Тақырыбы: Жайнай бер,Отаным!
Мақсаты: Балаларды Отан сүйгіштікке баулып,туған жерін,ана-тілін сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Қымбатты балалар,ата-аналар әріптестер Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дайындалған «Жайнай бер,Отаным» атты ашық ойын сауығымызға қош келдіңіздер!
Музыка әуенімен ілесіп топқа балалар кіреді.Әнұран орындалады.Отан,
Елтаңба,тіл,тәуелсіздік туралы өлең жолдарын тарту етеді.
1.Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт,әдемі
Тұнығында көңілдің
Ортада-аспан әлемі
2.Тәуелсіз еркін елде біз
Дүниеге келгенбіз
Көк ту мен елтаңбамыз
Бар біздің өз теңгеміз.
3.Тәуелсіздік жолында
Талай,талай тер тамған
Билігіміз қолыңда
Еркіндігім-Елтаңбам
4.Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
5.Ақыл ойын дараның
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
6.Жанымнан да қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзін тыңдап
Үлгі өнеге алам.
Ән. Біз бақытты баламыз.
Ертегі: «Ай күн,әтеш» көрініс.
Би: Қамажай
Ән: Жау,жау жаңбыр!
Би: Шығыс биі
Көрініс: « Шалқан» ертегісі
Қазақтың ұлттық ойыны «Теңге аду»
Ән: «Топ-топ балақан»
Жүргізуші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Ел аман,жұрт тыныш болсын ашық аспан астында шат-шадыман ғұмыр кешейік.Тәуелсіз еліміздің арайлап атқан әр таңы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын.