kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Туған күнің құтты болсын,балақай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде,көңіл-күй сыйлай білуге үйрету.Жақсы тілектер айту дағдысын дамыту.Балаларды адамгершілікке,мейірімділікке,достыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Туған күнің құтты болсын,балақай»»

Тақырыбы. «Туған күнің құтты болсын ,балақай»

Мақсаты.балалардың мереке туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде,көңіл-күй сыйлай білуге үйрету.Жақсы тілектер айту дағдысын дамыту.Балаларды адамгершілікке,мейірімділікке,достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл.сұрақ-жауап,ойындар.

Көрнекі құралдар.үнтаспа,шарлар,әдемі торт,майшамдар,шелектер.

Шаттық шеңбері

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Судай мөлдір,таза көңілмен

Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Муз.жетекшісі.Сәлеметсіңдер ме ,балалар.Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне,бәріміз қонақтармен амандасайық.

Балалар.Сәлеметсіздер ме.

Тәрбиеші. Алақай-ау,алақай

Айтыңдаршы балақай

Тобымызда бүгін

Туған күні бүгін

Туған күні кімнің

Толысады ойымыз

Азаяды ойынымыз

Өйткені біз күн санап

Өсіп келе жатырмыз.

Муз.жетекшісі. Туған күн бұл тамаша

Би билейміз жараса

Туған күнде ән салып,

Көңілденеміз шаттана.

Туған күн иелерін төргі орындыққа шақырамыз.Кәнеки ,балалар,барлығымыз

қол шапалақтап,қошемет көрсетейік.

Ерболқызы Жансая-өте ақылды,мейірімді жан.

Аманғалиев Райымбек-топтағы ең белсенді бала.

Тәрбиеші.Енді балалар теледидарға қарайық.

\Слайд көрсету\

Муз.әуенімен Сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ. Ой,мұнда не болып жатыр,неге бәрің көңілдісіңдер,бәрің қуаныштысыңдар.

Тәрбиеші.Бізде туған күн мерекесі болып жатыр.

Сайқымазақ.Қандай керемет,мен де туған күн тойлағым келеді,мен де сендермен болайыншы.

Муз.жетекшісі.Балалар Сайқымазақты қосамыз ба.

Балалар.Иа

Тәрбиеші.Олай болса,қош келдің Сайқымазақ кел,бізге қосыл,біздің балалармен бірге ән айтып,бірге би биле.

1.тақпақ Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз,данамыз

Туған күнін достардың

Бірге қарсы аламыз.

2.тақпақ Құтты болсын бүгінгі туған күніңмен

Әрдайым күлімсіреп жүрсін жүзің

Жасыңа жас қосылып өсе берші

Өмір саған әрқашан төксін нұрын.

Ән «Туған күніңмен»

Сайқымазақ.Ой,қандай өнерлі балалар,маған әндерің ұнады.Енді сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын 1. «Кім жылдам», 2.«Кім мерген» \шелекке дәлдеп доп лақтыру\

\екі бала шар үрлеуден жарысады\

Муз.жетекшісі.Сайқымазақ енді балаларымызбен бірге би билегің келе ме.

Сайқымазақ .Әрине.

Би «Сенде де,менде де»

Бидің соңында алаяқ түлкі кіріп тортты алып кетеді.

Тәрбиеші .Балалар торт жегілерің келе ме.

Балалар .иа

Муз.жетекшісі.Балалар біз би билеп жүрген кезде тортымыз жоғалып кетіпті,

Енді не істейміз.

Сиқыршыны шақырайық.

Көңілді әуенмен сиқыршы келеді

Сиқыршы.Балалар ,мен бір сиқыр білуші едім.Қазір жоғалған тортты тауып беремін. Абрака,дабра.

Муз.жетекшісі.Міне сиқыршы бізге торт сиқырлап берді.Туған күн иелерін ортаға шақырайық.Енді үрлейік.

Туған күнің құтты болсын балақай

Қуаныш пен шаттық бағын аралай

Ата-анаңның сүйікті ұл мен қызы боп,

Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.

Тәрбиеші. Біздің ойын-сауық кешіміз аяқталды .Қош,сау болыңыздар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Туған күнің құтты болсын,балақай»

Автор: Қайрахова Индира Нұртазановна

Дата: 28.02.2017

Номер свидетельства: 396469


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства