Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіз елді? ?ланымыз"»
Тақырыбы:«Тәуелсіз елдің - ұланымыз»
Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Н.Ә. Назарбаевтың портреті.Жалаушалар,шарлар. Нақыл сөздер жазылған сөздер. Музыкамен жабдықталған.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Ән:«Көк тудың желбірегені»
Саят: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Біздің «Тұлпар» тобымыздың "Тәуелсіз елдің – ұланы” атты ашық байқауға қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! «Тұлпар» тобының ашық байқауын бастауға рұқсат етіңіздер. Әнұран айтылады. Тәрбиеші: -Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. -Біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақтарын тыңдасақ.
Бақытбек: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалармен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Отан үшін болуға да құрбандық
Алимдар: Қазақстан-мейірім
Сені ардақтап жүрейін
Байтақ елде тыныштық
Болса екен деп тілеймін
Соғыс оты болмасын
Бейбіт елді шалмасын
Бейбітшілік ұраны
Жер әлемді шарласын
Айым: Сенсің нұрлы Астана
Ақыл, кеңес тұрағы
Ел басшысы-Президент
Сенде, Астана тұрады
Ең жас қала әлемде
Және сенсің ең көркем
Әлі талай болады
Кереметтер сенде ертең
Тәрбиеші : -Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Алматы қаласындағы Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. - Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінем. Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. Қайрат Рысқұлбеков рөлінде- Қалымжанов Саят, Жеңгесі-Закерова Айман, милициялар-Кенжал Алимдар мен Қалиахмет Әділжан. Көрініс: 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері Қайрат Рысқұлбековтың Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінде әкетеді
Жеңгесі: -Қайрат тамақтан ауыз ти, шай іш.
Есікті тоқылдатып, екі милиционерлер кіріп келеді де,
Милиционер: -Қайрат Рысқұлбеков осында тұра ма?
Қайрат: -Мен Қайратпын.
Милиционер: -Сіз Алматыда бір төбелеске қатысқаныңыз үшін, сізді тұтқынға аламыз.
Жеңгесі: Қайда әкеттіңдер?
Милиционерлер: -Түрмеге.
Жеңгесі:-Не істедім, әке-шешесіне не деймін?
Амина: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Күрескерлер қаймықпады, ерледі
Қаны менен жанын берген ерлердің
Есімдері мүмкін емес өлмегі
Балым: Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан Көрініс:Қайрат Рысқұлбековтың сотта айтқан сөзі
Саят: "Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар!"
Тәрбиеші сөзі: -Қайрат Рысқұлбековты Савицкидің өліміне кінәлі етеді.1987 жылы ату жазасына кесіліп, артынан үкімі 20 жыл бойы түрмеде отыруға өзгертілді.Содан Семей қаласының түрмесіне жеткізіліп, Қайраттың белгісіз себептен қайтыс болады.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бас алаңда ел жосқан, Жастар қаны жуған түн. 16 желтоқсан- Тәуелсіздік туған күн!
Тәрбиеші: -Балалар «Кім не біледі?» ойынын ойнап жіберейік
1.Біздің Республикамыз қалай аталады?
2. Отан дегеніміз не?
3. Біз қай тілде сөйлейміз?
4. Отанымызды жақсы көреміз бе?
5. Біздің Елордамыз қай қала?
6. Қазақстан рәміздерін ата
Тәрбиеші: -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Балалар біздің президентіміз кім?
Балалар:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: -Балалар 1-желтоқсан тұңғыш президент күні болып саналады. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет-Тұңғыш Президент күні мемелекеттік мерейлі күні саналуға орны лайықты.Қане, Елбасы туралы тақпақтарымызды айтып берсек.
Айман: Елі үшін көтеріп нар жүгінде
Сенімі нық сезілетін үнінде
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде
Әділет: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен
Бейбарс: Бар әлемге шын танылдық міне, біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Тәрбиеші:-Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
Гимнді, яғни Әнұранды айтқан кезде, орнымыздан тұрып, қолды жүрек тұсына қойып айтамыз.
Әділжан: Елміз әлем таныған
Мойындады шетелің
Шырқалған да Әнұран
Рухтанып мен кетемін
Тәрбиеші:Ту-көк түсті. Онда күн, қыран құс, ою бейнеленген, көк түс-адалдықты, тазалықты, шындықты бейнелесе, күн-әмір күші, күннің жылуымен уақыт, айлар күндер өлшенеді.Қыран құс- еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі.Ол алға қойған мақсатқа, болашаққа самғайды.
Заңғар:Көк аспанда тулардың
Желбіріген күні –бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіріген күні -бұл
Тәрбиеші:Ал, мемлекетіміздің елтаңбасы-геометриялық пішін-дөңгелекке ұқсас.Елтаңбаның ортасында-шаңырақ (әрбір үйдің бірлігі, тыныштығы, күн әрбір үйге жарық сәуле шашады), киелі қос тұлпар (адам баласының досы), бес жұлдыз (барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді)
Әлижан: Ел беделі-Елтаңбам,
Елдігімнің нышаны
Үмітіміз нұр тамған
Пырақ болып ұшады.
Тәрбиеші: Балалар жалығып кеткен сияқты, қане сергіп алайық бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын «Қол күресі»
Тәрбиеші: Талшыбықтай бұралған
Өнерлі ғой қыздар-ай
Сүйсіндірген биімен,
Қазағымның ұлдары-ай
Би «Тұлпар-ай» Тәрбиеші-Енді балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Ануар:Елдігімнің-реңі
Теңдігімнің-тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі
Алтынай:Арайласа таң күліп,
Жарқыраймыз жанамыз
Азаттықты ән қылып
Алға басып барамыз
Алина: Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату – тәтті бірлік болып қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. Тәрбиеші:Ізгілікке леп едім Жақсылыққа сеп едім Тәуелсіз елдің ертеңін Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қуанышым, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ән «Ана тілім»
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ашық байқауымызды аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!