kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий спортивно-развлекательного мероприятия ко Дню Независимости Республики Казахстан "Қазақтың ұлттық ойындары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий спортивно-развлекательного мероприятия ко Дню Независимости Республик Казахстан с использованием национальных игр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий спортивно-развлекательного мероприятия ко Дню Независимости Республики Казахстан "Қазақтың ұлттық ойындары"»

Ақтөбе қалалық білім бөлімі

14 «Қонжық» мектепке дейінгі ұйымы











Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай ересек топтарының арасында өткізілген спорттық мерекелік іс-шара

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»













Дене шынықтыру жетекшілері: Мукашева А.Б.















2016-2017 оқу жылы

Жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық, сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

ҚР гимні

Флешмоб «Қара жорға»

(Музыкамен әже келеді)

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Әже: Амансыңдар ма балалар? Амансыңдар ма ұстаздар? Бүгінгі келген мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Келіңіз балалардың өнерлерін, ән-билерін тамашалаңыз!

1.Қыз қуу

2. Орамал тастамақ

Тақпақтар:

1 бала:Елбасы сен Қазақстанның
Барлық елмен дос болған
Болмаған дұшпан ешқашан
Қазақ елін гүлдендірген
Тірі жүрші елбасы аға

2 бала:
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан

3 бала:
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
4 бала:
Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан

5бала:

Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.

6 бала
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!



Жүргізуші: Ұлттық ойындарымызды ойнауды жалғастырамыз!

3. Ағаш үй көтеру

4.Арқан тарту

5. Ат жарыс


Жүргізуші: Балалар үлкен рахмет. Бәріңде қазақтың ұлттық ойындарын ойнауды біледі екенсіңдер! Әже біз сізден бата сұраймыз.

Әже: Аман болсын аймағың,

Шайқалмасын қаймағың.

Таудың қуысынан бергей,

Алланың уысынан бергей! Амин!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Мукашева Анар Базарбаевна

Дата: 12.06.2017

Номер свидетельства: 421425


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства