?ожахмет Жазира М?хтар?ызы 2012 жылы Хлебодаровка орта мектебін ая?тап, С.Б?йішев атында?ы АУ колледжіне о?у?а т?стім. 2015 жылы о?уды ая?тап ?йымдастырушы - педагог маманды?ы бойынша диплом алдым. 2015 жылды? тамыз айынан бастап Хлебодаровка орта мектебінде маманды? бойынша Мектеп т?лімгері болып ж?мыс жасап жатырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"С?йемін ту?ан тілді, анам тілін"»
Тақырыбы: «Мен сүйемін туған тілді-анам тілін» Мақсаты: оқушыларға еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу. Тәрбиелілігі: оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабалардан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тіл мәдениетін сақтай білуге тәрбиелеу. Түрі: Сайыс I - жүргізуші: Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! II - жүргізуші: Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! Әнұран. І – жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай – күні, Күннен – күнге асар ма екен айбыны? Жетпіс жылда өтті талай кешуден, Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны. ІІ – жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің. Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім.
Би «Шашу»-орындайтын ІІ сәбилер тобының биші қыздары
І – жүргізуші: Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
ІІ– жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. І – жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.
ІІ – жүргізуші: Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. І –жүргізуші: Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел - жұрттың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдің бірі. Сондықтан да бүгінгі сайысымызға «Ұлағат» және «Парасат» тобы келіп отыр. Олай болса әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік.
І бөлімі: Әр топтың ұрандарымен танысу.
ІІ-жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар, Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар. Қасиетті менің ана тілімде, Өшпес мәңгі алаулаған арай бар, - дей келе сайысымыздың ІІ бөлімі : «Тіл деп соққан жүрегі»- мәнерлеп оқу сайысы .
І – жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
ІІ – жүргізуші: Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
ІІІ бөлім: «Дана ойдан шыққан сөз»- Тіл туралы көркем сайысы.
І – жүргізуші: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз.
Сахналық көрініс.
- Баяғы өткен заманда бір патша тілдер патшалығына саяхатқа шығыпты. Ол келе жатқанда алдына тілдей қағаз түседі. Ашып оқыса: «Дүниеде не тәтті, не ащы?»- деген жазу болып, патша түсінбейді. Ол данышпан қартқа хат жазған екен. Данышпан былай деп жазыпты: - О, хан ием! Дұрыс сөйлей білу де өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтан да тіл тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, тілдің жарасы жазылмас, сондықтан да тіл ащы. Енді патша сендерден мына мақал - мәтелдерді аяқтауға көмектесулеріңді сұрайды. ІV бөлім: «Өнер алды – қызыл тіл» - мақал мәтел сайысы
ІІ– жүргізуші: Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай, Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
І-жүргізуші:«Ұлағат» тобына: 1. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса,... (кішіден сұра) 2. Жіптің ұзыны, сөздің... жақсы. (қысқасы) 3. Піл күшті, Піл күшті емес,... күшті. (тіл)
ІІ-жүргізуші:
«Парасат» тобына: 1. Отыз тістен шыққан..., Отыз рулы елге тарайды. (сөз) 2. Жүйелі... – жүйесін табар, Жүйесіз... – иесін табар. (сөз) 3. Адам көңілінен азады, ... жазады. (тілінен)
V бөлім: «Зерделі болса, ұл - қызым»- театралдық қойылым сайысы. Ән: «Ана тілім- байлығым»
І – жүргізуші: Сөз кезегің әділ-қазылар алкасына беріледі. ІІ – жүргізуші: Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! І-ІІ– жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
І – жүргізуші: Туған тіл-ақыл ой дамуының негізгі және барша білімдердің қазынасы. Ия, бүгін біз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне біршама көз жеткізгендей болдық.
ІІ-жүргізуші:
Осымен «Мен сүйем туған тілді-анам тілін» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!