kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: Наурыз жыл басы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:Наурыз жыл басы.

Ма?саты:О?ушылар?а наурыз туралы т?сінік беру.

 О?ушыларды ?з хал?ыны?,?з еліні? салт-д?ст?рлерін жа?сы біліп,оны іс ж?зіне асыра білуге т?рбиелеу.

  ?мірге,болаша??а деген с?йспеншілігі мен  ??ымдарын ?алыптастыру.

К?рнекіліктер:плакат?а жазыл?ан на?ыл с?здер.

Т?рбие са?атыны? барысы:

I.?йымдастыру кезе?і:Сахнада ?уен ойнап т?рады.Балалар орындарына жай?асады.

Т?рбиеші:  О адамдар,жара?дар.

                     Б?рін мында ?ара?дар!

                     Наурыз тойы басталды,

                     Текке ?арап т?рма?дар!

??рметті ?стаздар,ата-аналар.Наурыз мерекелерініз ??тты болсын."Наурыз- жыл басы" атты т?рбие са?атын бастау?а р??сат еті?іздер.Ежелгі салт-д?ст?р  бойынша ?аза? хал?ы жа?а жылды наурызды?  жиырма 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Наурыз жыл басы »

Тақырыбы:Наурыз жыл басы.

Мақсаты:Оқушыларға наурыз туралы түсінік беру.

Оқушыларды өз халқының,өз елінің салт-дәстүрлерін жақсы біліп,оны іс жүзіне асыра білуге тәрбиелеу.

Өмірге,болашаққа деген сүйспеншілігі мен ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекіліктер:плакатқа жазылған нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Сахнада әуен ойнап тұрады.Балалар орындарына жайғасады.

Тәрбиеші: О адамдар,жараңдар.

Бәрін мында қараңдар!

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!

Құрметті ұстаздар,ата-аналар.Наурыз мерекелерініз құтты болсын."Наурыз- жыл басы" атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.Ежелгі салт-дәстүр бойынша қазақ халқы жаңа жылды наурыздың жиырма екісі күні қарсы алған.Бұл күнді "Наурыз мерекесі" деп атайды.Өйткені көктем келіп,күн жылынып,жер әлем қайтадан жаңарып,шөптер мен гүлдер өсіп,ағаштар бүршік жара бастайды.Барлық тіршілік иелері ұйқыдан оянады.

Наурыз мерекесіне ел-жұрт ерекше дайындық жасайды."Наурыз" сөзін парсы тілінен аударғанда "Нау-жаңа","Руз-күн" деген сөзінен алынып,жаңа жылдың бірінші күні деген ұғым беріледі.

Балалар тақпақтарын айтады:









1-бала:Ей,жараңдар,жараңдар.

Босқа қарап тұрмаңдар,

Біздің жаққа қараңдар.

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда

Көрмеген де арманда

2-бала:Ата-бабан тойлаған

Наурыз тойым армысың!

Қызығына тоймаған,

Дархан дала,қарлы шың

3-бала:Наурыз келді,жыл келді,

Наурыз келді,нұр келді.

Жылқы жылы еліме

Әкелсін байлық еліме

4-бала:Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтассып көріскен

Наурыз құтты болсын,

Ақ мол болсын.

5-бала:Көктем келді бүгін

Күнім төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар





6-бала:Бір анадан туғандай

Бір ұядан ұшқандай

Бір аспанның астында

Бір дастархан басында

Ән "Қазақтың дастарханы"

Тәрбиеші:Балалар,наурыз көже қалай дайындалатының білесіңдерме?

Ендеше бізге қонаққа келген әжелеріміз айтып берсін.

Әжелер:Балалар,наурызкөже ұлыстың ұлы күні әзірленетін ұлы ас.Ыдыстағы алдын ала салынған жеті түрлі дәмнен жасалады.Жеті түрлі дәмге айран,қатық,қысқы соғымның еті,бидай,тары,күріш және тұз жатады.Осы дәмдерден наурызкөже жасалынады.

Тәрбиеші:

-Мынау не?

-Дәндер күріш,бидай,жүгері.

-Дәндер қайда өседі?

-Жерде өседі.

-Мынау не?

-Сүт,айран,қатық,шұбат.

-Сүт,қатықты бізге не береді?

-Сиыр,қой,ешкі,жылқы,түйе.

-Олар бізге не береді?

-Ет,жүн.

-Төрт түлік малдың өнімдерін,дәндерді қосып не жасауға болады екен?

-Наурызкөже.

Наурызкөжені жеті түрлі дәмді қосып дайындайды екен.Наурызкөже қасиетті ас болып саналады.

Тәрбиеші:Балалар,ал енді барлығымыз денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Кереге боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.

Қаражорға биі.

Балалардың тақпақтары.

1-бала: Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап,

Ақ дастархан жайылды.

Ошақта от жалындап.

2-бала:Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада,орманда

Құстар әні төгілді.

3-бала:Төгіліп шуақ жайдары,

Құбылтып құстар сайрады

Жамағат түгел жиылып,

Наурыздың тойын тойлады.

Тәрбиеші:

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де.

Бар дәстүрмен салтымыз.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз көбінесе жарыс пен ойын мерекесі.Бұл мерекені барлығымыз асыға күтеміз.Бұл күні "Алтыбақан","Арқан тарту","Қыз қуу"ойындары ойналады.

Қане балалар бүгін біз "Арқан тарту" ойынын ойнап көрелік.Ойын шартын түсіндірейін.Барлығымыз екі топқа бөлінеміз.Тобымызға ат қойып аламыз I топ "Құлыншақ",II тобымыз "Қошақан" тобы болсын.

Арқаның екі жағына тұрып тартамыз.Қай топ сызықтан асып кетсе,сол топ жеңіске жетеді.

Тәрбиеші:Ал балалар Наурыз мерекесі туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер.

4-бала:Ұлыс оң болсын

Ақ мол болсын.

5-бала:Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Қорытынды:

Міне балалар,біз бүгін Наурыз туралы білдік.Халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстық.Сабағымызды аяқтайық.

Сабақты қорытындылау,балаларды мадақтау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Та?ырыбы: Наурыз жыл басы

Автор: Карим Акгуль

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 166923


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства