kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий утренника на тему "Сиқырлы күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий утренника разработан для детей второй младшей группы. Здесь подобрана роль индивидуально для каждого ребенка. Дети читают стихотворения и поют песни.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий утренника на тему "Сиқырлы күз"»

«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп білім беру комплексі» мекемесі















«Сиқырлы күз» атты ертеңгілік

«Тұмар» ІІ-ші кіші тобының





Дайындаған тәрбиеші:

Тышкамбаева Г.С.
















Семей 2017

«Тұмар» ІІ-ші кіші тобының алтын күз мерекесіне арналған ертенгілігі.

Тышкамбаева Гульзат Смагуловна

«Қуаныш» балалар бақшасы мектеп

білім беру комплексі» мекемесінің

тәрбиешісі, Семей қаласы.

Санатсыз



1.Барысы: «Сиқырлы күз» атты мерекелік ертеңгілік сценарий.

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру.Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру.Балаларды күз байлықтарымен , күзгі еңбекпен таныстыру.Табиғатты сүю,қорғауға тәрбиелеу.Әсем әуен ойнап тұрады.Балалар орман көрінісімен безендірілген залға кіреді.

Қатынасатын кейіпкерлер: Жүргізуші,Күн,Алтын күз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен ата-аналар! Бүгін «Тұмар» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Сиқырлы күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

2. Дей отыра «Тұмар» тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық!

3. Ән «Қызыл, сары жапырақтар» (өлең біткен кезде жапырақтарды жинап алу.)

4. Алтын сары, қызыл көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Балалар, біздер бүгін қандай мерекеге келдік?

- Алтын күз

Сұрақ:

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Күз.

-Күзде ауа-райы қандай болады?

-Күн суытады,жаңбыр жауады,жел соғады.

-Жапырақтардың түсі қандай болады?

-Қызыл, сары.

Жүргізушілер: Дұрыс балалар,біз Алтын күз туралы жақсы білеміз екен. Жарайсыңдар.

Ал енді келесі кезекте бүлдіршіндеріміз тақпақ айтамыз дид. Ортаға шығады. (Ж.Каусар,Елхан,Арыстанбек,Темірболат ,Адия)

5. Тақпақтар:

1.Алтын,алтын,сары алтын, (Ж.Каусар)

Алтын күзде нұр төккен.

Қойын толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.

2.Қандай өзі береген, (Елхан)

Алмасын-ай алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.

3.Өрік, шие, балы бар, (Аска,Тимка)

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе бәрін ал.

Неге аласың демейді.

4. Жемісі мол теретін, (Адия)

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

6. Жүргізуші: Балалар, тыңдап көрейікші, орман бізге не деп жатыр екен? (балалар тыңдайды)

Әдемі Алтын күз

Таң атпай тұрыпты

Ойқастап жүріпті

Жан – жаққа қарапты

Жапырақтарын тарапты, - бізге келе жатқан кім екен?

Залға Алтын күз келеді:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын.Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Қандай көңілдісіңдер?Қандай әдемісіңдер.

Жүргізуші: Қош келдің ,Күз Ханшайымы!Төрлет!

Күз ханшайымы, біз бүгін «Алтын күз» мерекесін тойлап жатырмыз.

Ал,енді Күз ханшайымы, біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашала

Күз ханшайымы: Жарайды,тамашалайын.

7.Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз.

Тақпақ айтып,ән шырқап,

Билеп-билеп береміз. Дейді.

Биші қыздарымыз «Қолшатыр»биін билеп береді.

8. Күз ханшайымы: Балалар маған сендердің көмектерің керек. Менің пісіп жетілген жеміс –жидек, көкеністерім кім пайдалы, кім дәмді деп дауласып келемін, көмектесіңдер ме ?

Балалар : Иа

Күз ханшайымы: «Күздегі жеміс-жидектерді жинау» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлініп,қолдарына жүк көлігінің машинасын ұстап,жеміс жидектерді жинап,себетке салып берулерінді өтінем.Маған көмектесесіңдер ме?


Күз ханшайымы : Тамаша ,рахмет сендерге.

Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге көкөністердің өздері келіп өлеңдерін оқып берсін.

Күз ханшайымы: Жарайды,көрейін.


9. .Балалар:

"Көкеністер ".

1. СӘБІЗ: Ләйла
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
2. ҚЫЗАНАҚ: Азиза
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей.

Томат шырынын ішпеген.

3. ҚИЯР: Аяжан
Дәмім тілді үйірген
Мен түздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде 
Жейді бәрі сүйсіне!

. ҚЫРЫҚҚАБАТ: Амир
Мақтанғаннан не пайда?

Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!

5. ШАЛҚАН: Даяна
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!

6.Картоп: Әли

Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.

7..ҚЫЗЫЛША:  Алида
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.

Күз ханшайымы: өте тамаша.жарайсыңдар балалар.


10. Залға Күн кіреді: Сәлеметсіздер ме балапандар! Бүгін сендер қандай әдемісіңдер?! Мен де бүгін әдемімін, қараңдаршы (әрі – бері жүреді)

Жүргізуші: - Балалар, бізге Күн келді , балалар күн әдемі ме?

Балалар: - Иә, әдемі!

Күн: Балалар, сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме?

  • Иә, білеміз!

  • Күн: - Өте жақсы. Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады

( балалар аяқтарын қаттырақ топылдатады , тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).


11.Жүргізуші:

Шырқаған,балапаным өз тілінде

Күнің шықты алдыңнан

Сен күлімде мерекемізде

Ән айтып,би билеген

Құштар болған сен өнерге

Ортаға бишілерді шақырамыз.

«Саңырауқұлақтар» Биін қарсы алыңыздар.


Күн: Неге осы сені Күз ханшайымы деп атайды?

Күз ханшайымы: Соны да білмейсің бе? Мен Алтынға толымын ғой. Сондықтан мен алтын күз атандым.

Күн: Ой Алтын күз, мақтанба. Сен менен де тез озып кетем деп ойлайсың ба?

Алтын күз: Әрине, сен менімен жарыссаң жете алмай қаласың.

( Күн Күз ханшайымын қуады, жете алмайды).

Күн: Күз ханшайымы , сен расында жеткізбейді екенсің.

Күн: Бүгін біздер ойнадық та

Ән салдық та, биледік

Қоштасатын кез де келді

Біздер енді кетейік.

Күн: Сау болыңыздар, балалар!

Балалар: Сау болыңыздар!


12. Ал, енді бүлдіршіндеріміздің орындауында Ән: «Алтын күз»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар мен бір марқайып қалдым.Менің көңілімді көтеріп , тастадыңдар.рахмет сендерге.

Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары, әдемі орамалды тауып алдым. Бұл сиқырлы орамал. Осы орамалмен ойын ойнайы


13.Ойын: «Сиқырлы орамал» (балалар бірге қайталайды)

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Күз: Бұл не?

Балалар: Себет қой!

(Ойынның соңында орамал астына алма салынған кәрзеңке қояды)

Кәрзеңкенің бетін жапырақтар жауып тұрады.Ал жапырақ астынан алма шығады. Күз балаларға алма үлестіреді. Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.Ертеңгілік аяқталады

Жүргізуші:

Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз,

Рахмет саған алтын күз! Демекші алтын күз саған көп-көп рахмет.Сау бол.!

Күз ханшайымы : Сау болыңдар ,балалар!

Жүргізуші: Ал,енді бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне арналған шағын ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Алтын уақыттарыңзды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.Қош сау болыңыздар!

Алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тұмар» тобының көрмесі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сценарий утренника на тему "Сиқырлы күз"

Автор: Тышкамбаева Гульзат Смагуловна

Дата: 13.03.2018

Номер свидетельства: 461628


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства