Тақырыбы:Ұстаз – ұлы тұлға! Сахна мерекеге сай безендірілген. дыбыс күшейткіш аппаратурадан ұстаздар туралы әндер беріліп тұрады. Сахна ашылғанда жүргізушілер шығады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы:Ұстаз – ұлы тұлға! Сахна мерекеге сай безендірілген. дыбыс күшейткіш аппаратурадан ұстаздар туралы әндер беріліп тұрады. Сахна ашылғанда жүргізушілер шығады.
Сержан:Армысыздар құрметті ұстаздар!
Жамбыл:Добрый день уважаемые учителя!
Сезім:Goodmoorningtheteacher!
Сержан:
Армысыздар ,жиналған қауым ұстаз,
Құтты болсын мерке баршамызға.
Жамбыл:
Дорогие наши педогоги.С праздником вас! Пусть всегда светит солнце и счастье улыбается вам!
Сезім:
Бәрімізге тәлім тәрбие беріп, сауатымызды ашқан ардақты ұстаздар,мерекелеріңіз құтты болсын!
Сержан.Сезім.Жамбыл. Бірге хормен.
«Ертөстік» тобының мерекелік концертін бастаймыз.
Ән: «Ұстаз ана» хор.
«Айгөлек» тобы
Құттықтау сөз кезегін «Жұпар» балабақшасының меңгерушісі Баженова Гүлжамила Ермекбевнаға береміз.
Сержан: «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Ұстаздарға арналған өлең шумақтар.
«Ертөстік» тобы.
Альмира: Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Нұрай:Ұстаз деген анасы ол адамның.
Айша :Бүкіл адам мойындайды еңбегін,
Кәусар:Сен де одан адам болып жаралдың.
Елдар:Ұстаз болу жүректің батырығы,
Махамбет:Ұстаз болу сезімнің ақындығы.
Асыл:Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Жарқын:Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
Сержан:
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан ол әрдайым қасиетті тұлға.
Хор: .«Ұстазым»
«Ертөстік» тобының ұлдары
Жамбыл:
Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар. Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Би: «Қуыршақ»
«Ертөстік» тобының қыздары
Сезім:
Ұстаздық – қызық та, бейнеті көп мамандық. Ұстаз – оқушыларды білсем, үйренсем, көрсем деген ұмтылысқа тәрбиелейді. Ұстаз деген есім - аз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған, шәкірттеріне үйретуге жалықпаған еңбекқор жанды ойға оралтады.
Қарлығаш тобының тақпақтары Сержан:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы. Ұстаз болу - мінездің күншуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнімен асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе? Олай болса ұстаздар қауымын құттықтау үшін мектеп директорына соз кезегін береміз. Би: «Буги буги»
«Айгөлек» тобы
Хор : «Әр қашан күн сөнбесін »
«Ертөстік» тобы Жамбыл:
Дрогие наши педагоги
В этот праздник День учителей
Позабудьте все свой тревоги
И на мир смотрите веселей
Сезім:
Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті біздер үшін елге еккендер.
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
Зердесін болашақтың зерлеткендер!
Бәрі бірге : Сау болыңыздар құрметті ұстаздар!
До свидания дорогие учителя!
Goodbyetheteacher!
Сержан:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын ағайын!