Ана тілім – дана тілім.
Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қонақтар. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған «Құлпынай» тобының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі» күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап, мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997 жылы 22 қыркүйек күні қабылданды
Жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. –дегендей ертеңгілігімізді ҚР-ның әнұранымен бастайық
«Әнұран»
Осы кезде күй ойналып, алыстан дауыс естіледі. Айқалап атқа мінген Алдаркөсе: «Сүйінші! Сүйінші!» «Алақай, сүйінші!» - деп шауып келеді.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе Алдар көсе?! Не болды?
Алдар көсе: Бүгін тіл мерекесі екенін естіп,кішкентай балаларды құттықтауға келдім.
(Балаларды құттықтайды да,төрге жайғасады)