kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарии на тему "Қош келдің жана жыл"

Нажмите, чтобы узнать подробности

әсем зал безендірілді аяаз ата сыйлық алып келді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сценарии на тему "Қош келдің жана жыл"»


Әсем безендірілген залға «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгілігіне балалар ата-аналарымен бірлесе кіріп,жайғаса отырады.


Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді!

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Ботақан » тобында!



Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:

Ау, жарандар, ал қараңдар!

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!


Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.

Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, Аю атай!


Аю:

Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.


Қоян:


Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.


Тулкі:


Қоянжанға бір сәлем!

Аю атамызға мың сәлем!

Аю, Қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!


Тулкі:


Достарым, қой жылы келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш тулкінің

Өнерін жұрт көреді!

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түcin,

Тарқатам құмарымды.


Аю, қоян: Рахмет, Түлкіжан!



Жүргізуші: Ендеше, ендеше балалар шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

1.Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса


2. Шыршамызда қаншама

Түрлі - түсті шырақтар

Күлгін түсті тоқаштар

Жарқыраған алтын бар.


3. Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той - маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.


Жүргізуші (шыршаға қарап):


Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады.

Түрлі - түсті ойыншық

Шыршада көз тартады.

Құрметті Ата-аналар,балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.


Бәрі (аңдар):

Қоңырау үні сыңғырла

Аяз ата, Ақшақар!!!

Біз сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға,

Аяз ата,Ақшақар! 3 - рет


(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, Ақшақар келеді)


Аяз Ата:


Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өстіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?


Балалар: Аяз ата!


Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт - жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.


Жүргізуші:

Қош келдіңіздер,

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл демал!



Балалардың өлең шумақтары.



4.Киіндік ұл мен қыз

Аң болып, жан болып

Танымай тұрсын деп

Досымыз таң болып.


5.Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.


6.Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем, Аяз атамыз.


7.Шыршамыз да керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.


8. Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

Ойланып жауап береміз.


Ақшақар: - Мен білемін бір ойын: «Сөз жұмбақ жасыру» .

Үйретейін сендерге мен бастаймын,ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!


Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!


Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге....

Балалар: Аяз ата!


Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі......

Балалар: Әдемі!


Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын - күлкі таралсын

Құтты болсын.....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)



Кел билейік сенімен

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.



Шыршаны айналып балалар,кейіпкерлер,ата-аналармен бірлесе би билеп,ән салады.


Жылқы кіріп келіп қонақтармен амандасады:


- Сәлеметсіздерме,құрметті ата-аналар,аяулы бүлдіршін ұл-қыздар!



Бір жыл бойы сендермен,

Бірге жүрдім ,ойнадым.

Енді міне балалар,

Кезек келді қоштасар.

Қоштасардың алдында бір ойын өткізейін: «Қиындық кедергілерден жылдам өту». Құрметті ата-аналар 2 топқа бөлініп,әр топқа атауын,ұранын ойлап қойындар.

Шарты: 1.

Ойынды бастаймыз.

Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!


Бәрі.:Қош, қош, Ескі жыл!


Жылқы шығып кетіткен кезде, Қой кіріп келеді.


Қой-


Мен жаңа жылмын!

Мен жаңа нұрмын!

Нұрымды да себейін!

Жырымды да себейін!






Қой Ата-аналарға жұмбақ жасырады.

Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады.

(қар)


Терезеге қонады,

әсем ою салады.

(қырау)


Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip тусте.

(шырша)



9.Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.



10.Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жылтырап жатады.



Аяз ата аппақ

Кәмпиттері тәтті - ақ

Маған кәмпит көп берсең

Тағы айтамын тақпақ.


Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?

Аяз ата: Айта ғой, түлкішек

Түлкі:

Ананы да, алдадым

Мынаны да алдадым

Мен түлкімін айлакер

Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)


Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)

Мен қасқырмын, қасқырмын

Қозы ұрлаймын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде

Қозы етін жемесем

Ахо - хо. Охо - хо.


(осы кезде қоян шыға келеді)

Қоян :

Ей, қасеке, қасеке

Сен де адал есессің.

Мен тұрғанда қозы, лақ

Оңайлықпен жемессің.

Аф - аф - аф


Аяз ата: Адамзаттың серігі, ал сыйлығыңды!


Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....

(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)


Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!


Бәрі.

Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.


Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!








Ата-аналармен өткізілетін жұмыстың жоспары


р/р

Іс-шара

Өткізілетін мерзімі

1

Ата-аналармен танысу.

Балалардын жас ерекшелігі


Қыркүйек

2

«Біздің бақша әдемі» сайысы


Қазан

3

Ата-аналарға тапсырма «Менің бір күнім »


Қараша

4

Қолөнер көрмесі (Қысқы көрініс)


Желтоқсан

5

Баланың балабақшадағы қызықты күндері


Қаңтар

6

Әкем менің өңерлі


Ақпан

7

Ата-аналарға кеңес


Наурыз

8

Ойын алаңын безендіру


Сәуір

9

Ата-аналармен өткізілген жұмыстың қортындысы

Мамыр

10

Ашық есік күні

әр айдың 25-сі күні




















Қарастырылды: Бекітемін:

МҚКК «Балдәурен» МҚКК «Балдәурен»

сәби-балабақшасының сәби-балабақшасының

әдіскері Аманжолова Ж.А басшысының м.а

қолы_________ Сатыбалдинова Г.А/____/ «____»_________2014ж «____»_________2014ж






I-ші кіші сәбилер «Гүлім-ай » тобынын 2013-2014жылына

арналған мерекеліктердін жоспары


р/р

Өткізілетін іс-шаралар

Өткізілетін мерзімі

1

«Біз бақытты жанұямыз»

Қыркүйек

2

«Алтын күз»


Қазан

3

«Мен ақылды баламын»


Қараша

4

Тәуелсіздік :«Тәуелсіз елім-Қазақстаным»

Жаңа жыл:

«Қош келдін жаңа жыл»


Желтоқсан

5

«Ең әдемі аққала»


Қаңтар

6

«Көңілді қыс»


Ақпан

7

8-Наурыз

«Асыл анам»

22-Наурыз

«Қош келдін ,Наурыз»


Наурыз

8

«Ең тәтті күлкі»


Сәуір

9

«Менің атам ең жақсы»


Мамыр

10

«Қош бол! балабақшам»

«1 Маусым балаларды қорғау күні»

Маусым

11

«Жаз келді алақай! »


Шілде

12

Қош бол шуақты жаз


Тамыз





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
сценарии на тему "Қош келдің жана жыл"

Автор: Сархы Сандугаш

Дата: 16.10.2016

Номер свидетельства: 349773

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Жа?а жыл?а арнал?ан сценарий"
    ["seo_title"] => string(29) "zhanazhylgaarnalganstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "286703"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454392743"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "«Кел, Жа?а жыл, т?рле, т?рле жеріме!» атты  Жа?а жылды? мерекені? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(85) "kiel-zhan-a-zhyl-torlie-torlie-zhierimie-atty-zhan-a-zhyldyk-mieriekienin-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "157708"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421643640"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Сценарий на на тему: "Наурыз - бізді? жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(48) "stsienarii-na-na-tiemu-nauryz-bizdin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "277706"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452957868"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Химия п?нінен ашы? саба?.Та?ырыбы:"Темір""
    ["seo_title"] => string(38) "khimiiapninienashyksabaktakyrybytiemir"
    ["file_id"] => string(6) "300080"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456664041"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Сценарий "Алтын күз"ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(37) "stsienarii_altyn_kuz_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "436351"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1509641586"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства