ой, тәрбиеші апай мына жерде испан елінен келген қонақтар да отыр ғой. Олардың да өнері бар шығар.

Жүргізуші: Әрине, олар өте өнерлі халық. Биді өте керемет билейді. Ендеше испан қыздарының өнеріне тәнті болайық. Қане, испан қыздары өнерлеріңді көрсетіңдер.

Би: «Испан би»

Жүргізуші: Қане, испан елінен келген қыздарға қол соғып, қошеметімізді білдірейік. Ақшақар балаларға әкелген қандай қызықты ойыныңыз бар?

Ақшақар: Мен өзімнің білгенімді мына балақайларға үйретуге әрқашанда дайынмын. Ойын өте қызықты. Ойын жарыс түрінде өтеді. Ойын ойнаймыз ба?

Балалардың жауабы:

Ойын: «Қарды домалақтай білесің бе?» деп аталады. Ендеше ойынның шартымен таныстырайын.

Шарты: Ойынға алты – алтыдан екі топ қатысады. Ойынға қатысушылар себеттің ішінде тұрған бір бет қағазды умаждай отырып, домалақтап қар жасап жоғары жақта тұрған шығыршықтың ішіне дәлдеп отырып, лақтырулары керек. Қай топ қағазды әдемі етеп домалақтап, әрі шығыршыққа көздей отырып көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: Ойын өте қызықты болды. Рақмет Ақшақар.

Ой, балалар Аяз ата келе жатқанға ұқсайды.
Музыка әуенімен зал ортасына билеп Жалмауыз кемпір мен Орман перісі келіп кіреді. Орман перісінің қолында пима бар.

Жалмауыз кемпір: Ой, ой тоқта құрбым бізді мына аяқтарымыз қайда алып келді? Таңдана қарап; Мында қара? Пай- пай мына жерде қанша ма ұлдар мен қыздар отыр ғой. Өздері сондай сұлу, әдемі. Мына мен сиқты. Қане, құрбым мейірімді бола қалып амандасайық. Бұлар мейірімділікті жақсы көреді. Сәлеметсіңдер ме ұлдар? Сәлеметсіңдер ме қыздар?

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Сіздер кімсіздер, қайдан келдіңіздер? Біздің мерекеміздің шырқын бұзуға келмеген боларсыздар? Біз Аяз атаны тосып отырған едік. Мынау өзі жалмауыз кемпір ғой. Сенбей тұрмын жалмауыз соншалықты мейірімді болып кеткеніне.

Жалмауыз: Мені таныған сияқтысыңдар? Мен сондай көрікті, мейірімді, адал Жалмауыз деген апаларың боламын. Ал мынау, қасымдағы: неге тұрсың таныстырсаңшы өзіңді.

Орман перісі: Ал, мен Орман перісі боламын. Мен қатыгез емес, өте ақ көңілмін. Мені қояндар өте жақсы көреді. Мен ешкімді ренжітпеймін.

Жалмауыз кемпір: Өзіңді көп мақтап жіберген сияқтысың құрбым. Айтпақшы балалар сендер пима жоғалтып алған жоқсыңдар ма?

Балалардың жауабы: Пиманы Аяз ата жоғалтып алды.

Жалмауыз кемпір: Аааа, шын айтасыңдар ма? Аяз ата пимасын жоғалтып алды ма? Біз мына пиманы жолдан тауып алдық. Ендеше тездетіп Аяз атаға пимасын берейік. Пиманы бермес бұрын біз сендерге бір құпиямызды ашайық. Сендер білесіңдер ме, Аяз атаның пимасын кім тығып қойғанын?

Ақшақар: Жоқ, ол кім болды екен?
Жалмауыз: Ол Доңыз. Ол пиманы ешкім тауып алмасын, - деп шөптің астына жасырып қойыпты.

Жүргізуші: Олай болуы мүмкін емес. Айтып тұрған өтіріктерің шындыққа жанаспайды. Біз сендерге сенбейміз.

Орман перісі: (жалмауыздың сөзін бөліп) Иә, дұрыс айтасың мен де сенбеймін. Қыста қайдағы шөп? Қыста қандай шөптің астына жасыруы мүмкін? Қар десең сенер еді.

Жалмауыз:(орман перісін шетке қарай алып барып) Әй, сенің айтып тұрғаның не? Мыналар сеніп қалсын десем. Сен мені ұстап беріп тұрсың ғой. Өтірік айтып, доңызды уысымызға түсіреміз бе десем.

Жүргізуші: Сонда немене доңыз қу болып, бізді алдағаны ма? Мейрамның шырқын бұзғысы келген ғой.

Орман перісі: ия, доңыздың жаман ойы іске аспады. Доңызды қайтеміз, оны биылғы жылы келтірмей, қуып жіберейік.

Жалмауыз: Иә, дұрыс айтасың құрбым. Оны қуып жіберсек қуып жіберейікте. Биылғы жылды Жалмауыз жылы деп, мына мені сайлайық.

Орман перісі: Жоқ, құрбым мүмкін биылғы жыл мына менің жылым Орман перісінің жылы болса қалай болады? Келісесіңдер ме менімен?

Жүргізуші: Жоқ бізге тек доңыз жылы ғана керек. Айтып тұрғандарың не?

Жалмауыз: (тыңдағандай болып) Қане, көп сөзді қойыңдар да, тынышталыңдар! Біреу келе жатқанға ұқсайды. Мына менің иіс сезгіш мұрыным соны сізіп тұр. Менің қарыным шұрқырай түсті, өзі сондай тәтті сияқты. Қане, ол кім екен?- деп жан – жағынан іздейді.

Музыка әуенімен көңілді доңыз келіп кіреді.

Доңыз: Балалар, пиманы іздемеген жерім жоқ. Таба алмадым. Үйшіктің жанынан тек іздер мен мына сыпырғышты тауып алдым. Мына сыпырғышты біреу ұмытып кеткенге ұқсайды.

Жалмауыз: Ой, ой мына доңыздың тәттісін –ай? Өзі сондай сүйкімді екен. Қарыным бір тоятын болды ғой. Қолыма түстің бе бәлем, - деп доңызды ұстап алмақшы болады.

Орман перісі: Әй, құрбым қоя тұршы. Мына доңыздың айтып тұрған сыпырғышы сенің сыпырғышыңа ұқсайды екен. Сенікі емес пе қарашы?

Жалмауыз: Ия, ия мынау менің сыпырғышым ғой, қане әкел бері. Қайдан алдың сыпырғышымды. Қазір сені осы сыпырғышқа отырғызып алып, өзіммен бірге алып кететін боламын. Дайын бол доңыз.

Доңыз: Айтып тұрғаның не? Мен ешқайда да кетпеймін. Жалмауыз бәрі де түсінікті болды. Бұл істеген істерің қалай? Неге, не мақсатпен Аяз атаның пимасын алып алдыңдар?

Ақшақар: Иә, Доңыз дұрыс айтасың? Неге бұлай істедіңдер? Қандай жаман ойларың бар? Қане, аташымның пимасын қайтарыңдар? Әйтпесе, жаман болады?

Орман перісі: Біз енді пиманы қайтармаймыз. (Қарқылдап күліп:) Аяз аталарыңды да жібермейміз. Жаңа жылды Аяз атасыз қарсы алатын болдыңдар. Сыйлықтарды та алмайсыңдар, - деп екеуі пиманы алып, шыршаның артына барып тығылып қалады.

Ақшақар: (жылап) Енді не істейміз? Аяз атаны қалай құтқарамыз?

Жүргізуші: Мен не істеу керектігін білемін. Қане, әлди әнін айтып мына Жалмауыз бен Орман перісін ұйықтатып тастайық та, пиманы алып алайық. Әйтпесе, олар доңызды да алып кетер.

Ақшақар: Қане, ендеше тездетіп әнді орындайық.

Әлди, әлди, әлди – ай,

Әлди әнге салайық – ай.

Әлди әнді біз айтсақ

Ұйықтап олар қалады – ай.

Әлди, әлди, әлди – ай,

Әлди, әлди, әлди – ай.

Жүргізуші: Міне, балалар айтқанымдай қонақтарымызды да тәтті ұйықтап қалды. Өздері қатты шаршаған көрінеді.

Доңыз: Жарайсыңдар балалар! Қане, енді неге тұрмыз тездетіп пиманы алайық.

(Пиманы алып алған кезде олар оянып айқайлай жөнеледі)
Жалмауыз: Көмектесіңдер! Құтқарыңдар! Кім бар? Не қарап отырсыңдар? – деп ата – аналардан көмек сұрайды. Бізді тонап жатыр а –а – деп отыра қалып жылайды.

Жүргізуші: Жандарыңның барында біздің пимамызды қайтарыңдар. Онсызда мерекеміздің шырқын бұздыңдар. Аяз атаның пимасын ұрлап қана қоймай, мына доңызды жеп қоя жаздадыңдар. Болды, жетер.

Орман перісі: Пиманы қайтармаймыз.

Ақшақар: Қане, мына жерден өз еріктеріңмен кететін болыңдар. Егер де кетпейтін болсаңдар, мына қолымдағы сиқырлы таяқпен сиқырлап ,екеуіңді құрбақаға айналдырамын.

Жалмауыз: Олай істей көрмеңдер. Ақшақар айтып тұрғаның не? Неліктен біз осындай қатыгез, жауыз болды дейсіңдер. Оған мына өздерің кінәлісіңдер. Бізді Аяз аталарың мен мына ақшақарларыңды күткендей күтіп, конақ қылмайсыңдар.

Орман перісі: Ой, жалмауыз айтып тұрғаның не? Қане, мына жерден тайып тұрайық, әйтпесе құрбақаға айналамыз. Қане, құрбым тездетейік. Сыпырғышыңды ал, отырып алып жоқ болып кетейік. Жаңа жылды әдетінше өзіміз қарсы алатын боламыз.

Жалмауыз: Ал, мына менің доңызым қайда қалды. Жаңа жылда бір тоятын болдым десем. Арманым орындалмады ғой, -деп екеуі сыпырғышқа отырып алып, айқайлап шығып кетеді.

Ақшақар: Міне, екеуі де қорыққандарынан шошып кетіп қалды. Жақсы болды. Аяз атаның пимасы да өзімізде қалды. Доңыз да аман – есен жанымызда.

Жүргізуші: Жарайсың, Ақшақар бізді қатыгез жауыздардан қорғадың. Доңыз: Рақмет саған Ақшақар. Ой, балалар сендермен уақытты қызықты өткіздім. Мені құшақ жая қарсы алғындарың үшін алғысымды білдіремін. Ал, менің де басқа балабақша балаларына баратын кезім келді. Бір жыл бойы өздеріңмен бірге боламын.

Жүргіуші:

Жаңа жыл бірлік, береке берсін елімізге,
Береке ырыс келсін жерімізге.
Доңыз жылын кең пейілмен қарсы алдық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге, доңыз жылы елімізге жайлы жыл болсын!, - деп тілегімді білдіріп, доңыз жылын шығарып салайық.

(Музыка әуенімен қолын бұлғап доңыз шығып кетеді де, бұғылармен ортаға Аяз ата келеді).

Ақшақар: Тыңдаңдаршы, тыңдаңдаршы балалар Аяз ата келе жатқанға ұқсайды. Қане, қол соғып қарсы алайық.

Аяз ата:

Сәлеметсіңдер ме, бөбектерім,қызықтарым!

Сәлеметсіңдер ме момын, ерке, бұзықтарым!

Амансыздар ма қымбатты қонақтарым!

Жаңа Жыл мерекелерің құтты болсын! Өздеріңді көріп қуанып тұрмын. Сағынып қалыппын сендерді. Ой, айналайындарым өздерің өсіп қалыпсыңдар.

Жүргізуші: Қош келдіңіз аяз ата! Төрлетіңіз! Өзіңізбен ортамыз толсын.

Ақшақар: Ой, аташым бәрі жақсы ма? Өзіңізді көріп біз де қуанып тұрмыз. Қаншама қиындықтарға тап болдыңыз. Міне, пимаңыз. Пимаңызды Жалмауыз бен Орман перісі тауып алыпты.

Аяз ата: Олар бұл жерде болды ма? Қатыгездерден қалай пиманы алдыңдар? Рақмет қызым, пимамды тауып бергендеріңе.

Ақшақар: Оған мына балақайлар көмектесті. Олар әлди әнін айтып ұйықтатып тастады. Біз сол кезде пиманы алып үлгердік. Ол сіздің пимаңызды алып қана қоймай, доңызды да жеп қоя жаздады. Сіз бір пәлеге ұшырап қалмасын деп қорқытып сиқырлаймын деп едім қашып кетті.

Аяз ата: Бәрекелді, ерлік жасапсыңдар. Жарайсыңдар! Рақмет сендерге.

Жүргізуші: Ата балалардың өзіңізге арнап жаттаған қазақ және ағылшын тілдеріндегі тамаша әндері бар еді. Соны тарту етеміз. Қабыл алыңыз!

Ән: «Аяз ата»

Жүргізуші: Аяз ата шаршаған боларсыз, демалып отырып, мына балақайларыңыздың өзіңізді сағынып жаттаған тақпақтарын тарту етеміз. Қабыл алыңыз.

Аяз ата: Ой, бәрекелді әндеріңді де тақпақтарыңды да жақсы айттыңдар. Жарайсыңдар балалар! Ал, енді менің көңілімді көтеріп әдемі биден шашу шашыңдар.

Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар өте өнерлі. Олар циркте өнер көрсетеді. Сондықтан да балалардың өнерін би арқылы тамашалаңыздар.

Би: «Көңілді цирк көрсетушілері»

Аяз Ата: Ойын: «Сиқырлы қолғап» деп аталады.

Қазір мен оны тексерейін. Ойынымыз жәй емес,сиқырлы. Балалар, осы сендердің қолбақтарың жүгіре ала ма? (балалардың жауабы) Ал менің қолғабым жүгіреді. Көресіңдер ме?! Қане, ойынға төрт бала келсін. Қазір менің қолбағым сендерден қашады. Ал, сендер, қолғапты ұстап алуларың керек. Қане, ендеше ойынды бастайық. Мен қолбақты қоямын (жерге),бұйрықты беремін:

«Балаларға жеткізбе, қолдарына сен түспе! 1, 2, 3!»,-деп жүгіреді.

-Балалар, қараңдар, менің қолғабым өзі жүгіріп бара жатыр. Балалар, қолбақтың артынан жүгіреді. Қолғап ширманың астына кіріп кетеді де.

Аяз ата: Міне, қолғап та ұстатпай қашып кетті. Көрдіңдер ме балалар? Ойын ұнады ма?

Ақшақар: Аяз ата ойын қызықты болды. Рақмет сізге.Айтпақшы, ата сіз сыйлықтар жайлы ұмытып бара жатқан жоқсыз ба?

Аяз ата: Әрине ұмытқан жоқпын. Балалар жаңа жылды сыйлық үшін күтеді. Қазір, қазір сыйлықтарың міне, - деп үйшіктің артынан кішкене қолғапты алып келіп береді.

Жүргізуші: Ой, Аяз ата мына сыйлығыңыз бәріне жетпейді ғой. Қараңызшы, мұнда көп балалар. Ал сіздің қолбағыңыз кішкентай.

Аяз ата: Қазір, қазір қызым оған бола көңілдеріңді түсірме. Мына қолғапты сиқырлап, үлкен қолғапқа айналдырамын.

Кішкетай қолғабым қанекей,

Үлкен болып өсші,

Мына отырған бөбектердің

Қуанғанын көрші.

Осы кезде Аяз ата шыршаның түбінде жатқан үлкен қолғапты алып шығады.

Аяз ата: Міне, қараңдар сиқырымның әсері болды. Кішкене қолғап, үлкен қолғапқа айналды. Міне, сыйлықтарың балалар. Тәрбиеші апай топқа барған соң таратып береді. Ал, қызым біздің де қайтатын уақытымыз келіп жетті. Жолға шығайық.

Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

Ақшақар: Өздеріңмен мейрамды көңілді қарсы алдық. Келесі жылы тағы келерміз.Биылғы жыл тек жақсылықтары толы жыл болсын! Амандықта жүздескенше, сау болыңдар!деп бұғыларымен шығып кетеді.

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! 2019 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Келе жатқан Жаңа жыл отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жаңа жыл - жаңа жыр" атты мерекелік ертеңгіліктің сценарийі.

Автор: Джумагулова Арай Серикболовна

Дата: 04.02.2020

Номер свидетельства: 538432

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?ош келді?, Наурыз" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(35) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "186034"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426266441"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?з наурыз ?ош келді?" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(37) "z-nauryz-k-osh-kieldin-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "185652"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426226870"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(238) "М??алімдер арасында ?ткен ?алалы? спортакиадасыны? салтанатты жабылуына арнал?ан «Шыны?са? шымыр боласы?» атты іс-шараны? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(142) "mu-g-alimdier-arasynda-otkien-k-alalyk-sportakiadasynyn-saltanatty-zhabyluyna-arnalg-an-shynyk-san-shymyr-bolasyn-atty-is-sharanyn-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "174116"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424092085"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "Сценарии праздничного концерта К Дню Независимости Республики Казахстан"
    ["seo_title"] => string(74) "stsienariiprazdnichnoghokontsiertakdniuniezavisimostiriespublikikazakhstan"
    ["file_id"] => string(6) "288781"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454675207"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства