kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік. "Қош келдің, Жаңа жыл!" І кіші топ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бірінші кіші топқа арналған жаңа жыл ертеңгілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік. "Қош келдің, Жаңа жыл!" І кіші топ»



Құтты болсын, Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу арқылы

мерекелік көңіл күй сыйлау. Балаларды жасыл шыршадан шеңбер айналып жүріп еркін би билеп, ән орындауына мүмкіндік жасау.

(Зал әсем безендірілген, балалар музыка әуенімен қаз – қатар паравоз болып, бір бірінен ұстап залға кіреді.)

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балақай» тобында!

(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші: - Балалар шыршаны қараңдаршы қандай әдемі? Бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі, бізге қонаққа Ақшақар мен Аяз Ата және орман аңдары келу керек еді, неге олар кешігіп жатыр екен? Әлде біздерді таба алмай адасып жүрме екен. Жүріңдер балалар олай болса біз оларды орманнан іздеп көрейік? Ал балалар біздер орманға немен барамыз? Қане, ендеше бәріміз пойыз құрып, пойызбен барайык.

(Балалар жүргізушінің артынан пойыз болып, шыршаны бір айналып шығады.

Жүргізуші: - Міне, балалар қараңдар біз орманға келдік анау тұрған кімнің үйі? Өзі аппақ ұлпа қармен жамылған әдемі үй екен, үйдің қасына барып қоңырауын соғайын (Қоңырау соғылды үйдің ішінен Ақшақар шығады)

Ақшақар: - Сәлеметпе, балалар! Сендер орманда қыдырып жүрсіңдер ме?

Жүргізуші: Ақшақар біз сені Жаңа жыл мерекесіне шақыра келдік, сендер келмегесін біздер алаңдап іздеуге жолға шықтық.

Ақшақар: - Ой, балалар рахмет мені шақырғандарыңа. Мен сендермен бірге Жаңа жыл мерекесіне барамын. Ендеше жүріңдер, балалар жолдан басқа да орман аңдарын ала кетейік?

(Бәрі қатар - қатарымен пойыз болып тұрып, шыршаны бір айналып шығады.

Ақшақар: - Балалар міне біз қоянның үйіне келдік. Үйдің жанына барып қоңырауын соғады.

Қоян: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер орманда не іздеп жүрсіңдер?

Жүргізуші: - Қоян біз сені Жаңа жыл мерекесіне шақыра келдік.

Қоян: - Алақай, рахмет сендерге. Менде сендермен Жаңа жыл тойлаймын!

(Қоян қолына ішінде сыйлығы бар үлкен сәбізін бірге алып шығады.)

Бәрі қатар - қатарымен пойыз болып тұрып, шыршаны бір айналып шығады.

Ақшақар: - Балалар міне біз аюдың үйіне келдік. Үйдің жанына барып қоңырауын соғады.

Аю: - Бұл кім, мені тәтті ұйқымнан оятқан. (Көзін уқалап үйінен шығады)


Оу, балалар сендер орманда адасып келесіңдер ме?

Жүргізуші: - Аюжан біз сені Жаңа жыл мерекесіне шақыра келдік.

Аю: - Жақсы балалар олай болса мен сендермен бірге барамын. (Аю қолына ішінде сыйлығы бар бөшкесін бірге ала шығады)

Ақшақар: - Балалар мен түлкінің де үйін білемін, жолдан түлкіні де ала кетейік.

Бәрі қатар - қатарымен пойыз болып тұрып, шыршаны бір айналып шығады.

Ақшақар: - Мынау балалар түлкінің үйі. (Үйдің қасына барып қоңырауын соғады)

Балалар түлкі үйінде жоқ екен.

Енді бізде қарап тұрмайық! Шырша тойын бастайық. ( Деп шыршаны айналып шығады)

(Шыршаның алдында айналып таңырқап түлкі жүреді)

Түлкі: - Ыммм, сендер мені Жаңа жыл мерекесіне шақырмадыңдар! Мен барлығыңа ренжулімін.

Ақшақар. – Түлкі біз сенің үйіңе бардық, бірақ сен үйде болмадың, сосын біз кетіп қалдық.

Түлкі: - Неге мына шыршаларыңның шамдары жанбай тұр? Шырша шамы жанбай тұрып әлде мына көжектерді жеп қойсам ба, екен?

Қоян: - Жоқ, жоқ қу түлкі.

Жүрген жерің шу түлкі.

Сен менің көжектерімді жеме біз оданда сізге тамаша би билеп берейік?

Түлкі: - Жарайды олай болса көрейін билеріңді.

Би: «Көжектер» (Үлкен қоянда бірге билейді)

Жүргізуші: - Түлкіжан біздің ұлдарымыздың биі сізге ұнадыма?

Түлкі: - Мына көжектердің биі ұнады, мен өз ойымды өзгертемін, сендерге жақсылық жасап мына шыршаларыңнын шамын қояндағы сиқырлы таяғымен жағып жіберейін.

Түлкі: - 1,2,3, шырша шамы жана түс, - деп қолындағы сиқырлы таяқшасын сілтеп қалады. Шырша шамы жанады балалар қол соғады.

Жүргізуші: - Балалар біз шыршаға арналған әнімізді орындап берейік.

Ән: «Мерекеге келдік»

Жүргізуші: Сонымен қатар балаларымыздың өлең жолдары бар, тамашалаңыз. Ортаға:

1. Айша

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

2. Айару

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

3.Исмайл

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

4.Маккамадина

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

5.Сезім

Жаңа жылым мол болсын

Баскан қадам он болсын

6.Мадияр

Төрле Төрле Жаңа жыл

Бізге Құтты жыл болсын


7.Раниса

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

8.Назерке

Аяз Ата келгенде

Билейміз, ән саламыз.

Ортаға көңіл – күйі жоқ мұңайып Ақшақар шығады.

Ақшақар: - Балалар менің атам келмей жатыр. Орманда адасып кетті ме екен? Бәріміз бірге дауыстап іздейікші. Мүмкін дауысымызды естіп, бізді тауып алар.

А – У Аяз Ата! (бірнеше рет)

Аяз Ата: Ой, айналайындар! Амансындарма, ұлдарым есенсіңдерме қыздарым. Жаңа жыл құтты болсын! Сендер қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер! Шыршаларың қандай жарқырап тұр!

Аяз ата:

Қуаныштан жүздерің,

Шат күлкіге бөленіп

Аталарың сендерге

Шаршап келді, алыстан.

Отырайын дем алып

Мағанда ән арнаңдар.

Жүргізуші: Аяз ата сіз демалып отырыңыз балалар сізге арнап ән жолдайды.

Ән: «Аяз ата»

(Қыздар ұлпа қарлар биіне киінуге шығады.)

Жүргізуші: - Ортаға өлең жолдарымен бүлдіршіндерді шақырайық.

9.Алихан

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

10.Алия

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

11.Азалия

Ауыл маңы қар аппақ,

Қызықтар көп не түрлі.

12.Азиз

Ақ дәптерді парақтап,

Қыс отырған секілді.

13.Әдемі

Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

14.Ақбаян

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

15.Али

Әкем таңдап әкелді

Ең үлпілдек шыршаны,

16.Алуа

Иісі аңқыған шыршаны,

Жарқыраған шыршаны...



Жұпар иісі аңқыды,

Апамды да мәз қылды!

Түлкі: - Балалар мен де сендердің мерекелеріңе кішігірім сыйым бар.

Би «Микки маустар»

Ойын: «Қар жинау»

Жүргізуші: - Ортаға өлең жолдарымен бүлдіршіндерді шақырайық.

17.Аягуль

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

18.Кәрім

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

19.Дильназ

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

20.Назым

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз

21.Арсен

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды.

22. Сымбат

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

23. Айзере

Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

24. Нұралы

Сақалының ұзыны-ай

Кесіп алсам шіркін-ай!!!

Ақшақар: Ата мына мерекеге менің де сіңлілерім келген екен? Мен қыздармен бірлесіп тамаша би билеп берейін.

Би: «Ұлпақарлар»

(Музыка әуені ойналып, басына 2018 жылдың тәжін киіп қолында сүйреген шанасы бар ортаға Ит келеді)

Ит: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен бірге бір жыл қастарыңда болам, сендерді жетістіктерге жеткізіп, сендердің арман тілектеріңізді орындаймын! Мен сендерге өзімнің сый-сияпатымды ала келдім.

Жүргізуші: Қош келдің! Біздің бүлдіршіндердің сізге арнаған өлең жолдары бар, тамашалаңыз. Ортаға:

25.Гүлім

Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

26.Ғұмар

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.

27.Ерке

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл


28. Дәулет

Ата-әже, әке – шеше

Құтты болсын Жаңа жыл

29. Алтынай

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

30.Мансур

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

31. Ә.Айару

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, қоян, түлкі, аюжан және Жаңа жыл біздің бүлдіршіндердің өнерлері, әндері, билері сіздерге ұнады ма? Олай болса Аяз ата сіз біздің балалардың өнерлеріне ала келген сыйлығыңызды табыстауды ұмытып кеткен жоқсыз ба?

(Осы жерде келген қонақтардың барлығы қоштасып шығып кетеді. Аяз ата мен Ақшақар қалады)

Аяз ата: Оййй, ұмытшақ басым-айй! Әрине мен сендерге әкелген сыйлығымды берейін! Қалай ғана ұмытып барамын?!!

(Аяз ата балаларға сыйлығынттабыстайды)

Жүргізуші: - Осымен біздің Жаңа жылға арналған мерекелік – ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!





















50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК


«Қош келдің, Жаңа жыл!»



Балақай» І- кіші тобы

(Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік)






Тәрбиешілер: Серикова Г.Д

Тлекова Т.Қ






2017 – 2018 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік. "Қош келдің, Жаңа жыл!" І кіші топ

Автор: Серикова Гульсара Дулатовна

Дата: 14.03.2018

Номер свидетельства: 461825

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ертеңгілік: "Наурыз тойын тойлайық""
    ["seo_title"] => string(36) "iertien_ghilik_nauryz_toiyn_toilaiyk"
    ["file_id"] => string(6) "436283"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509623645"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "тіл мерекесіне арнал?ан ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(43) "til-mieriekiesinie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "136403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417100995"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "Алтын   к?з"
    ["seo_title"] => string(9) "altynkuz4"
    ["file_id"] => string(6) "285384"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454158724"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Алтын к?зге арнал?ан ерте?гілік"
    ["seo_title"] => string(38) "altyn-kuzghie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "286404"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454336750"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "1 желто?сан т???ыш президент к?ніне арнал?ан саба?ты? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(77) "1-zhieltok-san-tu-n-g-ysh-priezidient-kuninie-arnalg-an-sabak-tyn-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "200130"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428735211"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства