Тексерілді:
«Өркен» бөбекжай әдіскері: Туякова Д.Д.
«Теректі аудандық білім беру бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Өркен» бөбекжайы МКҚК "Балапан» I кіші тобында ұйымдастырылған ертеңгілік жоспары
Қош келдің , Жаңа жыл, Жаңа жыл
Зал жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген әдемі киінге әуенмен залға кіріп, шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,қонақтар,балалар Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл барлықтарыңа денсаулық бақыт әкелсін.
Құттықтау сөз: «Өркен» бөбекжай директоры:У.Ж.Балтабайқызына беріледі.
Жүргізуші: Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Қараңдаршы балалар,
Әдемі мына шыршаға.
Жылтырайды шамдары ,
Ойыншықтары көп екен.
-Балалар,қараңдаршы шырша қандай әсем, көрікті әдемі моншақтарын тағып алып,сіздерді күтуде ,кане көрікті шыршамызға арналған тақпақтарымызды айтайық.
Даяна.: Жаңа жылмен !
Жаңа жылмен !
Құттықтаймыз әрине ,
Әкемізді,анамамызды,апайларды.
Қонақтардың бәрінде.
(Балалар тақпақтарын айтады.)
Жүргізуші:Балалар, естіп тұрсыңдар ма, сырттан біреудің даусы шығып тұрған сияқты.
(Ақшақар жүгіріп келеді .)
Ақшақар:Балалар, мені мыстан кемпір қуып келе жатыр.Маған көмек беріңдерші.
Мен тығылып қалайын.
Жүргізуші: Балалар, көмек береміз бе?
Балалар:Иә.Тез, тез тығыл ақшақар. (Залға мыстан кемпір жүгіп келеді)
Мыстан кемпір: Осы жерге Ақшақар келді ғой,ол қайда?
Тезірек тауып беріңдер.Бұл жерде не боп жатыр.?
Барлығың әдемі киніп алыпсыңдар ғой.Ох-ох,фу,фу.
Жүргізуші: Келіңіз бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлаңыз.
Мыстан кемпір: Жоқ, жоқ маған Ақшақарды тауып беріңдер.Оның әдемі сұлулығын
өзіме алғым келеді .
Жүргізуші: Сіз оданда біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Мыстан кемпір: Жоқ,-жоқ ,меніңде қызым бар,соны ертіп келейін .(Шығып кетеді.)
Сол кезде тышқан жүгіріп келеді.
Жүргізуші: А-а, тышқан ,бұл сен екенсің ғой.Мына сандықты тесіп,ішіне кіргің
келіп жүр ғой солай ма?
Тышқан:Иә, сандықты тесейін десем,тісім өтпейді. Исі мұрнымды жарып барады.
Жүргізуші: Оның ішінде сыйлықтар бар,бірақ ол жабық кілтіде көрінбейді,мүмкін
Аяз атада болар.Сандықтың ашылуы үшін ән ,тақпақ айтып би билеу керек болар,-деп
жазылған екен.Олай болса біздің өнерлерімізді тамашалаңыз.
Би: «Шыршалар»
Тышқан: Сандықты мен таптым сен армандамай –ақ қой.
Тышқан досы мысықты шақырады.
Мысық: Мяу Мяу тышқан дейсіңдерме? Онда мен тышқанды жеп қояйын
Жүргізуші:
Жоқ, Бүгін мереке ғой?
Жаңа жылды бізбен бірге қарсы алаыңдар.Тышқан мен мысық мерекемен құттықтайды.
Ақшақар: Рахмет балалар, сендер мені мыстан кемпірден құтқардыңдар.
Сол үшін бәріміз сандықты ашып көрейік.Сандақты ашады ашылмайды.
Жүргізуші: Мүмкін Аяз ата ашатын шығар. Аяз атаны шақырайық.
Балалар: Аяз-ата-ау-ау-ау.
(Әуенмен Аяз ата кіреді)
Аяз ата: Армысың ба ұлдарым.
Амансың ба қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Мен сендерге сонау алыстан келдім.
Ақшақар: Аяз ата, қош келдіңіз Біз мына сандықты аша алмай жатырмыз. Көмектесесізбе
Аяз ата: Әрине, тек ол үшін бәріміз мына әсем шыршаны айнала ән айтайық (Хоровод)
Жүргізуші: Сандықты ашады. Аяз ата сыйлықтарын үйлестіреді.
Аяз ата: Балаларым, өнерлі, білімді екенсіңдер!
Дегенмен бізді де күтіп отырған басқа балалар бар. Кететеін уақыт болды. Сау болыңыздар
Тексерілді:
«Өркен» бөбекжай әдіскері: Туякова Д.Д.
«Теректі аудандық білім беру бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«Өркен» бөбекжайы МКҚК "Балапан» I кіші тобында ұйымдастырылған ертеңгілік жоспары
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл,Жаңа жыл!»
Өткізген: Гарифуллина Ф.Р