Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз – тұл »деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол, рухани жан дүниесіне үңіле білу, адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады». Сондай ұлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс.
Бүгінгі таңда бізге, мұғалімдерге, ең қажеттті нәрсе – заман талабына сай лайықты жаңа адамды қалыптастыру, тәрбиелеп өсіру. Заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай, біз алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге адамгершілік пен өз еліне сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы қасиеттерді уйрете білуіміз қажет.
Ұлтымыздің ұлағатты ұлы А.Байтұрсынов « Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деп, білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.
Елбасы Н.Ә Назарбаев айтқандай бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол « өмір бойы білім алу».Егемен еліміздің көшін бастаған кемеңгер президентімізбен толық келісемін.