Просмотр содержимого документа
«"Тербейін,Тәуелсіздк тал бесігін!"»
Кештің тақырыбы: «Тербейін Тәуелсіздік тал бесігін»»
жүргізуші : Армысыздар, құрметті ауыл тұрғындары, ұстаздар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тербейін Тәуелсіздік тал бесігін» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз..Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. жүргізуші : Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! «Ақбота» балабақша» ұжымының концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
«Ақ көгершін» әні жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына.
Нурлыбекова Әмина Қалқаман Сарин «Тәуелсіздік» көркем сөз
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің !
Келесі Қыстаубайқызы Таңшолпанның орындауындағы «Ұйғыр биі» ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР!!! Қошеметтеп отырайық.
жүргізуші: Тас еденде жатты қазақ баласы, Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы, Жараланған жолбарыстай, ышқынып, Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар... Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....
Сұранбады, жалынбады тік тұрды, Барлық жендет қорықты одан тіксінді, Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да, Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып, Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік, Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді, Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
«Атамекен» әнімен Ұзақбаева Ләззатты қарсы алыңыздар.
Бақытым - Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Саған жетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан Ер балдар биі «Кукарелла»
Жүргізуші
Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.. Халық әні « Гулдерайым »
жүргізуші: Таң қалады тергеуші де бел кетіп,, Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!! Барлық қазақ осындай ма.? білмедім, Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....
Барлық қазақ осындай, бар қанында, Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды, Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де, Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін, Есте ұста ей жендет, көрмегенің, Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де, Табан асты, ол туған жерім менің.
Қорлыбай Жасдәуренді «Туған жер» әнімен ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР!!! 1- жүргізуші Бір тамшы жас, алмай қара көзіне, Халқы үшін жауаптығын сезіне, Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай, Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;- деп
Балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндерінің тәуелсіздік туралы тақпақтары. 1.Сахи
2. Назым
Тәуелсіздік?
Бұл – бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Көздің жасын құрғатып,
Келген бізге бақыт қой!
4. Мұхтар
Тәуелсіздік елдеміз
Қуанамыз күнде біз.
Ата – бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасап жеріміз.
Тәуелсіздік жасаған
Аға, әпкелеріміз.,
Жәнібек:
Желтоқсанның ызғары – ай
Кірпікке қатқан мұздар – ай
Елім – ай деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар – ай.
Дария:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Альбина:
Бабамныңда арманы
Осы еді ғой аңсаған
Тәуелсіздік таңдары
Бақ береді баршаға.
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным!
Жүргізуші:
Шалқарқызы Нұрай «Қуыршақ» биімен. 2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Ережеп Ләззатты Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым Елім» әнімен қарсы алыңыздар!!!
1-Жүргізуші
Күй сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі кұйдің бәрін жиып
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тәрбеліп ырғағына тамылжиық.
«Адай» күйімен Түйешиев Елдосты Қарсы алыңыздар!!!
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз - өзінен жүрегім ән салады.
«Ертегілер» әнімен Мерекеева Қарақатты ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР!!!
1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты
«Достық» биі
2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Топ- топ балақан» әнімен Бүлдіршіндер
Жүргізуші :
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
С.Кужекова « Қазақстан »
2 – жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ болашақтың ертеңі дей келе тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тербейін Тәуелсіздік тал бесігін» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
ХОР «Атамекен» Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!