kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тренинг: Е?бекті? наны т?тті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тренинг: «Е?бекті? наны т?тті»

1 Кіріспе

Адам жанын т?сіне білу оны зерттей білу- ?лкен ?нер.З.Фрейд «Армансыз адам ?анатсыз ??спен те?» дегендей адам баласы мектеп бітіргеннен кейін,?зі арманда?ан маманды?ты? иесі болады. Жас жеткіншектер маманды? та?дауда ?ателеспеуі керек. Маманды?ты д?рыс та?дай білген адам : «Маманды?ым  ма?танышым» дей отыра  сол маманды?ты? ?ыры мен сырын ме?геріп, шы?ына жете білуі керек.

 Маманды? жай к?нелту а?ша табу емес. ?р адам ?з маманды?ынан рухани к?ш алып е?бекті? ра?атын к?реді. Адам ата? абырой?а кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, ?ажымас ?айратты, е?бектенуді керек етеді.

«?ялма?ан ?ле?ші болады ерінбеген етікші болады» деген хал?ымызды? даналы? с?зі бар.

Адам баласы ?алай болса солай с?йреуге к?не беретін тула? та емес,  ?алай ?а?са солай домалайтын «алланы?» добы да емес. Адам ?зіні? ы??айымен, еркімен ?ызмет ететін жан. Кісі іштен ту?аннан а? белгілі бір ?нерге, ?ызметке икем болып туады.Бас?аша айт?анда, ?р адамда бір н?рсеге талап ы??ай ?абілет немесе зеректік болады. Біреу бала о?ыту?а, біреу мал ба?у?а, біреу ?скерлікке, біреу жазушылы??а, біреу д?рігерлікке,біреу сауда?а,біреу с?зге, біреу дау?а ы??айланып жаралады. ?рбір адам ?з ж?мысын бар ы?ыласымен ат?арса е?бегіні? жемісі де т?тті болады. Ол аз тапсын к?п тапсын шын ниетімен тап?ан наны ?р?ашан да берекелі болма?.

  1. «Танысу»

Б?гінгі ж?мысымызды танысудан бастайы?.

  1. «Арт терапия»

Енді келесі ж?мысымыз?а келетін болса? ол- арт терапия, я?ни ше?бер бойынша сурет саламыз. Біз бір ?жымда е?бек етіп ж?ргендіктен ж?мысымыз байланысты бол?анды?тан ойымыз бір жерден шы?атыны с?зссіз.?олдары?ыз?а  алдары?ыз?а берілген а? пара?пен ?арындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап т?рады, музыка то?та?ан кезде сіздер ?здері?із сал?ан  суретті келесі адам?а жал?астырасыз. Осылайша ?з суреті?із ?айта орал?анша ше?бер бойымен жал?аса береді. ?зіні? баста?ан суреті ?зіне келгенде,?з суреттеріне ?арай та?ырып беріп талдау ж?мысы ж?ргізіледі.

  1.  «Ой тол?ау»

С?ра? жауап.

Педагогикалы? ?деп дегенді ?алай т?сінесіз?

 

Жауап: Педагогикалы? ?рдісте ?рбір т?рбие м?селесін шешуде жеке адамдармен не ?жыммен ?арым ?атынас жасауда к?рінетін сапа.

 

Педагогикалы? ?абілет дегенді ?алай т?сінесіз?

 

Жауап: Жеке адамны? педагог ретінде балаларды т?рбиелеуде жо?ар?ы к?рсеткіштерге  жету шарты болып табылатын психологиялы? ерекшелік.

 

Дарындылы? дегеніміз не?

 

Жауап: ?абілеттерді? ?те жо?ар?ы де?гейі, адам м?мкіншіліктеріні? ?р т?рлі сапада  ерекше сипат?а ие болуы.

 

Жа?ашыл педагог дегенді ?алай т?сінесіз ?

 

Жауап: ?зіндік ерекшелігі барт, шы?армашылы? зертханасын жетілдіре т?сетін, о?у т?рбие ж?мысын ж?ргізуді? ?дістемелік ерекшеліктерін дамыта алатын педагог.

 

Педагогикалы? шеберлікті ?алай жетілдіруге болады?

Жауап: ашы? саба?тар?а ?атынасу, ?дістемелік басылымдар ар?ылы іздеу, білім жетілдіру курсына ?атысу, т?жірибе алмасу, ?алалы?, облысты? семинарлар?а ?атысу.

 

Ма?алды жал?астыр.

Жас кезімде бейнет бер

?артай?анда д?улет бер

Е?бек ерлікке жеткізер

Ерлік елдікке жеткізер

Е?бек ширатады

?мір ?йретеді

Е?бекте ?орлы? жо?

Шынды?та зорлы? жо?

Халы? ?азы

Е?бек таразы

Е?бек т?бі ?уаныш

Сауда т?бі реніш

Ж?мысы жемістіні?

?мірі келісті

Е?бексіз тап?ан мал

Есепсіз кетер

Е?бектен ?ашпа

Ырысы?ды шашпа

К?п е?бегі к??ілді

Е?бек ет те міндет ет.

  1. «Си?ырлы орынды?»

??рметті ?стаздар ?азір біз мына си?ырлы орынды??а кім лайы?ты сол адамды аны?таймыз ол ?шін мен мынадай с?ра? ?оямын.Осы жанар балаба?ша ?жымында?ы білімді,а?ылды,шебер,т?зімді ??ыпты,белсенді,е?бек?ор, ал?ыр,тияна?ты ?з ісіне жауапты, берілген тапсырманы дер кезінде орындайтын с?зі ?ткір т?л?а ретінде кімді ?сынасыз?

 Ойын шарты: мен сіздерге кішкене пара?ша тар?атамын сол жерге сіздер жауабын жазасыздар. Кім к?п дауыс жинайды,сол адам си?ырлы орынды??а отырады. Б?ріміз сол адам?а жа?ымды комплимент айтамыз.

 

  1. «Релаксация»

К?зімізді ж?мып,  тере? демалып,еркін тыныстайы?. Жайма шуа? к?ктем мезгілі, к?н жып жылы, н?рын шашып т?р. Жылуын шаш?ан к?н н?ры ая?ы?ыз?а т?сіп,б?кіл т?ла бойы?ызды жылулы? кернеп алды. Барлы?ымыз дала?а шы?амыз. Далада а?аштар жапыра?ын жай?алтып, гулдеп жасыл желекке айнал?ан. ?рбір а?ашты? жанынан ?ткен сайын жасыл жапыра?ты? иісін сезінесіз, ?ыз?алда?тарды? арасында келе жатырсыз. Екі ?абатты автобус к?тіп т?р, автобус?а мінесіз де саяхат?а ?ала аралау?а шы?асыз. ?сем ?аланы аралап келесіз. ?аланы? ?демілігіне к?зі? тоймайтын керемет сезімдесіз. ?сем ?аланы? орталы?ында орналас?ан ?мбебап д?кенге кірді?із,д?кеннен ?зі?ізге ?на?ан бір н?рсені сатып алы?ыз. Кері автобус?а мініп ?сем ?уенмен т?ла бойы?ызды сергітіп, к?кірегі?із шатты??а толы ж?зі?ізбен оралы?ыз. «Мен салма?тымын, т?зімдімін, ?иынды?ты же?іп келемін, келешекте мені жа?сы к?ндер к?тіп т?р?анына сенімдімін» деп ?зі?ізге айты?ыз.Тере? демалып к?зімізді ашайы?.

6. А?ашта?ы адамдарды? к??іл-к?йі ?рт?рлі ж?не ?р?айсысыны? ?зіне ?ана т?н орны бар. Е? алдымен, ?зі?ізге ?айсысы к?бірек ??сайтынын аны?та?ыз. Артынша ??са?ы?ыз келетін адамды та?да?ыз


 


Тест жауабы:

1) Ешн?рседен ?оры?пайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, 7 позицияларды та?дайды.

2) ?андай жа?дай болмасын достарынан ?ол?шын аямайтын, а?к??іл адамдар №2, 11, 12, 18 ж?не 19 позицияларды та?дайды.

3) Кез келген ?иынды?ты о?ай ?ткеріп отыратын адамдар №4 позицияны та?дайды.

4) Шарша??ы, к??ілсіз ж?ретін адамдар №5 позицияны та?дайды.

5) К??іл к?теруді ?натып, той-томала?тан ?алмайтын адамдар №9 позицияны та?дайды.

6) Іштей ?апаланып, ?немі уайымдап ж?ретін, к?пшілікті? ортасында ж?руді ?натпайтын адамдар № 13, 21 позицияны та?дайды.

7) ?зімен сырласып, ?зі ?ана білетін ?лемде  ?мір с?ретін жандар №8 позицияны та?дайды.

8) ?мірді? ?р с?тін ба?алап, жан тынышты?ын ?алайтын адамдар №10, 15 позицияларды та?дайды.

9) Ба?ытсыз, та?дырына ла?нет айтып ж?ретін жандар №14 позицияны та?дайды.

10) Айналасында?ыларды ?зіне ба?ындырып, м?мкіндіктерін асыра сілтейтін адам №20 позицияны та?дайды.

11) К?пшілікті? ы?ыласына б?ленгенді ?нататын, ?згелерді? пікіріне толы?тай т?уелді жандар №16 позицияны та?дайды. К?п жа?дайда №17 позицияда?ы адамнан ?олдау к?теді.

  1. «Жылы лебіз»  бір бірлері?ізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тренинг: Е?бекті? наны т?тті »

Тренинг: «Еңбектің наны тәтті»

1 Кіріспе

Адам жанын түсіне білу оны зерттей білу- үлкен өнер .З.Фрейд «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей адам баласы мектеп бітіргеннен кейін ,өзі армандаған мамандықтың иесі болады . Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам : «Мамандығым мақтанышым» дей отыра сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп , шыңына жете білуі керек.

Мамандық жай күнелту ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып еңбектің рақатын көреді. Адам атақ абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді.

«Ұялмаған өлеңші болады ерінбеген етікші болады» деген халқымыздың даналық сөзі бар.

Адам баласы қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ та емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес . Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін жан. Кісі іштен туғаннан ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады.Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап ыңғай қабілет немесе зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке ,біреу саудаға ,біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Әрбір адам өз жұмысын бар ықыласымен атқарса еңбегінің жемісі де тәтті болады. Ол аз тапсын көп тапсын шын ниетімен тапқан наны әрқашан да берекелі болмақ.

  1. «Танысу»

Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық.

  1. «Арт терапия»

Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ ол- арт терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Біз бір ұжымда еңбек етіп жүргендіктен жұмысымыз байланысты болғандықтан ойымыз бір жерден шығатыны сөзссіз.Қолдарыңызға алдарыңызға берілген ақ парақпен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салған суретті келесі адамға жалғастырасыз. Осылайша өз суретіңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзінің бастаған суреті өзіне келгенде ,өз суреттеріне қарай тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі.

  1. «Ой толғау»

Сұрақ жауап.

Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз?



Жауап: Педагогикалық үрдісте әрбір тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен қарым қатынас жасауда көрінетін сапа.



Педагогикалық қабілет дегенді қалай түсінесіз?



Жауап: Жеке адамның педагог ретінде балаларды тәрбиелеуде жоғарғы көрсеткіштерге жету шарты болып табылатын психологиялық ерекшелік.



Дарындылық дегеніміз не?



Жауап: Қабілеттердің өте жоғарғы деңгейі , адам мүмкіншіліктерінің әр түрлі сапада ерекше сипатқа ие болуы .



Жаңашыл педагог дегенді қалай түсінесіз ?



Жауап: Өзіндік ерекшелігі барт , шығармашылық зертханасын жетілдіре түсетін, оқу тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерін дамыта алатын педагог.



Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?

Жауап: ашық сабақтарға қатынасу, әдістемелік басылымдар арқылы іздеу, білім жетілдіру курсына қатысу, тәжірибе алмасу, қалалық, облыстық семинарларға қатысу.



Мақалды жалғастыр.



Жас кезімде бейнет бер

Қартайғанда дәулет бер





Еңбек ерлікке жеткізер

Ерлік елдікке жеткізер





Еңбек ширатады

Өмір үйретеді





Еңбекте қорлық жоқ

Шындықта зорлық жоқ







Халық қазы

Еңбек таразы



Еңбек түбі қуаныш

Сауда түбі реніш





Жұмысы жемістінің

Өмірі келісті





Еңбексіз тапқан мал

Есепсіз кетер



Еңбектен қашпа

Ырысыңды шашпа





Көп еңбегі көңілді





Еңбек ет те міндет ет.



  1. «Сиқырлы орындық»

Құрметті ұстаздар қазір біз мына сиқырлы орындыққа кім лайықты сол адамды анықтаймыз ол үшін мен мынадай сұрақ қоямын.Осы жанар балабақша ұжымындағы білімді,ақылды,шебер,төзімді ұқыпты,белсенді,еңбекқор, алғыр,тиянақты өз ісіне жауапты, берілген тапсырманы дер кезінде орындайтын сөзі өткір тұлға ретінде кімді ұсынасыз?

Ойын шарты: мен сіздерге кішкене парақша тарқатамын сол жерге сіздер жауабын жазасыздар. Кім көп дауыс жинайды,сол адам сиқырлы орындыққа отырады. Бәріміз сол адамға жағымды комплимент айтамыз.



  1. «Релаксация»

Көзімізді жұмып, терең демалып ,еркін тыныстайық. Жайма шуақ көктем мезгілі , күн жып жылы , нұрын шашып тұр. Жылуын шашқан күн нұры аяғыңызға түсіп ,бүкіл тұла бойыңызды жылулық кернеп алды. Барлығымыз далаға шығамыз. Далада ағаштар жапырағын жайқалтып, гулдеп жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезінесіз, қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Екі қабатты автобус күтіп тұр, автобусқа мінесіз де саяхатқа қала аралауға шығасыз. Әсем қаланы аралап келесіз. Қаланың әдемілігіне көзің тоймайтын керемет сезімдесіз. Әсем қаланың орталығында орналасқан әмбебап дүкенге кірдіңіз,дүкеннен өзіңізге ұнаған бір нәрсені сатып алыңыз. Кері автобусқа мініп әсем әуенмен тұла бойыңызды сергітіп, көкірегіңіз шаттыққа толы жүзіңізбен оралыңыз. «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін» деп өзіңізге айтыңыз.Терең демалып көзімізді ашайық.







6. Ағаштағы адамдардың көңіл-күйі әртүрлі және әрқайсысының өзіне ғана тән орны бар. Ең алдымен, өзіңізге қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтаңыз. Артынша ұқсағыңыз келетін адамды таңдаңыз.











Тест жауабы:

1) Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, 7 позицияларды таңдайды.

2) Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар №2, 11, 12, 18 және 19 позицияларды таңдайды.

3) Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4 позицияны таңдайды.

4) Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адамдар №5 позицияны таңдайды.

5) Көңіл көтеруді ұнатып, той-томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны таңдайды.

6) Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адамдар № 13, 21 позицияны таңдайды.

7) Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде  өмір сүретін жандар №8 позицияны таңдайды.

8) Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар №10, 15 позицияларды таңдайды.

9) Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін жандар №14 позицияны таңдайды.

10) Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам №20 позицияны таңдайды.

11) Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне толықтай тәуелді жандар №16 позицияны таңдайды. Көп жағдайда №17 позициядағы адамнан қолдау күтеді.



  1. «Жылы лебіз» бір бірлеріңізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.



Ақылды Білімді



Мейірімді Әдепті









Бауырмал Әдемі







Еңбекқор Жауапты









Пунктуалды Шыншыл







Белсенді Тиянақты





Ұқыпты Сабырлы







Инабатты Ақкөңіл









Батыл Көңілді



Парасатты Шыдамды







Мәдениетті Кешірімді







Салмақты Кішіпейіл











Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз?











Педагогикалық қабілет дегенді қалай түсінесіз?









Дарындылық дегеніміз не?













Жаңашыл педагог дегенді қалай түсінесіз ?











Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?















Мақалды жалғастыр

Жас кезімде бейнет бер

Қартайғанда ................







Мақалды жалғастыр



Еңбек ерлікке жеткізер

Ерлік .........................









Мақалды жалғастыр



Еңбек ширатады

Өмір ......................









Мақалды жалғастыр



Еңбекте қорлық жоқ

Шындықта ...............









Мақалды жалғастыр



Халық қазы

Еңбек.............



Мақалды жалғастыр



Еңбек түбі қуаныш

Сауда түбі ............



Мақалды жалғастыр



Жұмысы жемістінің

Өмірі ..................







Мақалды жалғастыр



Еңбексіз тапқан мал

Есепсіз .............







Мақалды жалғастыр





Еңбектен қашпа

Ырысыңды...........







Мақалды жалғастыр



Көп еңбегі ...........







Мақалды жалғастыр



Еңбек ет те ................

























Бала - басты байлығымыз, 
Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. 

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.
Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен бірлескен жұмысты көрсету мақсатында Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебінде жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында өткізілген ашық есік күні. 

Әке – білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары. 
Ана – тамыр бойымен бәріне де, 

Тіршіліктің жылуы таралады, - демекші ашық есік күнінде әр сыныпта ел тірегі болашақ ұрпақтың бойына адамгершілік, рухани жылулық дарытар түрлі тәрбиелік іс-шаралар 
ата-аналармен, қоғамдық орындардың қызметкерлерімен, мектеп оқушыларымен бірлесе атқарылды. 
Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн?!
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұспа тұс келген тағылымы мол іс шара «Қария сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында салт-дәстүрмен, дүниеге жаңа келген жас нәрестеге бата беру дәстүрімен басталып,

Армандарым көп менің, 
Атқарамын деп келдім. 
Оқып білім, ғылымды. 
Тәрбие алам, - деп келдім деген мақсатпен мектеп табалдырығын аттаған оқушылардың бүгінгі күнде жеткен жетістіктерін көрсететін тәрбие сағаттарымен жалғасты. Атап айтар болсам, мектеп ғимаратындағы «Балдәурен » шағын орталығында «Отбасым – алтын діңгегім» тақырыбында қызықты сәт, даярлық сыныптарында «Аялы алақан», дамыта түзету сыныбында «Біз де өзгелер сияқтымыз» тақырыптарында тренингтер, әжелермен бірлесе отырып «Страна веселых бабушек и озорных внучат» тақырыбында мерекелік байқау, 

«Ата-аналар» мектебімен бірлесіп «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» тақырыбында дөнгелек үстел, «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Бабаның еккені – балаға сая», «Өнерлінің өмірі көркем», «Атадан - өсиет, анадан - қасиет», «Отбасым – бақыт мекені» тақырыптарында танымдық ойын, сахналық қойылым, байқаулар және «Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан болсын?!» тақырыбында қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілді. 

Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «… Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу – әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Адамзаттың ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті» деген болатын. Шынымен де Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. 
Іс-шара барысында тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абайдың

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, - деген қағидасын басшылыққа алып, білім мен өнерді қос қанаты санайтын өнерлі өрендердің қатысуымен сахналанған Мұхтар Әуезовтың «Абай трагедиясы» көрсетілді.

Болашақ ұрпаққа тәлімі мол тәрбие берерлік ашық есік күні «Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбында «Сонымен, солай дейік...» теле жобасы бойынша пікірлесуге ұласты. Бағдарлама барысында арнайы шақырылған сарапшылар: ата-аналар атынан еңбек ардагері М.Ермекова, білім бөлімінің әдіскері Д.А.Бірмағанбетов, кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің бастығы А.А.Мауленова, С.Қожамқұлов атындағы драма театрының әртісі А.Ш.Шоман, балалар мен жасөспірімдер сарайы директорының орынбасары С.А.Темірбековалар жұмбақ кейіпкердің пікірімен ой бөлісіп, жиналған қауымға, жас ата-аналарға, оқушыларға ақыл – кеңестерін берді. 
Қорыта келгенде мектеп – жанұя – қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтқанда ғана 
ұлымыз рухты, қызымыз ғұрыпты болмақ.

















Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту,көркем әдебиет,ән-күй

Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: Барысы: Балалар әнмен екеу-екеу болып топқа кіреді.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

 

І Ғажайып сәт.

Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

 

Дилбек:Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Севинч:Ана тілім
Жүрегісің анамның
Жүрек – ана
Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Айнура:Ақыл – ойындананың,
Анатілденаламыз.
Анатілімардақты,
Ақсүтіндейанамның.
Феруза:Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

 

Зилола:Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі

 

— Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

 

ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

Ақилжон:Тілтасжарады,
Тасжармаса бас жарады.
Билол:Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Зилола:Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Жасур:Өнер алды — қызыл тіл.
Бехруз:Жақсы сөз – жарым ырыс.

ІІІ Тәрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

 

Төле би:
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қазыбек би:
Жетер енді әркімге бір ермейік,
Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,
Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би:
Қазақ, қазақ болғалы,
Тіл үшін күрес көргені.
Көргені көп тілімнің,
Мүмкін емес өлмегі.

 

Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті.
ІV Жұмбақ шешу

 

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.  (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

 

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде (алма)

 

Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады?  (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)

 

V Құрастыру ойыны.

Қорытынды.Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.









1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тренинг: Е?бекті? наны т?тті

Автор: Смаилова Лаззат Жанарысовна

Дата: 02.10.2015

Номер свидетельства: 235635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства