Отбасы т?рбиесіні? негізгі м?ні отбасында?ы ?зара ынтыма?тасты? пен т?сіністік болып табылады. Балалар ата-анасыны? е?бектегі ісіне к??іл б?ліп, оны т?сінуге тырысады. Ата-аналар да балаларыны? к?н сайын?ы ?рекеттерін ?ада?алап жа?дайларын біліп отырады. Отбасыны? берік негізі міне, осы рухани м?ддені? бірлігінде. Оны? бірт?тас ынтыма?та болуы, береке бірлігі е? алдымен ата-ана м?ддесіні? м?ні мен ма?ынасында, ?ке мен шешені? бір-біріне, балаларына, оларды? достары мен жолдастарына деген ?арым ?атынасына байланысты болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Т?рбие отбасынан басталады"»
Өзің туған отбасы –
Отаныңның қақпасы.
Тәрбие отбасынан басталады
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдай
ларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым қатынасына байланысты болады.
Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кіріп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, Қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Содай-ақ отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Ұяда не көрсең соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең енгізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, онда адамгершілік пен әдептіліктің көрінісі айқын сезіліп тұрады.
Өз ата-анасын сыйлап, құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендералдында өзін дұрыс ұстап, құрметпен қамқорлық таныта біледі.
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік епн шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақ ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды балабақшаға жіберіп, тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз.
Баланы бақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы,болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға да уақыт бөле алмайды. Осындайдан бала тәрбиесінде қиындықтар туындайды. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана екеуінсіз қалдырмаған жөн. Жақсылығын мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп,үйретіп отыру баланы жетістіктерге жетелейді.
Ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсуіне жол ашады.
1.Балабақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруіне уйрету.
2.Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.
3.Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.
4.Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.
5.Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.
6.Баласының тілін түсініп, онымен сырлас,дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.
7.Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлкын,іс- әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.
8.Баланың психо-физиологиялық даму деңгейіне, жан-жақты жетілуіне көніл бөлу.
9.Баланың орынды талап тілегіне тежеу жасамай, еркіндік беріп, дүниеге, өмірге деген көзқарасына түсінікпен қарау.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз,
Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»
Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі мыйлау қажеттілігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Отбасының негізгі міндеттері:
1)Баланың өсіп, дамуына толық жағдайлар жасау;
2)Балаларға әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қорғаушы болу;
3) Өз халқының зтно-мәдениеттің тәжірбиесін ауыстыру;
4)Баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау;
Отбасылық тәрбиенің негізгі принтері:
Өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық және мейірімділік көрсету;
Балаларды отбасы өміріне енгізу, ақылшы ретінде қарау;
Балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу;
Талап қоюда жүйелілік жасау;
Өзінің баласына шамасына қарай көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу.
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Тәлім – тәрбие туралы
«Адам – ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады».
Әже – ақыл, ата – дәстүр.
Дүниеде не қымбат?
Ата бабамыздың айтқаны бар – деді ол:
«Алтын ұя Отаның қымбат, кіндік кескен. Жерің қымбат, туып өскен жерің қымбат.
Құт береке – атаң қымбат, арың менен ұятың қымбат», - депті. Жастар осы сөздің қадіріне жетіп өссе екен. Сондай-ақ атамыз қазақ егін егіп мал ұстамасаң жерге өкпелеме, еңбек етпей жалқау болсаң – елге өкпелеме. Бірлік бар жерде тірлік бар. Бақыт басыңа қонған құс, байлық қолға ұстаған мұз.
« Өмірдегі ең қымбат ұрпағың – артта қалған із» – деген екен.
От басында жайлы жағдай жасау жөнінде ата-аналарға ескертпе:
Естеріңде болсын: балаңызды қалай ұйқыдан оятсаңыз, ол сондай көңіл – күйде күні бойы болады.
Түнгі демалыс уақыты әр балаға дара болуы тиіс. Оған себеп – баланың ұйқысы қанып, оятқанда жайдарлы тұруы керек.
Баламен серуендеу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Өйткені бірлесіп серуендеу – әңгімелесу, ақыл айту, қоршаған ортаны бақылау.
Мектепке дейінгі мекемеден кейін балаңызды қарсы алуға үйреніңіз. «Бүгін сен не жедің?» деген сұрақтың орнына «Балабақшада қызықты не болды?», « Немен айналыстың?», « Қандай жетістікткрге жеттің» және т.б. сұрақтарды қойыңыз.
Балалардың жетістіктеріне қуана біліңіз. Жолы болмаған сәтте ашу шақырмаңыз. Оның өміріндегі болып жатқан оқиғаларды қызығушылықпен, шыдамдылықпен тыңдаңыз. Бала ата – анасының сүйіспеншілігін сезінуі тиіс. Айқай, қатты дауыс көтеруді мүлде қолданбау қажет.
Отбасында шаттық, сүйіспеншілік, өзара сыйластық болу үшін жағдай жасаңыз!