«Арай»балаба?ша- б?бекжайыны? ересектер тобы балаларыны? ?аза?стан Республикасы т?уелсіздігіні? 20 жылды?ына, Абайды? 170жылды?ына ж?не ?аза?ханды?ыны? 550 жылды?ына орай дайында?ан «Ту?ан тілді са?тайы?» атты ашы?- ойын сауы?ымыз?а ?ош келді?іздер.!
Ж?ргізуші: Ту?ан тілім тірлігімні? ай?а?ы,
Тілім барда айтылар с?з ойда?ы
?ссе тілім мен де бірге ?семін,
?шсе тілім мен де бірге ?шемін.
Тіл – халы?ты? жаны, с?ні, т?тастай кескін келбеті, болмысы. Тіл ?рбір адам?а ана с?тімен бірге еніп, ?алыптасады. Тіл байлы?ы ?рбір елді?, ?лтты? ма?танышы.
Ж?ргізуші: Енді с?з кезегін балаба?ша ме?герушісі: Сма?улова Жанна Есмухаметовна?а.
Ахмолдиова Баян (А??айы? тобы)
Ахауова Жанар (?рик тобы)
Ж?ргізуші: Ана тілі? -ары? б?л,
?яты? боп т?р бетте.
?зге тілді? б?рін біл,
?з тілі?ді ??рметте – деп «Ту?ан тілді са?тайы?» сайысымызды ая?таймыз.
Тіл байлы?ы – ?р елді? ма?танышы. Ол атадан бала?а мирас болып ?ал?ан ба?а жетпес м?ра. Сонды?тан да ?р адам ана тілін ?адірлеуге міндетті.Олай болса, тіліміз тек биіктерден к?рініп, ?ркендей берсінТамашала?андары?ыз?а рахмет. ?ош,сау болы?ыздар. (?ш тілде)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Арай»балабақша- бөбекжайының ересектер тобы балаларының Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына , Абайдың 170жылдығына және Қазақхандығының 550 жылдығына орай дайындаған «Туған тілді сақтайық» атты ашық- ойын сауығымызға қош келдіңіздер.!
Жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.
Қазылар алқасымен таныс болдық енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адамға бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек. Бір – бірімізді жақсы түсіне үшін қажет.
Жақсы балалар, ендеше сайысымыздың бастамас бұрын шартымен таныс болыңыздар.
1Таныстыру рәсімі( топтын атымен және, ұраны)
2. Тақпақтар. (Үш тілде)
3. Мақал-мәтел сайысы (тіл туалы, отан туралы, білім туралы)
4.Жаңылтпаштар
5. Ән байқауы.
6. Орысша,қазақша, ағылшынша.(Қорытынды ән)
Жүргізуші:1-сайысымыз әр топтын таныстыруы
Топ Балдырған
Топ Аққайың
Топ Шие
Топ Өрік
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі тақпақ айту. Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралытақпақтарды тыңдайық.
Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1-топ (Барыстар) Балдырған
2-топ (Менің тілім) Аққайың
3-топ.(Болашақ) Шие
4-топ(Өрік)
Жүргізуші: Рахмет балалар.
Жүргізуші: Ендігі кезекті «Атаның сөзі – ақылдың көзі» дегендей, мақал-мәтелдер сайысына кезек береміз.Біз тілді дамыту үшін мақал –мәтелдер жаттаймыз. Сендер дайынсыңдар ма, балалар ?
Жүргізуші: Кәне балалар ортаға келіңдер.
Жүргізуші: Қалай балалар, дем алып бойларың сергіп қалды ма?
Жүргізуші: Жақсы.
Жүргізуші:Жаңылтпаштан жаңылмай
Айтайықшы жаттап-ай,- деп жаңылтпаштар сайысын бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар өте тамаша.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй... – деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті ән байқауына берейік.(Ән айтылады).
Жүргізуші: 1шітоп.
Біздің топ атауымыз Барыс болар
Сайыста топ арасы жарыс болар
Женейік қарсыластан жеңілмейік
Тобымыздан ән шашар Нұрай атты. деп «Бір бала»әнін тамашалаңыздар
2ші топ.
Тілім менің ана тіл Менің тілім,
Өңерімді көрсетем келіп бүгін
Менің тілім тобынан Анель Шұғыла
Қабыл алып тыңдаған әсем үнін.
деп «Анамның тілі» әнің тамашалаңыздар.
3ші топ. Келесі топ Болашақ
Келешекке жол ашпақ
Қабыл алған балалар
Сіздерге Ержан қызы Амина ән шашпақ.
Әннің аты: «Қазақстан туған жер»
4ші топ Менің тобым өрік
Сіздерге берем көрік
Бағасын бер қазылар
Өнерімді көріп. деп Алихан Советхановты ән айтуға шақырамыз.
Әннің аты: «Әкешім»
Жүргізуші: Ой, балалар сендер тамаша ән сала біледі екенсіңдер. Өте тамаша!
Жүргізуші: «Талаптыға нұр жауар» дегендей балалар сендер қандай өнерлі, талапты, тәртіпті, ақылды баласыңдар. Өнерлерің өркендей берсін!
Жүргізуші: Алтын бесік – ағайын, жұрт,туғаным,
Дос бөліссе қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзіне Тіл заңын.
Жүргізуші: Балалардың әнін тамашалаңыздар «Әрқашан күн сөнбесін»(үш тілде)
Жүргізуші: Енді сөз кезегін балабақша меңгерушісі: Смағулова Жанна Есмухаметовнаға.
Ахмолдиова Баян (Аққайың тобы)
Ахауова Жанар (Өрик тобы)
Жүргізуші: Ана тілің -арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте – деп «Туған тілді сақтайық» сайысымызды аяқтаймыз.
Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті.Олай болса, тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсінТамашалағандарыңызға рахмет. Қош,сау болыңыздар. (Үш тілде)