kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?тешті? басынан кешкендері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жазыл?ан кеш 4-5 жаста?ы балалар?а арнал?ан.Ма?саты :ертегіні ты?дауды,кейіпкірлермен ?арым-?атынас?а т?суге уйрету,?й ??старын білуге уйрету.Оларды атау,дене б?лшектеріні?,пішіндерін ажырату?а,?са? заттармен ж?мыс жасау?а,та?тада ?а?аздардан балапан жасау?а т?рбиелеу.?ызыл,жасыл,к?к т?стерді ажырату?а ?йрету.К?рнекілік ретінде ?йшік,жазбалы а?аш бейнелері,боялма?ан ?теш,?теш б?лшектері,тауы? т.б. ?олданыл?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?тешті? басынан кешкендері"»

Таным: Тіл дамыту. Коршаған ортамен танысу. Құрастыру.

Тақырыбы: «Әтештің басынан кешкендері».

Мақсаты: Ертегі тыңдауды,кейіпкермен қарым қатынасқа түсуге үйрету,үй құстары туралы білімдерін кеңейту, оларды атау, дене бөлшектерінің пішіндерін ажыратуға, ұсақ заттармен жұмыс жасауға, тақтада қағаздан балапандарды құрастыруға үйрету.

Қызыл, жасыл, көк түстерді айыруға, әтеш, тауық, балапандар бірге болатынын түсінуге, сипаттау сөздерді анық айтуға көмектесу.

Кейіпкерге көмектесуге; тамақ беруге, отбасын табуға талпындыру.

Құрал-жабдықтар:Үйшік, жазбалы ағаш бейнелері, боялмаған әтеш, дәл сондай боялған әтеш бөлшектері, тауық, қоян, түлкі суреттері,4-5 балапан құрастыруға үлкен кіші домалақ сары қағаз қиындылары,2жақты күн суреті, 2табаққа салынған бұршақ, үрмебұршақ, кірқыстарғыштар (бала санымен), қызыл, көк, сары, жасыл бояулар (мөлдір ыдыста), электронды нұсқада әтеш, тауық, балапан суреттері, жеңіл музыка.

БАРЫСЫ:

1. Экраннан кезекпен үй құстары- әтеш, тауық, балапандар көсетіледі.

Тәрбиеші:- Балалар, бұл құстарды қалай атаймыз? Олар қайда өмір сүреді? Немен қоректенеді? Олардың денелері қандай пішінге ұқсайды? Түстері қандай? Балалардың жауабы. Сөздік жұмыс жүргізіледі.

2.Тәрбиеші: -Балалар, мен сендерге әтеш туралы ертегі айтып бергім келеді. Үстел үстіндегі жазбалы суреттермен «Көріксіз әтеш» ертегісі желісі бойынша көрсетілім жасалады.

-Бір күні тауық қорадан құстар: «Сен көріксізсің»-деп бір әтешті қуып жібереді. Ол тоғайға барады, көп жүреді, басқа әтештердей көрікті болу үшін әдемі бояуларІздейді. Тоғаймен келе жатса алдынан бір аң шығады. (Қоянды көрсетеді). –Балалар, бұл қандай аң? Балалардың жауабы. Әтеш одан:- «Қоян, қоян маған әдемі болу үшін бояуларды қайдан табуға болатынын айтшы»,- дейді. Қоян:-«Мен боянбаймын, түлкі мені байқамау үшін мен аппақ қардай болуым керек, мен асығып бара жатырмын, саған көмектесе алмаймын.»- деп, жүгіріп кетеді. Әтеш ары қарай жүреді. Алдынан тағы бір аң шығады. (Түлкіні көрсетеді). Бұл қандай аң болды екен? (Балалардың жауабы). Әтешке түлкінің түсі қатты ұнайды. Ол түлкіден: «Сен өте әдемі екенсің, маған да бояуларды қайдан табуға болатынын айтшы». Түлкі: «Мен қарыным ашып, тамақ іздеп барамын, анау жақта бір үйшік тұр, содан сұра».-деп, жүгіріп кетеді. Әтеш ары қарай жүрсе, шынында да бір үйшік тұр екен. Әтеш үйшіктің терезесін қағады . Ішінен біреулер шығады. (Бояуларды үйшіктен шығарады). Балалар, бұл бояулардың түсі қандай? (Кезекпен барлық бояуларды(қызыл, сары, жасыл, көк) балалар атайды). Әтешті бояулар әдемі қылып бояйды.

Тәрбиеші түссіз әтештің пішіндерінің үстіне дәл сондай боялған пішіндерді жапсырады. Балалар түстерді, пішіндерді атайды.-Енді әтешіміз әдемі болды ма? (Балалардың жауабы). –Балалар, енді әтешті ауладағы құстарға апарайық. Тақтадағы тауықтың бейнесінің қасына әтешті апарып жапсырады.

3. Сергіту сәті:

Тауық тары жинапты,оны ешкімге қимапты, Бөтекесін толтырып, қамбасына қимапты.

Оңға қарапты, солға қарапты,

Қанаттарын қағыпты, аяқтарын басыпты.

Қыста тауық қақылдап, тары іздеп жүр тақылдап.

4.Тәрбиеші: -Балалар, енді тақтаға әдемі әтеш пен тауықтың балапандарын жасайық. Ол үшін кішкене сары дөңгелек пішіндерден балапандардың басын, ал үлкен дөңгелек пішіндерден денелерін құрастырайық. (Балалар орындайды).

5.Тәрбиеші:-Құстарды тамақтандыру үшін мен бұршақ әкелген едім, бірақ оған үрмебұршақтар араласып кетіпті. Құстар үрмебұршақтартарды жесе қақалып қалады, қане, оларды теріп алып тастайық . Балалар ыдыстағы бұршақтардан үрмебұршақтарды теріп бөлек ыдысқа салады. Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

5.Тәрбиеші балалардың назарын тақтадағы суретке аударады. Ауламыз көңілді болу үшін күн суретін қосайық. (Күн көзінің суретін көрсетеді). Бірақ күн көзі күлмей тұр ғой. Балалар, кірқыстырғыштар арқылы күннің шуағын жасайық. (Тәрбиеші дөңгелек сары қағаз- күн көзін ұстап тұрады, балалар дөңгелекті айнала қыстырғыштарды ұстатады). Тәрбиеші тақтаға күннің келесі жағындағы күлімдеп тұрған бейнесін іледі. Үнтаспадан әтештің шақырған, тауықтың қытқылдаған дауысы естіледі. Балалар қуана шапалақтайды.

6. Қорытынды:- Балалар, сендерге бүгінгі жасаған іс-әрекетіміз ұнады ма? Ертегі не туралы болды? Тақтада сендер не құрастырдыңдар? Құстар не жейді? (Балалардың жауабы). Барлығың дұрыс әрекет еттіңдер, рахмет сендерге!

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті аяқталады.

Орындаған тәрбиеші А.Д.Игликова 1-ші кіші топқа арналған.

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылы

КММ «Борас орта мектеп-бақша» 2016ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?тешті? басынан кешкендері"

Автор: Игликова Айбарша Даутовна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301210


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства