Просмотр содержимого документа
«Тренинг-ойындар "Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту"»
Фонематикалық есту қабілетін
дамыту үшін арналған ойындар
№ 1 «Тында да айт» Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер. ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады. Ойын барысы: Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алдымен балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.б. ІІ-нұсқа. Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан танып атайды.
№ 2 «Зейінді тыңда» Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту. Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.
№ 3 «Шапалақта» Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша инструкциясы бойынша орындауға үйрету. Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады. Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, балалар тек қана «он» сөзіне шапалақтау қажет. Қателескен бала ойыннан шығады.
№ 4 «Естігенде шапалақта» Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді. ІІ –нұсқа Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен белгілеу.
№ 5 «Бірінші дыбысты ата» Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту. Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады. «Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.
№ 6 «Ұйықтама, сөзді тез ата» Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестіруін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту. Құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атауды ұсыну.
№ 7 «Қайтала» Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту. Құралдар: даңғыра, дауылпаз. Ойын барысы: Ойынды топпен де, жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.
№ 8 «Сөзді аяқтап көмектес» Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру. Құралдар: Заттық суреттер Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.
№ 9 «Дыбыс қайда тығылды?» Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау. Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстың орнын анықтау керек.
№ 10 «Тізбек » Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету. Құралдар: Заттық суреттер Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сол оның соңғы дыбысынан басталатын суретті қояды т.с.с.жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан
№ 11 «Суретті таңда» Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету. Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер. Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)
№ 12 «Суретті тіз» Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету. Құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бір неше суреттер. Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды. (С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ (П) – пальто, піл, пияз, парақ, парта. Т.б
№ 13 «Дыбысты ата» Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету. Құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіреді
№ 14 «Керекті сөзді көрсет және ата» Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөздегі дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с — з, с — ц, ш — ж, ч — щ, с — ш, з — ж, ц — ч, с — щ, л — р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету. Ойын барысы: Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу. С Асқат пен Мақсат Жамап – жасқап, Жасапты он шақты аспап, Соның ішіндегі Ақ сапты аспабы Жап — жақсы аспап.
З Сыздық судан сүлік сүзді, Сыздықтың сүлік салмасын үзді. Салмадан сүлік сытылып шығып, Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
№ 15 «Кім жақсы тыңдайды?» Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеуге үйрету. Ойын барысы:
1 — нұсқа. Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызып тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ). Сөздер: шапка, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып. Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
2 — нұсқа. Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
3 — нұсқа. Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді
№ 16 «Сөздер дауыстап және ақырын айт» Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына, дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру. Ойын барысы: Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда: Сыздық судан сүлік сүзді Сыздықтың сүлік салмасын үзді. Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады. Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, буынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.
№ 17 «Қандай дыбыс барлық сөздерде бар?» Мақсаты: фонематикалық қабылдауын және дыбыстық талдаудың элементтеріндамыту, сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау. Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр. Әрі қарай сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады. Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі — с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р; Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.
№ 18 «Сөздегі бірінші дыбысты айт» Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту. Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқада сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстарды нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)
№ 19 «Сөздегі соңғы дыбысты айт» Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту. Көрнекі құрал: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас ) Ойын барысы: Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екінші жаққа бөлінеді.
№ 20 «Асықпай ойлан» Мақсаты: Балаларға тез ойлауына бірнеше тапсырмалар беріледі және сөзде берілген дыбысты анықтауын тексереді. Ойын барысы: «Бал» сөзіндегі соңғы дыбысқа сөз ойлап табу. Қар сөзіндегі соңғы дыбысы бар құстың атын есіңе түсір (торғай, тырна, қарға…) Бірінші дыбысы қ – болғандай, соңғы дыбысы Ш болғандай сөздерді ойлап тап. (Қарандаш, Қамаш, қамшы, қайшы…) Егер ТО-ға бір дыбысты қосса қандай сөз болады? (тон, тор, ток, топ) Барлық сөздер бірдей дыбыстардан басталғандай сөйлем құрастыр: ж — Жазда Жанат және Жанар жылғаның жағасында жарысып жүгірді. Бөлмеде екінші дыбысы а болғандай сөздерді ойлап табыңдар (тарақ, қалта, тарелка, тақта…)