kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тілашар - білімге жол ашар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу шеберлігіне үйрету, тілдерін сындыру, жаттықтыру, тіл байлықтарын, сөздік қорын дамыту.Зейінділікке, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімге, өнерге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тілашар - білімге жол ашар»

«Тілашар – білімге жол ашар!» атты тілашар тойы.

Мақсаты:

а)Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. б)Сөйлеу шеберлігіне үйрету, тілдерін сындыру, жаттықтыру,

тіл байлықтарын, сөздік қорын дамыту.

в)Зейінділікке, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, білімге, өнерге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктері: шарлар, гүлдер, әріптер, сандар, буклеттер.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ардақты ата – аналар, бақытты балдырғандар және көрермендер!

Бүгінгі «Тілашар – білімге жол ашар!» атты тілашар тойына

қош келдіңіздер!

Қуаныш бүгін – мереке

Шуағын шашып тұр әлем.

«Тілашар» тойы мектепте

Шәкірт, ұстаз, ата-ана

Қуаныш бүгін бәріңде.

Қазақ халқы той бастағанда шашу шашқан. Сол әдетті сақтап бізде ––––––––––––– әжесіне осы рәсімді жасатайық.

Қадамдарың құтты болсын! Жақсы, талантты шәкірт болыңдар!

(шашу шашылады)

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық!

Уа халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршінің ортада ,

Тілашарын алайық.

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім тапқыр?

Таланттарын табайық

Ал ендеше бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!

Даярлықтың жезтаңдай әншілері:

Даярлықтың суретшілері:


Даярлықтың спорт шеберлері:

Даярлықтың суретшілері:

Даярлықтың сүйкімді балалары:

Даярлықтың білімді де, дарынды балалары:

Даярлықтың еңбек десе ерінбейтін еңбекқор қыздары: Даярлықтың дарынды өнерпаздары:

Даярлықтың шешендері:

Даярлықтың кербезде сұлу қыздары:

Оқушының мойнына

Ақ жағасы жарасар

Кел , келіңіз тойыма

Тойымның аты - Тілашар


Мектеп - үлкен бағдаршам.
Ұстаз шырақ ұстаушы.
Екеуі де аңғарсақ,
Бағыт жолын нұсқаушы

Қымбатты ұстаздар,қадірлі тәрбиешім

Аямаған біз үшін тәрбиесін

Білімнің нәрін салып балаларға

Оятқан ақыл-ойын,жан-жүйесін

6 жасқа келгенім

Еркеліктен кеткенім

Кітабымды қолтықтап

Мектебіме жеткенім

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік

Қане ортаға салайық.

Ән :

Күлім қағып көкте күн

Тал шыбықтай көктедім

Әлдилейді анамдай

Мейірімдей мектебім.

Әліппеден әріп танып.

Алғашқы рет оқимыз

Тәрбиеден тәлім алып.

Санамызға тоқимыз.

Мектеп деген жақсы екен

Қызығы мол думанды

Жақсы көрем бәрінен

Әдемілеп жазғанды


Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тойладық

Завтра в школу я пойду,

Книжки, ручки соберу

В свой портфель красивый,

Я такой счастливый!

Матростар биі «Эх, яблочко ...»


Мектепке енді барамыз

Біз оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Күнде бестік аламы


Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!

Нағыз білім ырыс бақ.

Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа.

Кірісеміз дұрыстап.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсын

Ер жетті деп бөбегім

Ата-аналар қуансын.

Мектебім мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай боп кіресің

Таудай боп шығасың


Әліппеден әріп танып

Алғашқы рет оқимыз

Тәрбиеден тәлім алып

Санамызға тоқимыз

Ән : «Қошақаным »


Ойын :

Би:


Жүргізуші:

Сонымен қатар бүлдіршіндеріміз санамақта айта алады. Ендеше назар қойып тыңдайық.

Ретіменен тізбелі

Әрбір санды даралап

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ.

Ал айтайын санамақ.

Аңғар санын санап – ақ,

Бір – білеу.

Екі – егеу.

Үстік – үшеу.

Сабы – бесеу.

Саны – нешеу?


Бір дегенім – білеу

Екі дегенім – егеу

Үш дегенім – үскі

Төрт дегенім – төсек

Бес дегенім – бесік

Алты дегенім – асық

Жеті дегенім – желке

Сегіз дегенім – серке

Тоғыз дегенім – торқа

Он дегенім – оймақ

Он бір қара жұмбақ.

Бірім – бір

Екім – екі

Үшім – үш

Төртім – төрт

Бесім – бес

Алтым – алты

Жетім – жеті

Сегізім – сегіз

Тоғызым – тоғыз

Оным – он

Қайталашы. ай күнім.

Бір дегенім – бесік

Шықтым содан өсіп

Екі дегенім – елім

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт.

Төрт дегенім – төзім.

Бес дегенім –бақыт,

Бағалайтын – уақыт.

Ән: «Он саусақ»

Өзбек биі

Жүргізуші:

Балалар, сендер мектепке келіп шәкірт болдыңдар. Ендеше мектеп туралы қандай өлеңдер оқып бересіңдер?


Бар байлықты басқарып

Оқу –білім тұрады

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады

Здравствуй, школа! Снова осень.

Вновь зовёт учебный класс.

Мы учителя попросим

Увести в мир знаний нас.

6 –ға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асынып

Мектепке барам асыға

Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын ұям – мектебім

Spring is green

Summer is bright

Autumn is yellow

Winter is white

Ән: «Учат в школе»

Әдемі біз баламыз

Әр түрлі қимыл саламыз

Әсем ұл мен қыз болып

Әлемге әйгілі боламыз

Алты жасқа біздей толған баланы

Мектеп ана құшағына алады

Ата – ана қуаныңыз шаттанып

Шәкірт болды биыл міне балаңыз


Ата – анамнан кейінгі

Жақыным сенсін мектебім

Ер жеткенге дейінгі

Ақылым сенсің мектебім.

Я сегодня – первоклассник,

А вчера ходил в детсад.

У меня весёлый праздник,

Пусть игрушки полежат.


Оқып ғылым тектерін,
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім

Ән : «Балақан »

Баламыз біз бәріміз.

     Бір – бір үйдін сәніміз      

Бірге оқып ойнаймыз

Бейбітшілік әніміз


My cat is black

My cat is fat

I love my cat

My cat is rat

Хормен

Мектебім айтар әнім

Сан рет қайталадым

Өзіңнен алғанымды

Өзіңе қайтарамын

Ән: «Бала тілегі»

Ал енді ата- аналармен « Жалғасын тап» ойыны ойнатылады. І.Мақал – мәтелдің жалғасын табу.

  • Кітап - білім бұлағы,

Білім - өнер шырағы.

  • Ата – бәйтерек , бала жапырақ.

  • Бірлік болмай тірлік болмас.

  • Туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.

  • Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі.

  • Ас адамның - арқауы.

  • Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.


ІІ. Жұмбақтар.

  • Кім барлық тілді біледі? (жаңғырық)

  • Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? (мысық)

  • Бір бұтақ,

Бір бұтақта

Төрт бұтақ. (айыр)

  • Екі құлақты ,

Он еі аяқты. (домбыра)

  • Екі семсер айқасқан,

Оқта –текте шайқасқан. (қайшы)


Хор «Бізге мектеп үйретеді»


Жүргізуші:

Ата – ана қуанып бір шаттанасың

Оқып жүр деп балаңды мақтанасың ,

Алдарына бұлардың кім шығыпты,

Барлық мықты мектептен аттанарсың – дей келе «Тілашар – білімге жол ашар!» атты тілашар тойымызды аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға рахмет!
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тілашар - білімге жол ашар

Автор: Бердиева Ляззат Куанышкалиевна

Дата: 17.01.2018

Номер свидетельства: 450691

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "«Тілашар - білімге жол ашар»"
    ["seo_title"] => string(29) "tilashar_bilimghie_zhol_ashar"
    ["file_id"] => string(6) "408393"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1491908318"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства