Батыс ?аза?стан облысы,Орал ?аласыны? №37 жалпы орта білім беретін мектебіні? мектепалды даярлы? тобыны? т?рбиешісі Бегеева Замарт Насипкалиевна.
Т?рбие са?атыны? та?ырыбы:Наурыз-жыл басы.Ма?саты:балалар?а ?аза?ты? ?лтты? мерекесі Наурыз мейрамы туралы т?сініктер беру;?аза?ты? салт-д?ст?рлері туралы білімдерін ке?ейту,?аза?ты? халы?ты? педагогикалы? т?рбиесін беру.Т?рбие са?аты о?ушыларды? "К?н мен т?н"к?рінісінен басталды.Т?рбиеші Наурыз мерекесі туралы т?сініктер берді.Балалар к?ктемге,наурыз?а,салт-д?ст?рлерімізге байланысты та?па?тар жат?а айтып берді.?ыздар ?аза?ты? ?лтты? биін билеп берді.Балалар?а салтты? бір т?рі "Бесікке салу р?сімі" сахналап к?рсетілді.Со?ында ?лтты? ойындар ойналып,балалар Наурыз туралы ке?інен т?сінік алды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекілігі: тақтада нақыл сөздер, қазақтың салт-дәстүрлері туралы суреттер.
Ұйымдастыру бөлімі: Шатттық шеңбері
Балалар ортаға шығып шаттық шеңберін жасайды.
Көктем келді, шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау алақай,
Көктем қандай, көктем қандай көңілді .
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар.Көктем шуағы мол ,адам
баласына мол ырыс- құт әкелетін жыл. Көктемде мал төлдейді, жерге егін егіледі.
Аспанда күннің шуағы молайып, қарды ерітеді, жер дүр сілкініп,көгере бастайды.
Міне, осындай керемет көктемді мұсылман халықтары «жыл басы»деп атаған.
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Осы жерде күн мен түн сөйлейді.і
Кун мен тун шығады ортаға шығады.
Күн Амина : Сәулесі мол күнмін
Түн Тілекжан: Жұлдызы мол түнмін
Екеуі бірге: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін
Түн: Ал ертең күн ұзақ
Күн:Түн қысқарар бірақ
Екеуі бірге : Үйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
Мұғалім: Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Осы күні ата-бабаларымыз қолдарына күрек алып айналадағы бастаулардың көзін ашса, қариялар тал егіп, аналарымыз «Армысың, қайырымды күн ана» деп күнге иіліп тағзым еткен.
Ұлыстың ұлы күні бір-бірінен кешірім сұрап ,мейірімді болған екен. Балалар бір –бірімен төстерін тақап амандасады. Бұл күні тағы бір айта кететін керемет бұл -Қызыр баба елді кезіп адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды екен.
Тақпақтар: 5 бала шығады.
Әлихан: Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың
Қызығына тоймаған
Дархан дала, қырлы шың.
Назерке:Армысыздар халайық
Әркез аман болайық
Наурыз тойын қуанып
Жылды бір қарсы алайық
Аяна : Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық,бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Дарын: Наурыз тойы елдің тойы
Көктем тойы төлдің тойы
Ән айтамын күні бойы
Жақсы көрем наурыз тойын.
Ерулан: Наурыз келді балалар
Көктемді қыр жағалар
Наурыз тойын тойлайық
Жаңа жылды қарсы алайық
Би : « Қыздар» .
Мұғалім: Дастарханның басты асы – наурыз көже.
Наурыз көже
Ашық болсын қас қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ
Арпа,бидай,тары бар
Қатық,малта, ағы бар
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған. Наурыз көжені тойып іш ,сонда жыл бойы тоқ боласың деген сенім бар. Наурыз көжеден балаларымызға ауыз тигізейік. /Наурыз көже таратылады. /Үлкен дастарханда бауырсақ, шелпек, құрт, май, қазы, талқан , тары, қаймақ, уыз, құрт секілді тағамдар қойылады.Наурыз дастарханы мол болса келер жылы ырыс, береке көп болады деп болжаған.
«Дастархан» әні орындалады.
Жастар үнемі үлкендерден бата алуға тырысқан. Дастархан жинарда, алыс сапарға шығарда ықылас пен ізгілі тілектерін айтып үлкен кісілер бата берген.
Бұл мерекені ел болып, ауыл болып тойлаған. Жастар жағы қолға домбыра алып айтысып жатса, балалар ұлттық ойын ойнаған. Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», « Жамбы ату» , « Арқан тартыс» ,»Алтын сақа» «Қол күрес»т.б.
Осы жерде ағаш атпен бір ұл, бір қыз шығып «Қыз қуу» ойынын бастап, бес рет басқа балалармен қайталанады.
Мұғалім: Сонымен қатар қазақ салт-дәстүрлерге бай халық « Қыз таңдау», «Беташар», «Тұсау кесу», «Бесікке салу» тәрізді көптеген дәстүрлеріміз бар. Бүгін біз балалар «Бесікке салу» салу салтымен жақынырақ танысамыз.
Сәби дүниеге келгенде қандай дәстүрлерден басталады?
1.Сүйінші сұрау . Сырттан бала «Сүйінші, менім інім бар» деп жүғіріп келеді.
Ата-ана сүйіншісін береді.
2. Көрімдік алу. Бесіктің жанында отырған қыз бала сәбидің бетін көрсеткені үшін
Көрімдік алып отырады.
3. Балаға ат қою.
4. Қырқынан шығару.
5. Бесікке салу қандай ырымдармен басталады екен әжемізді тыңдайық.
Аластау.
Алас , алас, баладан алас
Иесі келді ,пәледен көш
Алас, алас пәледен алас
Көзі жаманның тілінен алас
Тілі жаманның тілінен алас
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас
Алас, алас, алас
Баланы бесікке салу
Балаларға « тыштырма» үлестіру.
Барлық бала қосылып «Әлди, әлди әлди –ай» әнін айтады.
Ырымдар. Тиымдар.
Мұғалім: - Ендеше балалар біздер көптеген тыйым сөздерді білеміз .Мысалы: бізді ата- аналарымыз кей кезде болмайды деп үйретеді. Ендеше осындай ырым- тыйым сөздер осы наурыз күніне де арнайы айтылады.
-Кәне кім қандай тыйым сөздер айтады? Күтілетін жауап:сапарға шықпайды, ешкіммен ренжіспейді, жаман сөздер айтпайды, жаман қылықтар көрсетпейді,шаш , тырнақ алмайды,іс тікпейді, кір жумайды.
Тағы да балаларымыздан наурыз туралы тақпақтар тыңдайық.
Хасан, Мадина, Ансар, Раушан
«Дастарханға бата» беру.
Мұғалім:«Ал, балалар ,ойнайық
Ойнайық та, ойлайық
Күні,түні он үш күн
Наурыз тойын тойлайық.
Ұлттық ойындарымызды дәріптеу.
«Қол күрес».
«Арқан тартыс»
«Ханталапай»
Би «Қара жорға» орындалады.
Мұғалім: - Құрметті ата-аналар, балалар бүгін осы наурыз мереекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.
Сіздерді құттықтай отырып тағы еліміз тыныш болсын, балаларымыз бақытты, жұмыстарымыз жемісті болсын, денсаулықтарыңыз мықты болсын деген тілекті айтамын.