kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Утреник: Золотая осень на казахском языке

Нажмите, чтобы узнать подробности

целью этого утреника является воспитать любовь к природе посредством детского утренника, посвященного времени года.

Закреплять у детей представления об осенних явлениях природы посредством выразительного исполнения ими песен, танцев, стихотворений, инсценировок, игр. Развивать музыкально – творческие способности детей. Создать радостное настроение у детей от взаимного обучения. Способствовать раскрытию творческих способностей детей

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Утреник: Золотая осень на казахском языке»

«Күз- мереке, Күз-береке!»

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру. Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер мен ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі үйлеріңізге молшылық алып келсін. Күз-адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да адамдар күзге берекелі күз деп баға берген.

Ортаға «Қарлығаш» тобын шақырамыз. «Күз тамаша» әнімен.

Жүргізуші: Қанекей,балалар енді күзге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Қуаныштан ағайын Нұрәлі. Қоңырауын қағайын Қуандырып біздерді Өлкемізге күз келді

Айнала сары ала Аяла Қырманға дән тола Жемістер пісіпті Қоймаға түсіпті

Ендеше не тұрыс Дәурен Болмасын жан қалыс Тойлайық күлейік Қуанып билейік!

Қарашы күз келді, күз келді Айару Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын, сары, қызыл, көк, Таңнұр Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта аүлімдеп, Көз тартады атырап.

Жеміс-жидек пісті, Заңғар Қамбаға астық түсті. Қызу жұмыс басталып, Жинап алды жан салып.

Би: «Жапырақтар» биі. Көрініс.

Ануар: Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Бойымнан әл құрып Көздерім бұлдырлап Басым айналып барады.

Балалар: Енді не істейміз? Нұрәлі: Сабыр сақта, саспайық. Дәрігер шақырйық. Ануар: Жо-жоқ! Дәрігер керек емес, қазір өзім ақ тұрамын. Нұрмахан: Онда дәрі ішіп ал, менде дәрі көп. Бекарыс: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек. Бұл дәлелденген рецепт. Ануар: Ах! Балалар: Дәрігер, дәрігер! Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар, қандай шағым арыздарың бар? Балалар: Сізден көмек керек. Дәрігер: Қазір қарап шығайын, неден ауырғанын ұғайын. А-а-а деп аузыңды аш, тістерің орнында, тамағың іспеген. Қол-аяғың әлсіреген. Білдім, неден ауырғаныңды...! Жеткілікті мөлшерде ағзаңа Дәрумендер жетіспеген? Ануар: Енді не істеймін? Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс. Көп-көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс! Нұрәлі: Қазір күз мезгілі ғой, жемістер де, көкөністер де пісті ғой. Қоймаға қоңырау шалайық. Күз өнімдерін осында шақырайық. Бекарыси: Дұрыс айтасың! Алло,алло! Қойма ма? Бізге жемістер мен көкөністер керек. Машинаға тиеп жіберіңіз, мүмкін болса тезірек.

Мен-алмамын, алмамын Аяла Таңдандырар бал дәмім Пісіп, толдым мінекей Баптап ерек бағбаным.

Мен –өрікпін, өрікпін Айзере Дәміммен тәтті еліттім Сүйіктімін сәбилерге Айтпасам да бөліп тым.

Мені бәрі жүзім дер Зере Бір-бірлеп дәлдеп үзіп жер Қызықтырам көркіммен Қатар-қатар тізілген

Мен қиярмын,сәндімін Аяулым Салаттардың сәнімін Дәруменім мол менің Жегенге қуат сыйлаймын

Таңдандырар бәрін М. Алихан Асқабақпын дәмді Кептірілген дәнім Таптырмайтын дәрі

Менің атым-қызанақ Ұлмекен Тұзды сеуіп молырақ Банкілерге салыңыз Аузын мықтап жабыңыз Тағамға дәм қосамын Қыста тәбет ашамын.

Асханадан шықпаймын Нұрқуат. Атым пияз, бұқпаймын. Көзден жасты шығарам, Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Іші сары, сырты қатты, Арсен Дәні-дәрі, дәмі-тәтті. Пісіріп жесең ас тамақ, Мұның аты асқбақ.

Кім білмейді шалқанды, Уалихан Дәмімді татып таң қалды. Бәріне сый боламын, Тауып көр менен дарханды. Ануар: Енді мен осы көкөністер мен жемістерді жеп ауырмайтын боламын. «Құлпынай» тобы «Алтын күз» әні. «Шалқан» ертегісінен көрініс. Жүргізуші: Ал, балалар,балалар, Енді бері қараңдар Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші Әуелі жұмбақ жасырам Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін Қонағымды ортаға шақырамын. «Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не, балақайлар? (Күз) Олай болса Күз ханшайымын қарсы алайық.

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым, Өмірге көп қосқаным, Күз сыйлығын алыңдар Қызығына қаныңдар Молшылыққа кенеліп, Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: -Ой, Күз ханшайымы көңіл-күйіңіз болмай тұрған сияқты ғой. Күз ханшайымы: Иә, жаңа жолда келе жатып, менің достарым құстарды көрдім, олар жылы жаққа ұшып бара жатыр екен. Олар маған Ануарға дәрумендер керек екенін айтып еді. Мен сол көкөністер мен жемістерімді екі себетіме толтырып әкеле жатып, құлатып алдым. Енді не істерімді білмей тұрмын. Жүргізуші: Сіз қам жемеңіз, біздің бүлдіршіндер сізге көмектеседі. Солай ма балалар (балалар жауабы) Ойын: «Көкөніс пен жемістерді ажырат» Күз ханшайымы: Достарым, көмектеріңе рахмет. Жүргізуші: Ой, жарайсыңдар балалар, олай болса өнерімізді көрсетейік. «Құлпынай» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз Би: «Алтын күз», «Сарбаздар»

Көкөністер бәрі де, Нұрислам Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер

Барлығың да дәмдәсіңдер, Ажар Шырқап айтар әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметтер Дастарханның сәнісіңдер.

Алқаптан бидайды Ақниет Қоймаға ел жинайды Тырнасы тізілген Ұнатам күзді мен.

Жайдарлы күз,жомарт күз, Кәусар Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам Дариядай шалқып жүр.

Күз келді алақай! Рахима Алтын келді далаға Дәні бітік бидайды Құйып жатыр қамбаға

Жапырақ ұшты Мерей Суық та түсті Сонда да бізге Қызық көп күзде

Көбейді құт береке, Нұрмахан Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз

Келді міне күз Батыр Айнала сары түс Керемет тамаша Қандай әсем күз

Би «Қолшатыр», «Саңырауқұлақтар» «Қарлығаш»тобы.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен тәрбиешілер! Біздің бүгінгі «Күз мереке-Күз береке» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! «Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып. Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Утреник: Золотая осень на казахском языке

Автор: Амирова Анар Толеуовна

Дата: 11.11.2019

Номер свидетельства: 526561


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства