Просмотр содержимого документа
«Сцинари на новый год "Әсем біздің шыршамыз"»
Тақырыбы: «Әсем біздің шыршамыз».
Аққала: (Шанамен залға кіреді, бір айналады.)
Бұл қандай әдемі жер, Шырша...., Адамдар..., Қандай тамаша! Мүмкін жаңа жылды осы жерде тойлармыз? Балаларым қайда жүр екен?
Қазір келіп қалатын болар, мен бастай берейін.
Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі,
Жаңа жыл ақ арманның өрленуі,
Жаңа жыл «Еркемай» балабақшасында
Кішкентай бүлдіршіннің ер жетуі.
(Балалар әуенмен залға кіреді)
Аққала: Құрметті ата-аналар, балалар қонақтар балабақша ұжымы Қош келдіңіздер! Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата-аналар, ұстаздар баршаңызды жаңа жыл мерекесімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып, әсем әнге, көңілді би билеп, көңіл көтерейік.
- Балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын (Шыршаның астында қоян жылап отырады)
- Ақ қоян - ау, ақ қоян сен неге жылап отырсын?
Қоян: Бәрі жақсы - ау, Бірақ біздің әсем шыршамыздың жарқыраған шамдарын мешін алып кетті. Енді біз қалай жаңа жылды тойлаймыз? Аяз ата сен бізге көмектесші,
Аққала: Балалар, мен кіммін? Аяз атамын ба?
Ақ қоян - ау сен қамықпа, бізге балаларымыз көмектеседі.
Ал балалар Ақ қоянның көңілін көтерейікші! Би билейік, тақпақ айтайық.
Тақпақтар:
С.Мадияр: Армысыздар, халайық!
Бармысыздар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Арсен: Әкелсін жыл ырыс – құт,
Әлемде босын тыныштық.
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылым тамаша!
Камила: Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті.
Эмирхан: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.
Инжу: Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ердос: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған,
Міне, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Аққала: Ақ қоян, біздің балаларымыз өте өнерлі, тағы да бір өнерін тамашала.
Би: «Аққала»
Қоян: Рахмет сендерге балалар, менің көңілімді көтердіңдер, бірақ біздің шыршамыздың бәрібір сәні келмей тұр ғой.
Аққала: Балалар енді не істесек болады?
(Әтештің дауысы шығады)
Аққала: Балалар, бұл ненің дауысы?
Балалар: Әтеш
Аққала: Балалар, дұрыс айтасыңдар. Біздің жаңа жылымыз жақындап қалған екен ғой.
Әтеш: Ку –ка –ре- ку, Сәлеметсіңдер ме балалар?! Қалдарың қалай?
Қараңдаршы айнала неткен керемет! Әсем шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәріміз әп - әдемі жаңа жыл-жылдық киімімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ шыршамыз неге көңілсіз, жарқырамай тұр? Әлде мені күтіп отырсыңдар ма?
Қоян: Әтеш достым, білесің бе? Біздің шыршамыздың шамдарын Мешін алып кетті. Бізге көмектесші!
Әтеш: Аааа, ол неге алып кеткенін білемін. Ол сендермен қоштасқысы келмейді, сендерге бауыр басып қалғасын қимай жатқаны ғой.
Аққала: Балалар, ендеше Мешінді бірге шақырып көрейік. Мешін қайдасың? Мешін –ау – у - у.
(Залға Мешін шырша шамдарын киіп кіреді)
Мешін: Мен қандай әдемімін, қандай сұлумын, сондай түрлі-түстімін. Мен жарқырап тұрмын, мен жарқыраған жылмын! Өздері менімен қоштаспақшы.
Әтеш: Сәлем Мешін! Достым – ау сен неге шыршаның шамдарын алып кеткенсің? Балалар жаңа жылды тойлай алмай отыр ғой?
Қоян: Мешін достым сен білесің бе? Сенімен ешкім қоштаспайды. Бәріміз доспыз ғой, сен әлі де бізге келіп, қайтадан жарқыраған жыл боласын.
Мешін: Солай ма екен, жаңарып тағы да келсем, онда қайтарып берейін.
Аққала: Алақай! Балалар енді шыршамыздың шамын жағып көрейік,
Қуант, бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
Балалар жанбай тұр. Шырша шамын жағу үшін Аяз атаның көмегі керек. Олай болса балалар, Аяз ата келу үшін жолдағы қарды тазалап алу керек.
Ойын: «Қарды жинау»
Аққала: Қане, барлығымыз енді Аяз атаны шақырайық.
Аққала: Амансыз ба Аяз ата?! Сіздің келгеніңізге қатты қуанып тұрмыз. Алайда, мерекеміздің сәні келмей тұр, шыршамыздың шамдары да жанбай қалды.
Аяз ата: Балалар – ау, менің сиқырлы таяғым бар, барлығымыз қосылып, шыршаны жағайық.
Балалармен бірге:
Қуант, бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (2-3 рет)
Аққала: Аяз ата, сіз жолдан шаршаған боларсыз, төрлетіңіз, сәл демалып, балаларымыздың сізге дайындаған өнерлерін тамашалаңыз. Кәне балалар босқа қарап тұрмайық, ән думанды құрайық!
Тақпақтар:
Аслан: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жаннұр: Жаңа жылым мол болсын!
Басқан қадам оң болсын!
Төрле, төрле жаңа жыл!
Бізге құтты жол болсын!
Ерден: Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр,
Сақалының ұзын-ай,
Кесіп алсам шіркін-ай.
Аружан: Жаңа жылға сәніміз,
Біздің айтар әніміз.
Келдің бе аман алыстан,
Сәлем, Аяз атамыз.
Ален: Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті – ақ.
Маған кәмпит көп берсең,
Тағы айтамын тақпақ.
Нұрлан: Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Төрле, төрле, жаңа жыл. Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Ән: «Аяз ата» (Хор әні)
Аяз ата: Балалар, менің Ақшақар немерем осында келмеді ме? Сендер оны көрген жоқсындар ма? Менен бұрын осында кеткен болатын. Өзін көрмей тұрмын. (Музыка әуенімен залға Ақшақар кіреді).
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар?! Сәлеметсіз бе Аяз ата?!
Сүйсіндірер маңдайды,
Ақшақармын арайлы,
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз ата: Ақшақар қызым, мен сені іздеп таба алмай қалдым. Сен неге кешігіп келдің?
Ақшақар: «Еркемай» балабақшасында жаңа жыл мерекесін тойлайды деп естіп, мен өзім жай келмей, Солтүстік полистен достарымды алып келдім, солардың өнерін тамашалаңыздар.
Би: «Көңілді Пингвиндер».
Аққала: Ақшақар, Аяз ата біздің балаларымыз өнерлі. Сіздерге арнаған ән, тақпақ, билерін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Дильназ: Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Алуа: Кел билейік сенмен,
Деймін тартып жеңінен,
Еріп кетпе Ақшақар,
Адамдардың демінен.
Т.Алихан: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Аруана: Аралайды бақшаны,
Үзілмейді жақсы әні,
Гүлденеді бақшалар,
Жауса, жаусын ақшақар!
Ердәулет: Жасыл шырша, қош келдің,
Сені күтіп жүрдік біз
Сенің жүзін көркейсін деп Ойыншықтар ілдік біз.
А.Алихан: Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа нұр, Ата, әже, әке, ана ,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Аққала: Достарым барлығымыз бірге «Аяз ата» әнін орындайықшы.
Ән: «Шырша» (хоровод).
Тақпақтар:
Азимжан: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.
Амина: Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Амир: Жаңадан тақпақ,
Аламын жаттап,
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.
М.Мадияр: Келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер,
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер!
Мансур: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық,
Қастарыңда болмасын!
Ерасыл: Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған әдемі,
Жарқыраған шыршаны
Ақшақар: Балалар, сендер қандай өнерлі екенсіндер. Ал енді біздің ата-аналарымыздың өнерлерін тамашалап көрейік. Ол үшін ата-аналарымызбен ойын ойнап көрейік.
Ойын:«Аққаланың суретін сал»
Әтеш: Ку - ка – ре - ку ! Керемет! Балалар, Аяз ата, Достарым, рахмет сендерге! Менің жаңа жылым болғаннан кейін, балапандарыммен алып келген сыйым бар.
Би: «Балапандар»
Аққала: Аяз ата, Ақшақар! Сіздер балаларымыздың өнерлерін көрдіңіздер, Енді сыйлықтарын қашан бересіздер? Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір.... (барлығыңа сыйлық үлестіріледі) Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Бәрі. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Аққала: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!