?ожахмет Жазира М?хтар?ызы 2012 жылы Хлебодаровка орта мектебін аятап, С.Б?йішев атында?ы АУ колледжіне о?у?а т?стім. 2015 жылы ?йымдастырушы - педагог маманды?ы бойынша диплом алдым. 2015 жылды? тамыз айынан бастап Хлебодаровка орта мектебінде маманды? бойынша Мектеп т?лімгері болып ж?мыс жасап жатырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік - елімні? еркін жолы»
«Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде Тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2 жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Хлебодаровка орта мектебінің көркем өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Тәжібай Әділбек Жаналыұлына беріледі.
2 жүргізуші: Бақытым – Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында « » биін қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші: Жамбырбаева Анельдің орындауында «Туған жердей жер болмас»
2 жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 – дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2 жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.