kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "К?ктем аруы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ша?ын орталы??а арнал?ан т?рбие са?аты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "К?ктем аруы"»


Әдемі безендірілген залга музыка әуенімен балалар қол ұстасып кіреді. «Анаға сыйлаймыз» әні орындалады.

1 – жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар! «Көктем аруы» атты байқауына қош келдіңіздер. Сіздерді келе жаткан 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз!Түнде ұйқыларыңыз, күндіз күлкілеріңіз ұрланбасын. Отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз.Тек шаттықа кенеле беріңіздер!

2 – жүргізуші: «Көктем аруы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер:

Қуантады біліммен Алема қыз,

Қол соғып анасымен қарсы аламыз.

Білімің серік болсын талабыңа

Бүгінгі қабыл болсын тілегіңіз!

1 – жүргізуші:

Сабырлы әрі салмақты,

Маржан біздің ардақты

Қияға қиялымен ғарыштайды,

Өнерін анасына бағыштайды.

2 – жүргізуші:

Бәріміз жақсы көретін,

Анасын әркез сүйетін

Келесі біздің Меруерт қыз

Шырқап ән салып беретін.

1- жүргізуші:

Құлпырған дала гүліндей,

Жүресің әркез күлімдей,

Арманыңа аңсаған Дильназ қыз

Ақ ниетпен жет сүрінбей

2 – жүргізуші:

Аяулым біздің ардақты,

Жүреді әр кез салмақты

Ән салады,би билеп,

Қуантады баршаны – деп келесі қызымызды ортаға шақырайық.

1 – жүргізуші:

Ендігі кезекте әділ-қазылар алақасымен танысайық.

1.

2.

3.

2 – жүргізуші: Сайыстың шарттарына келетін болсақ

1.Мен қазақтың ерке қызымын. (таныстыру)

2.Өнерліге өріс кең. (ән, би сайысы)

3.Шебердің қолы ортақ.

4.Сән үлгісі.




1 – жүргізуші

1.Таныстыру.

Өнер қуып бүлдіршін өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін

Бәске түскен бүлдіршін

Таныстырып өздерін өтер деймін, - деп сайысымыздың алғашқы шартына кезек берейік.

Алема;

Алема деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Қатысуға сайысқа

Келіп тұрмын қалыспай.

Өнерімді көріңдер

Маған баға беріңдер.

Аяулым;

Қанат,Шахизат ата-анам

Офицер ұстаз атанған.

Әкем койып атымды,

Аяулым деп атаған

Сайысқа бәріңіз келіңіз,

Өнерімді көріңіз

Мен жеңем деп отырмын,

Бағасын әділ беріңіз.

Маржан;

Таныстырсам өзімді

Бауржанқызы Маржанмын

Бұл сайысқа қатысып.

Талаптанып көремін,

Әнді жақсы айтамын,

Болып жаткан сайыста

Бакты сынап мен бүгін,

Жеңімпаз болып қайтамын.

Меруерт;

Бір үйдәң кішкентай қызымын.

Меруерт атым,Талғатқызымын

Ән айтам,би билейм дөңгелеп,

Гүләмән бүгінгі қыз сынының.

Дильназ;

(Әр топ өздерін таныстырып өтеді)

Келесі кезегімізді ару қыздарымызға арналган «Балбөбек» тобының «Балабақша» әнін қабыл алыңыздар.

2 – жүргізуші:

2.Өнер. Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі осы топтың сайысында

Әркімдер аянбай-ақ жан салыпты – деп қатысушылардың өнерін тамашалайық.

(Өз өнерлерін көрсетеді)



1 – жүргізуші:

3.қол өнер.

Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып

Мерекелік қолөнер жасапты

Қыздары мен аналары бірлесіп.

Үйден жасап әкелген қол өнерлерін әділ – қазылар алқасының алдында таныстырып өтсе дейміз.

Енді әділқазыларымыз қол өнер сайысынада баға бергенше біз балаларымыздың «Қуыршақ» биін тамашалайық.

2 – жүргізуші:

Сайысқа қатысушыларымыз «сән үлгісін» көрсетуге дайындалып жатқанда, көрермендер ойын өткізіп жіберейік.

Ойынның аты «Тауып ал»

Ойынның шарты: анасы көзін жұмып, өз баласын тауып алу керек.

1 – жүргізуші:

4.сән үлгісі.

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айымен таласатын

Өнеріне көркі сай келіп тұрған

Балаларға қызығып қарайсың – деп сән үлгісіне кезек берейік.

2 – жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің аналарына арнаған шағын сыйлықтарымен тақпақтарын тыңдасақ.

Бәрімізге анасың (Меруерт)

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

Бесікті кім тербеткен (Мерей)

Алдына алып тербеткен

Ертегі айтып сендерге

Сый – сыяпат көрсеткен

Анашым – алтыным.

Біз доспыз гүлдермен (Камила)

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анаға сыйлаймыз.


Ана біздің күніміз (Ислам)

Ана біздің гүліміз

Ұландары қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.


Сырнай тартып би билеп (Алема)

Тойларыңа балалар

Бағалаймыз еңбегін

Аман болсын аналар.

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әженіде ардақтап

Әдеппен бас иеміз. (Сағындық)

Сеніміңді ақтайды

Еркелеткен балашың (Ажар)

Аман жүрші әрқашан,

Мұңаймашы анашым.


Келбетіңе ұлылық, (Қайсар)

Даладан кең пейілі

Ана деген жылылық

Ана деген мейірім.


Анаң күнің жүрегің (Інжу)

Әкең өмір тірегің

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын.


Ақыл құйған санама, (Бақдәулет)

Күнненде артық, расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.


Баланың да тірегі (Алихан, Нұрали)

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.


Мәпелейсің мені анам (Мақпал,Сулейман)

Қолыңдағы құсыңдай,

Құлпыра өсіп, дем алам

Құшағыңда қысылмай.


Гүл – гүл жайнап бәріміз (Ералы)

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз!


Менің әжем, жыр әжем (Аяулым)

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем.

Ана көркі көгімнің (Ильяс)

Ана нұры жерімнің

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің.


Әлпештеген баласын (Айару)

Ана – бақыт, ана – күн!

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын!


Жүзімізге қарасаң (Аңсар)

Біз бақытты баламыз

Бізге қымбат құшағы

Бізге қымбат анамыз!


Сіздерге бүгін сый құрмет (Дильназ)

Жан анашым мейірім

Қаласаңыз би билеп

Әнде айтып берейін.


Бәрімізге анасың (Алинур)

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.


Менің әжем, ақ әжем (Алина)

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.


Үн катасың бал тілмен

Еркелеймін әр кун мен

Құттықтаймын Анашым

Сегізінші Наурызыңмен (Маржан)


Қамқоршы боп жүресің (Мирас)

Тыным таппай анашым,

Бар жұмысты тындырып

Бірге ойнайсың менімен.


Қысылып еш саспаңдар, (Дамир)

Қызықты ойын бастаңдар

Аналардың көңілін

Көтеріп бір тастаңдар.


Сыйлаймын мен анамды

Саған арнап жаттадым

Мейрамыңмен бүгінгі

Құттықтаймын анашым (Алижан)






1 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші,

Тобымыздың жеңімпазы деп жүрейікші

Әділ – қазы алқасына тек әділдікті

Ал қатысушыларға сәттілік тілейікші.

Келесі сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.

Қатысушыларды марапаттау.

Осымен «Көктем аруы» атты сайысымыз аяқталды қош сау болыңыздар.






































Ахмер орта мектебі

«Балдаурен» шағын орталығы

«Балбөбек» тобы



















Тәрбишілер: Нигыметжанова А. К.










Өскемен қаласы,

2016 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "К?ктем аруы"

Автор: Нигыметжанова Айнур Кадылбековна

Дата: 29.06.2016

Номер свидетельства: 336586


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства