kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:«Мереке?ізбен, Анашым!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар арда?ты да аялы  аналар, мейірімді ?желер, ??рметті ?стаздар ж?не де бізді? кішкентай б?лдіршіндер!

Міне, к?птен к?ткен к?ктем мезгілі де келіп жетті. К?нні? к?зі жылынып, ?ар еріп, сай-саладан су а?ып, дала жас т?лді? шуына б?леніп т?р.  К?ктем келісімен етегіне ілесіп  барша адамзат ерекше атап ?тетін 8- наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ні де келіп жетті.  Осы  8- наурыз халы?аралы? ?йелдер к?ніне орай  ?ымдастырылып  отыр?ан  «Мереке?ізбен, Анашым!» атты ерте?гілігімізге ?ош келді?іздер!

Хормен: Той пердесін

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:«Мереке?ізбен, Анашым!»»

Күні: 07.03.2016

Тақырыбы:«Мерекеңізбен, Анашым!»

Мақсаты:Балалар бойына 8-наурыз мерекесінің мәнін ұғындыру. Анаға деген сүйіспеншілік, махабаттары арқылы елін, жерін, Отанын сүюге, қастерлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әуен, шар, қанатты сөз.

Кіріспе:- Армысыздар ардақты да аялы аналар, мейірімді әжелер, құрметті ұстаздар және де біздің кішкентай бүлдіршіндер!

Міне, көптен күткен көктем мезгілі де келіп жетті. Күннің көзі жылынып, қар еріп, сай-саладан су ағып, дала жас төлдің шуына бөленіп тұр. Көктем келісімен етегіне ілесіп барша адамзат ерекше атап өтетін 8- наурыз халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Осы 8- наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ұымдастырылып отырған «Мерекеңізбен, Анашым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Хормен: Той пердесін ашаық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән шашуын шашайық.

Тәрбиеші: - Балалар, бізге өмір сыйлаған кім?

  • Ана.

  • Өмірдегі ең мейірімді жан кім?

  • Ана.

  • Ең ақылды кім?

  • Ана

  • Сендер үшін ең қымбат жан?

  • Ана, ана, ана.

  • Жарайсыңдар, балалар!

Нұрдәулет:Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Айгерім:Таң қалғандай ғалам,

Кім сұлу адам?

Әлия:Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Алдияр:Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек?

Дінмұхамед: Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Ақылжан:«Боташым» дер саған,

Кім сүйікті адам?

Ол – менің анам.

Нұртөре: Құтты болсын , анашым,

Құтты болсын мерекең.

Балжан: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Нұрым: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Ахан Н.: Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейірімді ол кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Айзере: О, Алақай, балалар,

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Ақниет:Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймын мейрамыңмен,

Құрметті, аналар!

Айгүл: Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман жүрші, анашым.

Айгерім: Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Ақылжан: Менің анам ақылшым,

Күн секілді білгенге.

Шашырайды шуағы,

Үйімізге кірген де.

Мансұр: Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең!

Айша: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін күнде мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші мартыңмен!

Әбілмансұр: Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

Гүлдана: Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам.

Жандос: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Балжан: Біз доспыз гүлдермен,

Текке рны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Бекзат: Көктем нұры қуатты,

Қар еріді су ақты.

Күн күлімдеп төбеде,

Төгіп тұр ақ шуақты.

Ақниет:

Дінмұхамед:

Әлия:

Марал:

Хормен: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжелерді ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

1. Келесі кезекті Айгерім, Әлия, Айгүл қыздарыңыздың орындауындағы тамаша әнге берейік. «Бала тілегі».

2. Айзере қыздарыңыздың орындауында«Мама»әні.

3. Вальс биі.

4. «Ақ мамам» әні. (Ұлдар)

5. Өзбек биі (Балжан)

6. Қамажай (Қыздар)







«Алакөл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«М.Әубәкіров атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Ертеңгілік тақырыбы:

«Мерекеңізбен, Анашым!»















































2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Та?ырыбы:«Мереке?ізбен, Анашым!»

Автор: Сасанова Асем Сейтказиевна

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332168


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства