Біз тату доспыз!
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар! Сіздерді бүгінгі 1 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірінші бүгін мамырды
Тойлайды қала, ауыл да
Айналған барша халықтар
Дос, туысқан, бауырға!
Ендеше, осы мерекені тойлауға келген ұлт өкілдерін қаршы алыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, сендер бүгін мерекеге өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп келдіңдер, демек біздің елімізде осындай ұлттар өмір сүруде. Олардың Қазақстанда тұрса да, өздерінің салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, тілдері, тағамдары, ұлттық киімдері, ойындары, билері болады. Өзге ұлттармен біз тату – тәтті, ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Біз бақыттымыз!