kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

[email protected]

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар-асыл қазынам!  Аналарға құрмет көрсетуге, сыйлауға,  комек білдіруге уйрету. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«[email protected]»

Аналар – асыл қазынам!

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық әйелдер мен қыздар мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер!
Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн үйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі
Қорғасындай балқытқан
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән: «Апатайым»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.


Әділбек: Айкөркем:

Анам болса қасымда, Ақ анашым, аппағым,

Басқа бақыт не керек. Өзің жайлы таппағым

Анашымның жүрегі, Өзін жайлы әнім де,

Мейрімді ғой керемет. Арнадым саған бәрінде.

Ақжол: Эльвира:

Әр сөзімді жаттаған, Құстар келіп көктемде,

Жүрегімде сақтаған, Ағаштар да гүлденді.

Анашым деп мақтанам, Қырдан теріп қызғалдақ

айналайын ақ анам. Апам үйге әкелді.

Төрәлі Айсұлтан:

Наурыздың сегізі Ана біздің күніміз

Сұлулықтың негіз. Ана біздің гүліміз,

Әдемі сөз баланың, Бізді ана қуантып

Анаға айтар лебізі. Ұзақ өмір сүріңіз.



Би: Балапандар
Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші. Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төгебер.
Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін алып келдім. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздың өнерлерін қабыл ал.

Рауана Дамира
Өзің мені өсірген Мәпелеп мені өсірген

Айналайын ақ әжем, Ризамын мен өзіңе.

Тентек болсам кешірген Ана деген керемет,

Ауырмашы ай әжем. Сыйлап өтем өмірде.

Ойын: «Кім тез гүл тереді?»
Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Аяулым: Бекнұр:

Аялаған анашым Бөбегіңнің сыйлығын

Мәпелеген анашым Қабыл алшы анашым.

Менің саған тілегім Ұзақ өмір жүр жасап

Қартаймашы анашым. Ауырмашы анашым.

Асел: Нұртілек:

Бізді өсірген анажан Әлпештеген аялаған,

Еңбегі де зор екен. Ақ сүт берген анашым.

Құтты болсын анажан, Сәлем жазып бүгін саған,

Құтты болсын мерекең. Мейрамыңмен құттықтаймын.



Әуен естіледі

Тәрбиеші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.
Көңілді музыка ырғағымен Көбелек кіріп келеді.
Көбелек: Жан - жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп
Мен көбелекпін,
Ақылыма көркім сай.
Ұнаймын жұрттың бәріне
Үлкенге де, кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Тәрбиеші: Рахмет, саған Көбелек! Енді біздің бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар:

Анель: Шерқазы:

Аналарды сүйеміз Көктем келді жадырап

Ақылын ойға түйеміз. Күн нұрымен таласып.

Әжені де ардақтап Жайнай берші жарқырап

Әдеппен бас иеміз. Жаны жайсаң аналар.


Би: «Көбелектер»
Ойын «Лентаны сәндеп байла» (аналармен)
Жүргізуші:
Құрметті аналар мен әжелер! Аналар – асыл қазынам!

Атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді «Қошақандар» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
[email protected]

Автор: Торегалиева Гулмира Кадырбаевна

Дата: 12.05.2020

Номер свидетельства: 549408


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства