kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жыл, армысың!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка утренника на новый год на казахском языке. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл, армысың!"»

Жаңа жыл

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата аналар, жиналған қауым. Жаңа жалға арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Олай болса балаларды ортаға шақырайық.















(әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді. Шыршаның артынан қоян секіріп шығады.)

Қоян: Ау, жараңдар, ал қараңдар

Тым алыстан Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап

Билеп, ойнап

Көп қызыққа батамыз!

(секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.)

Қоян: Амансың ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

Ұйқымды ашып, сергідім

Жаңа жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салып.

(екеуі қол ұстасып билейді. Сол кезде түлкі келеді.)

Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда.

Түлкі: Достарым, жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді.



(аю, қоян, түлкі бірге билей жөнеледі. Осы кезде тиін келеді.)

Тиін: Тра -ля -ляй Тра -ля -ляй

Өнершіл аңдар ай

Бәріңізге бір сәлем.

Бәрі: Сәлем, тиін.

(бәрі қосылып билейді. Сол кезде қасқыр келеді.)

Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық!

(бәрі қосылып билейді.)

Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын

Достығымыз мықты болсын!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешіп көріңдер.

Жұмбақ: Ақ сақалы шал жылына

Бір ақ рет келіп кетеді

Қызы менен ұлына

Сыйлық алып келеді. (Аяз ата)

-Балалар, енді көптеген күткен жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз ата а- у- у.

(Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.)

Мыстан: Пай -пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай. Үйге алып кетсем бе екен?

(мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбінен жұлуға әрекет жасайды.)

Тәрбиеші: Мыстан кемпір!

(мыстан сөзге мән бермей, былай дейді:)

Мыстан: Ту-у! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой!

(сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да:)

Мыстан: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт сандықтың кілті шығар. Мен шыршаға тимей ақ, осы кілтпен сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын.

(мыстан кетіп қалады, сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.)

Тәрбиеші: Балалар, қане, тойды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар, әнімізді шырқап, атамызды шақырайық.

«Жаңа жыл әні» орындалады.













(есіктің сыртынан дауыстар естіліп, залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяз ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді. Ол кіргісі келмейді.)

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені, кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзі?

Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын, ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз ата: Қызым- ау, не айтып тұрсын! Қарашы, біз тойға келдік, балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем.

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

(балалармен амандасады.)

-Рахмет, рахмет балаларым! Қанеки, қызым! Қонақтардан ұят болады, басынды көтер. Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен.

Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақардың көңілін көтеру үшін бізге бір ой келді. Ақшақар біздің қыздармен би билесін.

«Ақшақарлар» биі.

Аяз ата: Шырша шамын жағайық

Жаңа жыл тойын ашайық.

(сол кезде Ақшақар жылап тұрып:)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.

Аяз ата: Казір, мен өзімнің таяғымен жағамын.

Ақшақар: Қойыңыз, ата, сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғын қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сендер оны көрмедіңіздер ме?

Тәрбиеші: Жаңа мұнда мыстан болған, оның қалтасынан бірдеңе жылтыр түсті. Сол емес пе екен? Қане, аңдар, іздеп көріндерші, мүмкін тауып аларсындар.

(сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады.)

Аяз ата: Жарайсың, балапаным!

Тәрбиеші: Қане, біз де шырша жағуға көмектесейік, ән салайық.

«Шырша» әні орындалады.

(шырша шамы жанады.)

Аяз ата: Балалар, тағы қандай өнерлерің бар?

Тақпақтары.













Аяз ата: Ой, бәрекелді. Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.

Тәрбиеші: Аяз ата, сіз біздің балаларға сылықтар әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, барлық сыйлықтар мына сандықтың ішінде. Ақшақар, мына сандықтың кілті қайда?

(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағана шыршада ілініп тұрған кілт пе?

Аяз ата: Иә, сол кілт шығар.

Тәрбиеші: Ол кілтті мыстан алып кетті, ол тіпті шыршамызды да алып кеткісі келген.

Аяз ата: Қап, әттеген ай, біз Ақшақар екеуіміз оны іздеп келейік.

(осы кезде залға мыстан келеді.)

Мыстан: А-а, бәлем,таптым, сандық мұнда тұр екен ғой.

(оны ашайын деп жатқанда Аяз ата былай деді:)

Аяз ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой, кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбай, тағы не дейді? Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата: Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастаймын. Қане, таяғым, мына мыстанды қатырып таста.

(мыстан тұрған бойында қатып қалады.)

Мыстан: Әй, Аяз шал, қалпыма келтір. О-о-о-й не істесем екен.

Аяз ата: Бересің ба сандықтың кілтін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз ата: Онда осылай тұра бер, мен кеттім.

Мыстан: Жоқ, Аяз ата. Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің тілегімді орындасын, менің сендермен ойын ойнағым келеді.

(Аяз ата мыстанды қалпына келтіреді.)

«Қолғап» ойыны.

Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, ал енді мен кетейін. Сау болыңдар!

(балалар қоштасады.)

Тәрбиеші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар мен би билесек ше?

«Флешмоб» биі.

Аяз ата: Рахмет, балаларым, мені бүгін қуантып тастадыңдар. Барлықтарын да ақылды, өнерлі де екенсіндер.Ал, енді, біз жолға шығайық, басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді, балалар қоштасады.)

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін.

-Ал, енді сөз кезегі Ақсу орта мектебінің диреторы Космаганбетов Ж.Ж қа береміз.

-Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Жаңа жыл, армысың!"

Автор: Абуова Дана Мукарамовна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407500

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?,  Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-4"
    ["file_id"] => string(6) "169469"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423411760"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ош келді?  Жа?а  жыл! "
    ["seo_title"] => string(27) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-8"
    ["file_id"] => string(6) "193997"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427718301"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ош келді?, Жа?а жыл! (жа?а жылды? мереке) "
    ["seo_title"] => string(50) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyldyk-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "194512"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427788390"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Келді міне, Жа?а жыл "
    ["seo_title"] => string(26) "kieldi-minie-zhan-a-zhyl-1"
    ["file_id"] => string(6) "229675"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441821511"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Кел жа?а жыл біздерге кел жа?а жыл, жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(46) "kielzhanazhylbizdierghiekielzhanazhylzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "319298"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460795853"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства