kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Театрлық қойылым: "Сылдырмақтар театрында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сылдырмақтар театрында

Мақсаты: Балаларда тетарлық ойындарды сахналауға белсенділігін ояту. Шығармашылық ынтасын, қиялын, есте сақтауын дамыту. Эмоционалды және мәнерлі қарым – қатынас құруға тәрбиелеу.

Материалдар мен құрал – жабдықтар: Тақта – планшет, сылдырмақтар жиынтығы, (оны балалар жинақтауға көмектесе алады)синтезатор немесе орман шуының, темір жол дыбысының, аңдардың дауысының фонограммасы.Залдың ортасында – Сайқымазақ. Ішінде сылдырмақтары бар, қалпағында қоңырауы бар цилиндр формасындағы ойыншық тұр. Өлең қосылады. Балалар залға кіреді. Қонақтармен амандасады. Жайғасып отырады. Ортаға үш бала шығып үш тілде өлең айтады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Театрлық қойылым: "Сылдырмақтар театрында"»

ЖШС «Балақай» МДҰ «Еркемай»

Тәрбиеші: Ильясова У.М.

Сылдырмақтар театрында

Мақсаты: Балаларда тетарлық ойындарды сахналауға белсенділігін ояту. Шығармашылық ынтасын, қиялын, есте сақтауын дамыту. Эмоционалды және мәнерлі қарым – қатынас құруға тәрбиелеу.

Материалдар мен құрал – жабдықтар: Тақта – планшет, сылдырмақтар жиынтығы, (оны балалар жинақтауға көмектесе алады)синтезатор немесе орман шуының , темір жол дыбысының, аңдардың дауысының фонограммасы.Залдың ортасында – Сайқымазақ. Ішінде сылдырмақтары бар , қалпағында қоңырауы бар цилиндр формасындағы ойыншық тұр. Өлең қосылады. Балалар залға кіреді. Қонақтармен амандасады. Жайғасып отырады. Ортаға үш бала шығып үш тілде өлең айтады.

1.Әдемі гүлдер, гүлдер,

Далада өскен гүлдер.

Өседі ұқсап балаға,

Сән береді далаға.

2. Cock is happy

Fox is sad

Cat is pretty

Wolf is bed.

3. Полюбуйтесь на меня

Милые подружки

На щеках как на полянке

Расцвели веснушки.

Балаларға қошемет көрсетейік.

Тәрбиеші: Енді көрінісімізді бастаймыз.

Дили – дили – дили

Сайқымазақ келді,

Дили – дили – дин

Өзімен қуаныш әкелді.

Қараңдар бізге кім келді? Амандасайық

Сайқымазақтың қалпағы қандай жақсы екен! Оның сүйікті сылдырмақтары қайда екен? Міне олар! (Цилиндрдің ішінен сылдырмақтарды алып балаларға таратады).

Сайқымазақтың ойыншықтары қандай қызық, олардың сыңғырлаған дауыстары қандай?! (Балалар сыңғырлатады).

Сендер кішкентай кездеріңде сылдырмақтармен ғана ойнай алатын едіңдер. Ал енді сендер өстіңдер, өздерің қиялдай аласыңдар, бір нәрсе ойлап таба аласыңдар. Енді өздеріңнің сылдырмақтарыңа қарап, ол не нәрсеге ұқсайтынын айтыңдаршы. (Балалар сылдырмақтарға қарай бастайды)

  • Нұрдәулет, сенің сылдырмағың неге ұқсайды?

  • Аюға.

  • Ал сенікі ше Медина?

  • Қоянға!

Сендер жақсы қиялдапсыңдар. Менде осы сылдырмақтардың бір жиынтығын жинадым, сосын, аздап қиялға беріліп, шағын ғана театр деп елестеттім.

-Осы театрда болып көргілерің келеме? Ыңғайланып отырып көріп, құлақ салып тыңдаңдар.

Қиялдайтын жандарды

Театрға шақырады

Ойыншықтар, сылдырмақтар

Театрда ойнайды.

Күз мезгілінің шуақты бір күнінде мен серуендеп аулаға шықтым. Күн жарқырайды. Аспанда қозы тәріздес аппақ бұлттар шалқып жүр.

Бұлттар, бұлттар, ақ бұлттар,

Аспанда шалқып жүргейсіңдер!

Аспандағы бұлттарға тамсанып тұрғанда, көзім жайлаудағы гүлге түсті.

Таңертеңгі жайлауда

Гүл жапырақтарын ашты.

Саусақ гимнастикасы: «Гүлдер»

Енді бір қарасам ..... сол жапырақтар қозғалып тұр екен. Жұлып алғым кеп еді, қанатын жайды да ұшып кетті. Бұл не балалар? Дұрыс Көбелек.

«Күздің табиғаты өте керемет! Мен алаңқаймен әрі қарай кеттім.

Ал тоғанда ... балықтар жүзіп жүр. Қайталаймыз: балық – рыба – Fish.

– Балалар, балықтар қалай жүзеді? Қолымызбен көрсетеміз.

Ал міне үлкен шыршалар тұр, оның түбінде орман иесі отыр. Ол кім балалар? Дұрыс – аю. Қайталаймыз: аю – медведь – bear.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Ал мынау кімнің сұр құлақтары?? Дұрыс. Қоян. Қайталаймыз: қоян – заяц – hear.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып – ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Ал, міне көңілді бақа. Ол бір минут те орнында отыра алмай секіріп жүреді.

Міне сылдырмақтар осындай қиялдағы ертегіні ойлап табуға көмектесті.

Сайқымазақ! Көңілді сылдырмақтарға рахмет! Ал қазір Сайқымазақты тобымызға алып , жаңадан ертегі ойластырып шығарамыз. Сылдырмақтарымызды аламыз. Қонақтарға сау болыңыз айтамыз!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Театрлық қойылым: "Сылдырмақтар театрында"

Автор: Ильясова Улдана Мухамбеткаликызы

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 390049


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства