kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ВКО район Алтай г.Серебрянск

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Жүргізуші:  Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Күншуақ» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,. шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ВКО район Алтай г.Серебрянск»

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Жүргізуші: Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Күншуақ» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)
Сиқыршы: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Ж. Жансая: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Ералы:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: - Сәлеметсіңдер ме балалар! Жаңа жылдарыңмен!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша. – Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю. - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады)
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі. Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Аяз ата, Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, алыс жолдан келдіңіздер.
Балалардың өнерлерін тамашалаңыздар. Отырып , сәл дем алыңыз.
Ән: «Аяз Ата»
Би: Ұлпақарлар биі Ақшақардың ойыны:
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Түлкі: - о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:
Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. Жарайсың. Би: Жануарлар биі Ән: Ақшақар Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата - аналар, содан соң балалар)
Аяз ата: мына ата - аналар да мықты екен.

Би: «Лединные ладошки»

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыздың тақпарын тыңдаңыз.

Ербол:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Наилья
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Расул
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Шұғыла
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.
Айсұлтан:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Аяз атамыз.
Айғаным:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Камила:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Т. Жансая:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.
Данияр:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Айару:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Айым:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ. Алдияр: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. Темірлан: Қалып едік сағынып, Күтіп алдық жабылып. Жолын қойдық жарық қып. Шыршаларға шам іліп. Айсана: Аяз ата ойды қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы жаңа жылды Ол да көптің бірі болып. Ильхан: Тамаша сый алып, Келді Аяз атамыз. Шаттанып, қуанып, Шырқап ән айтамыз.

Бексұлтан: Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Қызыл ала шапаны Сағындым Аяз атаны! Айсұлу: Келіңдер, келіңдер Тақпақ айтып беріңдер Жомарт Аяз атадан Сыйлық алып көріңдер!

Ән: «Жаңа жыл» Данияр, Жансая, Жансая, Камила.
Жүргізуші:- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... таяғым тауып береді. Мына жердегі сыйлық қайда кеткен. Ой, Маша сыйлық қайда? Маша күліп пештің ішінен сыйлықтарды алып шығады. Аяз ата Әй, Маша тентексің ғой. Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
ВКО район Алтай г.Серебрянск

Автор: Каирбекова Жазира Муратовна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства