kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әз Наурыз!" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

22-ші Наурызға арналған  ертеңгілік. өте қызықты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әз Наурыз!" ертеңгілігі»

«Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз!»

Мақсаты: балаларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар! Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!

Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Біздің ауылда бүгін үлкен той болайын деп жатыр.

Мәди
Сәнді көктем - Наурыз!
Наурыз тойы - жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын.
Құлпырсын күн мен ай.
Құтты болсын Наурыз!


Камиля:
Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!


Аяжан:

Наурыз тойы елдің тойы,

Көктем тойы төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!

Ғани:
Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурыз!


Жүргізуші: Бүгін біздің ауылда Наурыз тойы болады. Қонақ шақыр,ат шаптыр.

(Атпен бала шауып, залдан шығады).


Жүргізуші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше Көктем туралы ән шырқайық.

ӘН: «Отаныма көктем келді»

Залға әже кіреді.


Әже: Сәлеметсіздер ме, балалар! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!

Салт дәстүрін сыйлайық,

Наурыз келсе, құт келгені халайық,

Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!

Шашу .


Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!Рахмет Сізге! Біздің тойымызда қонақ болыңыз.Төрлетіңіз. Қазір Сіздің назарыңызға біздің сұлу қыздарымыз би билеп береді.


«Тентегім» биі.



Залға атқа мінген бала кіреді.


Бала: Сүйінші, сүйінші- дүниеге бала келді!


Жүргізуші: рахмет!Қандай жақсы жаңалық. Міне саған сүйінші айтқан үшін тымақ.

Ал әже, дүниеге сәби келгенде қандай салт дәстүрлер жүргізіледі.


Әже дүниеге бала келгенде қандай салт дәстүрлер өткізілетін жайлы айтып, «Бесікке салу» салтын көрсетеді.

Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
- Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
- Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
- Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас - алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас - алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Тышты, тышты.
Кәмпитті уыстап алып, екі жаққа шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қунап оянсын!
Енді баланы бесікке салайық.
Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік.
Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай
Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай
Аспандағы ай күнді, аламын дейсің
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем


Жүргізуші: Рахмет Сізге! «Тойдың көркі-ән», дейді халқымыз. Ендеше ән шырқайық.


«Көктем келді» әні. (Айлина, Аяжан, Даяна,Катя...)

Жүргізуші: Әже, балаларға айтып беріңізші Наурыз мейрамы қалай өтеді?


Әже балаларға Наурыз мейрамы қалай өтетін жайлы айтып береді.


Көңілді әуенмен залға Алдар Көсе кіреді.


Алдар Көсе:

Мен Алдармын, Алдармын.

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұрт да жоқ,

Шайтанды да алдадым.

Сусыз жерде өсемін,

Сондықтан да Көсемін.

Сіздердің ауылдарыңызда той болып жатыр деп естегесін келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Алдар Көсе. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Төрлетіңіз, қонақ болыңыз.


Алдар Көсе: Рахмет! Әрине қаламын. Той болғасын көңіл көтереміз. Қазір мен балалармен ойын ойнаймын. Ойын «Арқан тартыс» деп аталады.


Алдар Көсе ойын шартын түсіңдіреді.


«Арқан тартыс» ойыны.


Музыка әуенімен Бай кіреді.


Бай: Ассалаумағалейкүм!

Алдар көсе: Умағалейкүм ассалам! Қош келдіңіз байеке. Бүгін ауылда үлкен той болып жатыр.

Бай: қандай той? Қандай мереке? Мен ештене білмеймін.

Алдар көсе: Ұят емес пе, байеке. Балалар, бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?

Балалар: Наурыз мерекесін.

Алдар көсе:Көрдің бе,бүгін қандай ұлы мереке. Қазақ салт дәстүрі бойынша қонақ шақыру керек.

Бай: иә, иә! Бәрін де қонаққа шақырар едім, бірақ та сіздерге беретін ештенем де жоқ. Өзіміз де бір неше күн аш отырмыз. (қарнын сипайды)

Алдар Көсе: Байеке,ұайымдамаңыз, менде бір сиқырлы қасығым бар, ешқандай да азық түлік керек емес, өзі бәрін пісіреді.

Бай: ал қайда сенде ол қасық, көрсетші? Шынымен де сиқырлы ма? Бауырсақты да өзі пісіреді ме?

Алдар көсе: Иә, бауырсақты да пісіреді. Тек ғана қазанда суды араластырып тұрғанда, сиқырлы сөздерді айту керек.

Бай: Қане маған көрсетші, сенбей тұрмын.

Алдар Көсе: Олай болса, қазанды сумен әкел.

Бай:Бәйбеше, қазан әкел.


Байдың әйелі қазан әкеледі.


Алдар: қасық, қасық сен айнал, бауырсақты пісіріп бер.

Жүргізуші: бауырсағымыз піскенше, бір жақсы тақпақтарды тамашалайық.

Айсултан:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!

Эльмира
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз


Диляра:
Наурыз айы - гүл айы
Наурыз айы - нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы.

Амира:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.


Бай мен Бәйбешесі тақпақтарды тыңдап, отырғанда Алдар Көсе өз сөмкесінен бауырсақты алып, қазанға салады.


Тақпақтар аяқталғанда Алдар Көсе бауырсақтың дәмін көреді.


Алдар Көсе: Мммм, қандай дәмді бауырсақтар.


Бай сенбей, қазанға жүгіріп: Алдар Көсе, маған да берші. Шынымен де, дәмді. Ал сенің қасығын тағы не істей алады?

Алдар Көсе: Енді бауырсақ болғасын, шай жасайық.Бірақ та ол үшін бізге шай керек, сүт, қант керек.

Бай: Байбеше шай, сүт, қант әкел.


Бәйбеше шай мен сүт әкеледі.


Алдар Көсе: қасық, қасық сен айнал, бізге шай дайында.

Қане әже, қасықты айналдырып, тұра тұрыңдар, ал біз балалармен ойын ойнай тұрамыз.


Ойын «Қол күрес»


Алдар Көсе: қараңызшы, байеке, шайымыз да дайын болды.

Байеке : кане, кане көрейін. (бай шайдың дәмін көреді). Шынымен де дәмді шай. Ал Алдар Көсе, сенің қасығын тағы не істей алады?

Алдар Көсе: Бәрін, бәрін істей алады. Құрт көже, айран, қуырдақ, ет нанын да дайындап береді.

Бай: шынымен де сенің қасығын ет нанын да дайындап береді ме?

Алдар Көсе: Иә, иә, айттым ғой бәрін де. Бірақ ол үшін ет, ұн керек.

Бай: Бәйбеше , ет, ұн әкел.


Байдың әйелі ет пен ұнды әкеледі.


Алдар Көсе:Қасық, қасық айналдыр, ет нанын пісір.


Жүргізуші: Ендеше, ет нанымыз дайын болғанша, бір әсем ән тамашалайық.


«Тұлпарым» әні.

Бай: Алдар Көсе, ет наны дайын ба?

Алдар Көсе: Ол не дегеніңіз? Байеке, білесіз ғой ет наны біраз піседі. Қасық, қасық айналдыр, ет нанын пісір. Ет нанымыз дайын болғанша, балалармен тағы бір ұлттық ойын ойнайық.


«Орамал тастау» ойыны. (Қара жорға әні)


Бай: Алдар Көсе, ет наны дайын ба?

Алдар Көсе: Байеке, не болды? Бүгін мереке емес пе, ал сен тек қана қазанға қарай бересің? Одан да балалармен бір би, немесе ойын ойнамайсың ба.

Бай: Жарайды, ойнасақ ойнайық. Мен бір ұлттық тамаша ойын білемін «Теңге алу» деп аталады.


«Теңге алу» ойыны.


Бай: Алдар Көсе, дайын ба?

Алдар Көсе: Міне, енді дайын болды.

Бай: ммм, қандай дәмді ет нанын шықты. Сенің сиқырлы қасығын шынымен де дәмді тағамдарды дайындайды екен. Маған сыйлашы оны.

Алдар Көсе: Жоқ, бай-еке қойыңыз, өзіме керек.

Бай: Онда сат.

Алдар Көсе: ойланып, көрейін. (ойланып, тұрады.) Жақсы, сатсам сатайын. Қанша алтын бересін?

Бай: 3 қапшық алтын беремін.

Алдар Көсе: келестік.


Бай қасығын алып, мәз болып, қасықты жалап, Бәйбешесімен кетеді.


Алдар Көсе:

Мен Алдармын, Алдармын.

Сақалымды талдармын.

Сақал түгіл мұрт да жоқ,

Байды да алдадым.


Музыка әуенімен залға Қыдыр Ата кіреді.


Қыдыр Ата: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Елімізге тыныштық, бақ, береке әкелсін.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе ,Қыдыр Ата. Жоғарға төрлетіңіз. Балалардың дайындаған тақпақтарын тамашалаңыз.



Аида:

Наурыз тойы –тамаша,

Наурыз тойы-жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.


Айлина:

Наурыз күні той думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу маржан шашайық!


Даяна:

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге нұр болып.

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.


Ұлан:

Бақта бұлбұл сайрасын,

Сәнді көктем нұрымен.

Наурыз тойы жырымен,

Көңіл гүлдей жайнасын.


Әлинұр:

Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.


Қыдыр Ата:

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле- жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы уайым жоқ болсын

Қуаныштарын көп болсын!

Келген Наурыз құт болсын!

Әумин.


Жүргізуші: Үлкен рахмет Сізге Қыдыр Ата!

Қыдыр Ата: Мен енді кетейін. Мені басқа да ауылда күтіп жүр. Сау болыңдар!

Бәрі: Сау болыңыз!


Жүргізуші: Осымен біздің ауылдағы тойымыз аяқталады. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға тілейтінім зор денсаулық, ашық аспан! Тойымызды бір жақсы әнмен аяқтайық.

«Наурыз-достық мерекесі» әні.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Әз Наурыз!" ертеңгілігі

Автор: Аймухамбетова Самира Абаевна

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469671

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?ош келді?, Наурыз" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(35) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "186034"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426266441"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""22 наурыз" ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(26) "22-nauryz-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "215552"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432726369"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "22 наурыз ертеңгілік"
    ["seo_title"] => string(20) "22_nauryz_ertengilik"
    ["file_id"] => string(6) "479797"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1538850319"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Қош келдің-Наурыз ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(37) "k_osh_kieldin_nauryz_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "464067"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1522254527"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""?ош  келді?, Наурыз!" (ерте?гілік) "
    ["seo_title"] => string(37) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik-1"
    ["file_id"] => string(6) "206813"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430284833"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства