Просмотр содержимого документа
«Сынынтан тыс шара»
Тақырыбы: «Қызым- қызғалдағым!» қыздар байқауы.
Мақсаты: Көктем мерекесіне орай қыздарды әсемдікке, әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын ұстануда сөйлеуді, жүріп- тұру мәдениетін бала бойына қалыптастыру.Өнерге деген талпынысын жетілдіру.
Барысы:
І- тур «Сәлем- сөздің анасы» (Өзін таныстыру)
ІІ- тур «Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету.ән н\е би)
ІІІ- тур «Сұлулықтың сыры» (Сән үлгілерін көрстеу)
ІV- тур «Ойлы болсаң озып көр» (Сұрақтар қойып, соған жауап алу)
Жүргізушілер: Мақсат пен Тоқтар
Мақсат:
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар қасиетті аналар!
Тоқтар:
Айналайын қазақтың,
Әдет- ғұрып салтынан.
Иіліп сәлем беремін,
Барша бөбек атынан.
Мақсат:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті әже- аналар!
Әділ- қазылар алқасымен таныстыру.
Тоқтар:
Тамаша ойын- сауық басталады
Күй тартылып, әсем ән шырқалады.
Қошеметпен қол соғып отырайық
Өнерлі өрендерге ортадағы.
Мақсат:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарды табайық
Тоқтар:
Қызғалдақтай құлпырған,
Көмейінен жыр туған.
«Қызым-қызғалдағым!»- байқауын бастайық»
Неше түрлі сыр тұнған.
Мақсат: Олай болса, ортаға «Қызым- қызғалдағым!» аруларын шақырайық.
Тоқтар: Дұрыс айтасың.
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып басып.
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
( Топтағы ұл балалар «Қызым- қызғалдағым» қыздарына арнап З.Көпбосыновтың орындауындағы әдемі әнінің әуенімен орындалады)
Дилназ қыздың ән салғаны әдемі,
Інжу қыздың ойнағаны әдемі.
Ару қыздың сұлулығы әдемі
Үміт қыздың билегені әдемі,
Інжу қыздың күлген кезі әдемі,
Барлық қыздың бар өнері әдемі.
Мақсат:
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
«Қызым- қызғалдағым» арулары кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
1 Ару. 2 Дилназ:
Мен әкемнің күнімін, Атам, әжем мақтаған
Мен анамның гүлімін. Менің атым Дилназжан.
Өзім сұлу баламын, Тақпағым бар жаттаған
Анамның тілін аламын. Осы күнге сақтаған
Мейлі қайда жұсасын Өзім кішкентай болсамда
Бәріне де барамын Таудай үлкен талабым
Аруымын Нұрланның, Кенжесімін әзірге
Сұлуымын Мариямның Айбек пенен Жанардың
Қарындасы боламын
Ислам деген ағамның.
Үміт: Інжу:
Ұрпағы дархан даламның Мен Інжумін, қызымын Талғаттың
Үміт деген баламын Агашыма жәрдемшінің бірімін
Мың бұралып би билеп Ағатайым Данияр,бөпем Айару
Шырқап әнге саламын Сүйікті мен қызымын Мейрамгүлдің
Атам, әкем, анам бар
Қорған болар ағам бар
Осы отырған бәріңіз
Маған қызыға қараңдар
А.Інжу:
Атым Інжу болады сұрасаңыз
Шеркеш екен кешегі бір атамыз
Әжем менің Зәуре, Апам Света
Әкем Аман, Әмина болар ал анамыз
4- сыныптың орындауында ән: «Әке- ана».
Тоқтар:
Сымбатына киімі жарасатын,
Аспандайтын ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп дайын тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
ІІ-тур: «Өнерлі өрге жүзер» Қыздар өз өнерлерін көрсетеді.