kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: «?ош бол, даярлы?ым»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Балаларды мектепалды даярлы? сыныбынан шы?арып сала отырып, о?у – білімге деген ?ызы?ушылы?тарын оятып, Отанын, елін, жерін ??рметтеуге  баулып, адамгершілікке, сыйласты??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «?ош бол, даярлы?ым»»

Тақырыбы: «Қош бол, даярлығым»

Күні:23.05.2016ж.

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық сыныбынан шығарып сала отырып, оқу – білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: Жүргізуші, Жалқаубек, Тапқышбек. 
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар. Сіздермен тағы да қауышқанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн. Біз балаларымызбен қоштасып, оларды мектепке шығарып салмақпыз. Олар да бүгін қобалжуда. Қане, оларды қарсы алайық!  Қарсы алыңыздар, 2016 жылғы мектепалды даярлық тобының түлектері.

(Балалар тізбекпен қол ұстасып, қолдарында шар залға кіреді).

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер, 
Алты жасқа жеттіңдер. 
Барасыңдар мектепке 
Бір белестен өттіңдер. 
Өсті ақыл, ойларың, 
Өсті,міне бойларың. 
Қуанышқа ортақпыз, 
Құтты болсын тойларың! 
(Балалар тақпақтар айтады) 
Айзере:

Балабақша бесігім 
Тағы бір той жасайық 
Ашып мектеп есігін, 
Өзіңмен қоштасайық! 
Әбілмансұр:

Өткіздік талай қызықты,

Оның орны бөлекше.

Бақшамызбен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.

Дінмұхамед 
Жеті жасқа толамыз, 
Әдепті бала боламыз. 
Қуантып ата – ананы, 
Мектепке кетіп барамыз. 

Мансұр:

Ана тілін ардақтап, 
Ата салтын біз көрдік. 
Сурет салып,ән жаттап, 
Оқып, жазып үйрендік. 
Әлия:

Сүйген өз қыз,өз ұлын, 
Бөбегім деп аянбай 
Балабақшам өз үйім. 
Апай болды анамдай. 
Нұрым: 
Бүгін қызық, бүгін той, 
Біздер үшін біліп қй. 
Әнге салып би билеп, 
Жалғастырсын ойды ой! 
Балжан:

Оқимыз, білім аламыз, 
Болашақ жолын саламыз, 
Бақшамызбен қоштасып, 
Біз мектепке барамыз. 
Нұртөре: 
Мектепке енді барамыз, 
Үлгілі оқушы боламыз. 
Жақсы оқып сабақты 
Кілең бестік аламыз. 
Әйгерім: 
Көңілді өскен баламыз 
Шырқатып әнді саламыз 
Тойымызға сән берер, 
Би де билей аламыз. 
Бекзат: 
Әліппеден әріп танып, 
Алғаш рет оқимыз. 
Тәрбиеден тәлім алып, 
Санамызға тоқимыз. 


Әлия: 
Біздер алты жастамыз, 
Сәбиліктен асқанбыз, 
Мектеп енді шақырады, 
Қош бол бала бақшамыз. 
Ақылжан: 
Үлкендердей тап –таза, 
Жазамыз бормен тақтаға, 
Үлгілі бала боламыз, 
Жүретіндей мақтана. 
Ақан Нұрдәулет: 
Мен қайырымды баламын. 
Тек жақсылық ойламын. 
Кішілерге қамқормын, 
Біріншіге дайынмын. 
Айзере:

Мектепке мен барамын. 
Кілең бестік аламын. 
Ата – анамды қуантам, 
Үлкен азамат боламын. 
Алдияр: 
Өсті ақыл ойымыз, 
Өсті міне бойымыз, 
Қуанышқа ортақпын, 
Құтты болсын тойымыз! 
Айгүл:

Бал татиды әніміз, 
Мың бұралған биіміз, 
Сіздерге бізден мың алғыс, 
Сіздерден өнер алдық біз 
Қосшыбай Нұрдәулет: 
Баулап, баптап өсірдіңіз, 
Бұзықтық етсек кешірдіңіз, 
Ұмытпаймыз сөзіңізді, 
Ұмытпаймыз өзіңізді. 
Ақниет: 
Әріптерді үйрендік, 
Оқу,жазуды меңгердік. 
Алғыс сізге ұстазым. 
Бірінші сыныпқа жеттік. 
Айгүл: 
Қызық күндер өткіздік, 
Балабақша бағында. 
Көп оқыдық,көп білдік, 
Ел мен Отан жайында 

Ақниет:

Ақыл құйып санама,

Ізгілікке баулыдың.

Ұмытуға бола ма,

Балабақша әр күнін.

Айша:

Кеше ғана әлжуаз,

Еркесі едік әр үйдің.

Ата-анам болды мәз,

Оң-солымды таныдым.

Жандос:

Өзім өскен бұл мекен,

Құйды нұрлы жарығын.

Өнеге етем, үлгі етем,

Тәрбиеші тәлімін.

Балжан:

Балғын шағы бірге өтіп,

Бауыр басқан дос қанша.

Сау болыңдар, гулесіп

Мектепте бас қосқанша.

Нұрдәулет:

Менің асыл ұстазым,

Маған білім үйреткен.

Сізге рахмет айтамын,

Шәкірттік шын жүректен.

Ақылжан:

Біз екілік алмаймыз....
Ән: «Ертегілер» (Орындайтын: Жұмеке Айгүл мен Асуланқызы Әлия) 

Ортаға Жалқаубек келеді.
Жалқаубек: Мен сендердің көлеңкелеріңмін. Мен әрқашан да сендердің қастарыңнан табыламын. Мен сендерге көмек беруге әрқашан дайынмын. Кез келген істеріңді ертеңге қалдыруға көмектесемін. 

Би: «Жалқаубек»
Жүргізуші:

Балалар мына бала кім екен? Келіп неге ұйықтап қалды?

Мұндай баланы қандай бала деп атауға болады? 
Балалар: Жалқау бала. Бұл – Жалқаубек.(хормен) 
Ән: «Жалқаубек» (Хор) 
(Ортаға Жалқаубекті шығарады.) 
Жүргізуші: Балалар бізге Жалқаубек керек пе? 
Балалар: Жоқ! 
(Залдан Жалқаубекті шығарып тастайды.) 
Жүргізуші: Балалар, сендер балабақшада көптеген нәрселерді үйрендіңдер. Көп нәрсені білесіңдер, көп нәрсеге қабілеттісіңдер .Бүгінгі біздің мерекемізге ертегі кейіпкері келіпті!

(Ортаға Тапқышбек келеді.) 

Жүргізуші: Балалар, біздің қонақты таныдыңдар ма? 
Тапқышбек: Мен оларға көмектесемін.

Мен өте тапқыр,әрі ақылдымын. 
Балалар: Тапқышбек 
Тапқышбек: Дұрыс таптыңдар.Мен балалардың мектепке дайындықтарын тексеру үшін келдім. Математика-ең қажетті ғылым. Ал, ол үшін цифрларды білу керек. Және де олармен дос болу керек. 

Жүргізуші: Балалар, дайынсыңдар ма? 
Балалар: Иә! 
Тапқышбек: Олай болса 1-ден 5-ке дейін санап беріңдер.

1 саны (Жандос):

Мені келсе білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

2 саны (Нұрым):

Бірден кейін тұрағым,

Бірден кейін тұрамын.

Бірді бірге қосқанда,

Мен шығамын шырағым.

3 саны (Мансұр):

Екіден соң әрқашан.

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын,

Екі айшық саламын.

4 саны (Айша):

Үш сызықтан аяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенім баяғы.

Төрт түліктің аяғы.

5 саны (Бекзат):

Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Қолыңдағы саусағың,

Болып шықты бесті.

Тапқышбек: Жарайсыңдар, балалар! Ал енді адасқан әріптерден сөз құрап беріңдерші. (Тақтада Ә Л І П П Е дыбыстары шашылып беріледі.) 

Балалар: «Әліппе» сөзін құрайды. 

(Тапқышбек: Әліппені Алдиярдың қолына ұстатады).

Алдияр:

Кітап – өмір айнасы,

Күнде тиер пайдасы.

Кітап – сөнбес шырағың,

Тәлім беріп тұрады.
Тапқышбек: Балалар сендер бірінші сыныпта әліппе оқулығын оқисыңдар! Жүргізуші: Тапқышбек, барлығын тексеріп көрдіңіз бе, біздің балалар сабаққа баруға дайын ба екен? 
Тапқышбек: Менің әуенді жарыс деген тапсырмам бар. Ән тыңдағым келіп тұр.
Ән : «Бала тілегі». (Әйгерім) 

Би: «Қоштасу вальсі»

Ән: «Анашым» (Айзере)
Тапқышбек: Ах, қандай тамаша балалар. Санадыңдар, жаздыңдар, биледіңдер, ән де салдыңдар.

Демек, сендер мектепке дайынсыңдар. Менің сендермен қоштасуым керек.Мектепте өте жақсы оқыңдар. Қош, сау болыңдар! 
(Тапқышбек кетеді) 
Жүргізуші:

Сүйікті балғын бала шақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар. 
Балабақшамен қоштасатын уақытта келіп қалыпты. 
Нұрланып атсын әрбір таңдарың. 

Ақ жол, сәт сапар тілейміз сіздерге.

Балалық шақтың бір белесін өткізіп, екінші белеске жол тартқан балаларға бата беріп, тілек тілеп, сәт сапар тілейтін ата-аналарының жылы лебізін тыңдалық. Олай болса, келесісөз кезегі ортамыздағы жасы үлкен әжелерімізге сөз береміз. Сөз кезегі өздеріңізде.

(Қошамет көрсетіліп, сыйлықтар ұсынылады).































  1. Ақылжан:

Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер қаламым.

  1. Балжан:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Қоштасып балабақщамен,

Біз мектепке барамыз.

  1. Әбілмансұр:

Тәрбиелі , тәлімді,

Қуантатын бәріңді.

Білім нәрін тоқушы,

Менің атым – оқушы.

  1. Ақниет:

Түлектерім, биік тұлға жандарсын,

Құшақ жайып, төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

  1. Дінмұхамед:

Жеті жасқа толамыз, 
Әдепті бала боламыз. 
Қуантып ата – ананы, 
Мектепке кетіп барамыз. 

  1. Айзере:

Мектепті түлек бітірдің,

Самғатты қиял ғарышқа.

Қанаты арман құсының,

Апарсын сені алысқа.

  1. Алдияр:

Кездесуге кеп тұрған,

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар,

Құтты болсын тойыңыз.

  1. Әйгерім:

Мерейлі боп күніңіз,

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Та?ырыбы: «?ош бол, даярлы?ым»

Автор: Cасанова Асем Сейтказиевна

Дата: 03.06.2016

Номер свидетельства: 332344


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства