Ж?ргізуші: ??рметті ата-аналар, балаба?ша ?ызметкелері сіздерді келіп жат?ан ?лысты? ?лы к?ні-Наурыз мерекесімен шын ж?ректен ??тты?таймыз. Жа?а жыл барша жан?я?а тек ?зіні? жа?сылы?ын ала келсін.
Алдар к?се: (Т?зды ?азан?а салып, был?алайды). ?ап мына к?жені? д?міні? т?ттісін-ай. Біраз т?ра-т?рсын. Ал балалар мерекелерін жал?астыра берсін.
«Наурыз» ?ні
Бай: К?жені? пісетін уа?ыты бол?ан жо? па? Иісі м?рынды жарады екен. Д?мін татып к?ргім келіп т?р?аны.
Алдар к?се: ?азір мен татып к?рейін. И? шынымен де, д?мі т?тті екен, біра? б??ан бір н?рсе жетпейтін сия?ты. Ол не екен? А таптым к?жеге жетпей т?р?аны к?ріш екен. Аз?антай к?ріш болса д?мі керемет боып кететін еді.
Бай: К?ріш деймісі?, к?ріш бар. Кемпір бар к?ріш алып кел.
Б?йбіше: Мас?ара, енді к?ріш ?келіп беремін бе мына?ан, ?йдегі тама?ты? б?рін тасып болды? ?ой.
Алдар к?се: (К?ріш ?азан?а салып, был?алайды). Б?се міне енді к?жені? д?мі кірді. Енді біраз ?ана т?рсын. О?ан дейін мен балалар?а ойын ойнатайын.
Ойын: «Кім к?шті?»
Алдар к?се: Байеке осы мені? к?жем дайын бол?ан сия?ты. ?ане, д?мін татып к?рейін. Б?се, б?се неге д?мі бас?аща болып т?р десем, б??ан май жетпей т?р екен.
Бай: Май деймісі?, май бар. Кемпір бар май алып кел. К?же дайын бол?ан екен.
Алдар к?се: (Майды ?азан?а салып, был?алайды). Б?се міне енді к?жені? д?мі кірді. Енді біраз ?ана т?рсын, суысын, сосын ішуге дайын болады.
Бай: К?же тез суыса екен, ?арным бір тойып ішетін едім.
Балаларды? та?па?тары
Алдар к?се: Міне, байеке к?же дайын, енді ішіп к?руге болады.
Бай: Ой, рахат ай! Мынадай к?жені ?мірімде бірінші рет ішіп т?р?ан болармын. Алдеке сен не с?раса? да берейін, тек ма?ан ?асы?ы?ды сатшы.
Алдар к?се: Жо? байеке болмайды. Оны ешкімге бере алмаймын. ?й, жарайды байеке б?гін мереке, сені? де бір тілегі?ді орындайын, мына ?асы?ты са?ан берейін. Біра? байеке мені? ?стімдегі шапанымды к?ріп т?рсы?, ш?ры? тесік, егер ?стіме ілер киім болса, жа?сы болар еді.
Бай: О не дегені? Алдар. Са?ан бермегенде кімге беремін. Кемпір мені? санды?та?ы жа?а шапанымды ?келіп, Алдар?а бер.
Б?йбіше: Сен ?а?пас есі?нен адасты? ба? Енді ?ал?аны сол шапанды беру еді.
Бай: Осы сен айт?анды неге ты?дамайсы?? Бар тез алып кел.
(Б?йбіше шапанды ?келіп Алдар?а береді.)
Алдар к?се: Байеке рахмет са?ан, енді ?асы? сенікі, ал мен жол?а шы?айын. Сау бол к?ріскенше.
Б?йбіше: (Кемпір ?асы?ты алып, байды? басынан бір со?ады). М? са?ан ?асы?, а?ыма?, Алдар емес сен алданып ?ал?ан ?а?пас. Ол к?жені ?йдегі бар тама?пен дайындап берген жо? па? Оны? ?стіне шапанды да берді?.
Просмотр содержимого документа
«Утренник на тему: "Наурыз-начало года"»
Балалар әуенмен залға кіреді
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкелері сіздерді келіп жатқан Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл барша жанұяға тек өзінің жақсылығын ала келсін.
(Осы кезде бай мен бәйбіше шәй ішіп отырады, Алдарды көріп тамақтарын тыға бастайды)
Алдар көсе: Ассалаумағалейкум байеке.
Бай: Уағалейкум ассалам. Қайдан келесің?
Алдар көсе: Е, бүгін мереке емес пе мен де, халқымды наурыз тойымен құттықтап, ауыл-ауылды аралап жүрген жайым бар.
Бай: Жарайды, кел, онда отыр шәй іш, бірақ үйде тіске басар ештеңе жоқ.
Алдар көсе: Ештеңе етпес байеке, мен аштыққа үйренген адаммын.
Жүргізуші: Алдар көсе біздің балабақшадағы тойымызға қош келдің. Төрлетіңіз қонақ болыңыз. Балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
«Адай» би
Алдар көсе: Бәрекелді балалар, өте жақсы. Байеке негізі мен барлық ауылды аралап, өзімнің сиқырлы қасығыммен көже пісіріп, халықтың қарындарын тойғызып жүрген жайым бар. Қасықтың сиқырлысы сол ол көжеге ештеңе қоспай, дәмді етіп пісіреді.
Бай: Қой, әй, мынау не дейді? Ол қандай қасық? Алдеке қане сол қасығыңды маған сатшы.
Алдар көсе: Байеке ол не дегенің? Мен ол қасықпен барлық адамды тамақтандырып жүрмін.
Бай: Ендеше оның сиқырын көрсек қайтеді?
Алдар көсе: Е, байеке сен айтқасын қалай көңіліңді қалдырайын? Егер қазан ошағың болса, мен қасықтың сиқырын көрсетейін. (Қазанды қасықпен былғап, қасықпен дәмін татып көреді). Мына көженің дәмінің тәттісін-ай! Тек бұған сәл ғана еттің дәмінің жетіспей тұрғанын қарашы.
Бай: Не дейді? Ет? Ет бар. Әй кемпір бар тез ет алып кел.
Алдар көсе: (Етті қазанға салып, былғалайды). Енді кішкене қайнап ет піссін, оған дейін мына балалармен ойын ойнайық.
Ойын: «Орамал алу»
Балалардың тақпақтары
Бай: Мүмкін көже піскен болар? Қарайықшы? (Мойнын созып, қазанға қарайды)
Алдар көсе: О, не істеп тұрғаның байеке? Көжені тек пісіріп тұрған адамнан басқа адамға қарауға болмайды. (Қазанды қасықпен былғап, қасықпен дәмін татып көреді). Білесің бе байеке көженің дәмі өте керемет, тек оған тұздың дәмі жетіспей тұрған секілді.
Бай: Тұз деймісің, әй үйде тұз бар. Кемпір бар тұз алып кел.
Бәйбіше: Әй қақпас, үйдегі тамақтың бәрін тасып болдың ғо.
Бай: Бар бол тез. Әкел деген соң әкел.
Алдар көсе: (Тұзды қазанға салып, былғалайды). Қап мына көженің дәмінің тәттісін-ай. Біраз тұра-тұрсын. Ал балалар мерекелерін жалғастыра берсін.
«Наурыз» әні
Бай: Көженің пісетін уақыты болған жоқ па? Иісі мұрынды жарады екен. Дәмін татып көргім келіп тұрғаны.
Алдар көсе: Қазір мен татып көрейін. Иә шынымен де, дәмі тәтті екен, бірақ бұған бір нәрсе жетпейтін сияқты. Ол не екен? А таптым көжеге жетпей тұрғаны күріш екен. Азғантай күріш болса дәмі керемет боып кететін еді.
Бай: Күріш деймісің, күріш бар. Кемпір бар күріш алып кел.
Бәйбіше: Масқара, енді күріш әкеліп беремін бе мынаған, үйдегі тамақтың бәрін тасып болдың ғой.
Бай: (Кемпірді итеріп жібереді) әкел дегесін әкел көп сөйлемей.
Алдар көсе: (Күріш қазанға салып, былғалайды). Бәсе міне енді көженің дәмі кірді. Енді біраз ғана тұрсын. Оған дейін мен балаларға ойын ойнатайын.
Ойын: «Кім күшті?»
Алдар көсе: Байеке осы менің көжем дайын болған сияқты. Қане, дәмін татып көрейін. Бәсе, бәсе неге дәмі басқаща болып тұр десем, бұған май жетпей тұр екен.
Бай: Май деймісің, май бар. Кемпір бар май алып кел. Көже дайын болған екен.
Алдар көсе: (Майды қазанға салып, былғалайды). Бәсе міне енді көженің дәмі кірді. Енді біраз ғана тұрсын, суысын, сосын ішуге дайын болады.
Бай: Көже тез суыса екен, қарным бір тойып ішетін едім.
Балалардың тақпақтары
Алдар көсе: Міне, байеке көже дайын, енді ішіп көруге болады.
Бай мен Бәйбіше көженің дәмін татып көреді
Алдар көсе: Байеке қалай көженің дәмі қалай екен? Қасығымның сиқырын көрдің бе? Саған көже ұнады ма?
Бай: Ой, рахат ай! Мынадай көжені өмірімде бірінші рет ішіп тұрған болармын. Алдеке сен не сұрасаң да берейін, тек маған қасығыңды сатшы.
Алдар көсе: Жоқ байеке болмайды. Оны ешкімге бере алмаймын. Әй, жарайды байеке бүгін мереке, сенің де бір тілегіңді орындайын, мына қасықты саған берейін. Бірақ байеке менің үстімдегі шапанымды көріп тұрсың, шұрық тесік, егер үстіме ілер киім болса, жақсы болар еді.
Бай: О не дегенің Алдар. Саған бермегенде кімге беремін. Кемпір менің сандықтағы жаңа шапанымды әкеліп, Алдарға бер.
Бәйбіше: Сен қақпас есіңнен адастың ба? Енді қалғаны сол шапанды беру еді.
Бай: Осы сен айтқанды неге тыңдамайсың? Бар тез алып кел.
(Бәйбіше шапанды әкеліп Алдарға береді.)
Алдар көсе: Байеке рахмет саған, енді қасық сенікі, ал мен жолға шығайын. Сау бол көріскенше.
Бай: Қалай бәйбіше Алдар сұмның қасығын оңай алып қалдық па? (Қасықты кемпірге береді)
Бәйбіше: (Кемпір қасықты алып, байдың басынан бір соғады). Мә саған қасық, ақымақ, Алдар емес сен алданып қалған қақпас. Ол көжені үйдегі бар тамақпен дайындап берген жоқ па? Оның үстіне шапанды да бердің.