№ 3 ІІ кіші топ бүлдіршіндерін ортаға шақырайық. /Музыка қосылады.Сиқыршы шыр айналып кіреді/ Сиқыршы:
Жаңа жыл келді Азаймасын ән мен жыр Ел көңілін көтерсін Құтты болсын жаңа жыл! Құттықтаймыз сіздерді! Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық! Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат Шамдарыңды жарқырат! 3 рет /Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады/ Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық. Ән: «Шырша жыры» Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді? Балалар: Аяз ата Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық. Бәрі: Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата /3 – рет/
/Аю кіріп келеді/ Аю: - Cәлеметсіздерме балалар! Жаңа жылдарыңмен! Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім. Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім? Балалар: Аю. Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес... Балалар: иә. /осы кезде шыршаға таңырқап Маша келеді/ Маша: – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады)
Аю: - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім.
/Аю Машаның қолынан ұстап алып кетеді/
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!Жаңа жылды бірге қарсы алайық. /Екеуі қуанып, балалардың жанына келеді/ Жүргізуші: Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп ашып жатқанда ішінен күлдірген шығады)
Күлдірген: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы. Шырша дейміз елканы Балалар билеп қоршады. Түрлі - түсті ойыншық Шыршада көз тартады.
Балалар тақпақтары:
1. Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән салайық баршамыз.
2. Winter, winter, winter day,
Winter day, winter day.
Santa, Santa, Santa clause,
Come in my house.
3. Жылдың әнін бастайын,
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
4. Ақ қырауға малынған,
Сақалы да, мұрты да.
Аяз Ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
5. Жас сәбидей жаңа жыл,
Пәк сезімдей жаңа жыл,
Шаттық әкел сәбиге,
Бақыт әкел әр үйге.
6. Келді тағы жаңа жыл,
Қуантумен біздерді
Құтты болсын куаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
7. Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
8. Қуанатын шақ болсын,
Дастарқанға ақ толсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке, бақ болсын.
Ойын: «Қар атысу»
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық Тез келіңдер ортаға Аяз ата, ақшақар 3 - рет /Аяз ата, Ақшақар келеді/ Аяз Ата: Құтты болсын, балалар Келген Жаңа жылдарың Алаңдамай өсіңдер Еркелеп қыз, ұлдарым Өткен жылы келіп ем Бәріңді де көріп ем Жыл өткізіп келем деп Уәдемді де беріп ем Ойларың мен бойларың да Бірдей өсіп қалдыңдар ма? Ал, мен кіммін айтыңдаршы Мені тани алдыңдар ма? Балалар: Аяз ата! Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Сүйсіңдірер маңайды Ақшақармын арайлы Жалт - жұлт еткен жүзімнен Күміс сәуле тарайды. Ақшақармын аппақпын Қалай тыныш жатпақпын Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын. Жүргізуші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан шаршап келген боларсыздар.Отырып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.
Әсем әні, биі де бар Отыр ата, сәл дем ал.
Біздің балалардың сіздерге дайындаған әні мен тақпақтары бар. Ән: «В лесу родилась елочка» Жүргізуші: Әуеледі әніміз Жаңа кірді сәніміз Ақшақарды ортаға алып Би билейік бәріміз. Би: «Ұлпақарлар» Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер! Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Балалар тақпақтары:
1.Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
2. Snow, snow all around
On the trees and on the ground.
Who can stay at home now?
Quickly, quickly go out!
3. Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
4. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Менде бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
5. С Новым Годом, Вас друзья!
Год начнётся с января.
Каждый год малыш растёт,
Прибавляет к году год.
6. Ару айдай бір қыз бар,
Аты оның Ақшақар.
Аяз Ата қасында,
Сол қыз сұлу қашанда.
7. Снег идет, снег идет,
Значит скоро Новый Год!
Дед Мороз к нам придет
Всем подарки принесет!
8. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз Ата оралып.
Аяз ата: Ақшақар балалармен бір ойын ойнасақ қайтеді?
Ақшақар: Ойнасақ ойнайық.Балалар бізбен ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Шыршаны сәндеу»
Би: «Санта Клаус» Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса келіп қалды, біздің қоштасатын қой жылымыз қайда? «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық. /ішке қой билеп шығады/ - Қой жылы сенімен де қоштасатын кез келді. Қой: Бір жыл бойы сендермен Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар Кезек келді қоштасар. Жүргізуші: - Шынымен де, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп
тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз! Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Жүргізуші: Балалар енді жаңа жылымызды қарсы алайақ.
/Ортаға жаңа жыл – Мешін келеді/
Мешін:
Мен жаңа жылмын Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін Жырымды да себейін Жүргізуші: Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқартау, қарлы шың.
Қош келдің жаңа жыл
Жүргізуші: Міне, балалар жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған.
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер.
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
/барлығына сыйлық үлестіріледі/
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!/қолдарын бұлғап шығып кетеді./ Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге! Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Төрле,төрле Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!! Құттықтау сөз кезегін бөбекжай директоры Мереке Меңдібайқызына береміз.
«Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №35 «Балдырған» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»