kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий на праздник " ?ош келді? ?з-Наурыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Очень интересное сценарий.Здесь расписаны казахские традиций.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий на праздник " ?ош келді? ?з-Наурыз"»

«Қош келдің әз-Наурыз»

Мақсаты: Балаларға Ұлыстың ұлы күні,Наурыз мерекесінің мағынасы туралы түсінік беру,ұлттық дүниетанымдық білімдерін кеңейту.Наурыз айы туғанда мұсылман халқы үшін жыл басы екенін түсіндіру.Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүргізуші:

Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыс та ,ақы да біз.

Үй дастархан думанымыз,сахынамыз,

Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз.

(Балалар әуенмен залға кіреді)

Жүргізуші :

Наурыз келді,наурыз келді ағайын,

Құшарлана құшағымды жаяйын.

Көктем туа күлімсіреп көк аспан,

Әнге толды нұрға толды маңайым.

-Балалардың орындауында «Келді Наурыз» әнің қабыл алыңыздар!

Ән: «Келді Наурыз»

Жүргізуші:

Салт-дәстүріміз жарасса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

О, жараңдар ,жараңдар,

Игі жақсы жайсаңдар.

Наурыз тойы басталды.

Бәрің мұнда қараңдар.





1

Тақпақтар:

Сакен:

Зеңгір көктем,нұрын төккен.

Ортақ біздің үйіміз.

Жайнап өскен,жайдары өскен.

Біз өмірдің гүліміз.

Әдия:

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Мариям:

Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермей салтымыз,

Көп елге тарайды.

Мирас:

Армысыздар халайық,

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық.

Әділет:

Наурыз келді балалар,

Көктеді қыр жырғалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда ағалар.



2



Айдана

Наурыз бұл береке,

Құтты болсын мереке.

Қыдыр ата келсін,

Жақсы тілек әкелсін.

(Алыстан дауыс шығады,балалар мен жүргізушінің көңілі сол дыбысқа түседі,музыка әуенімен Алдар Көсе кіріп келеді.)

Алдар Көсе:

-Еееееееей Мен Алдармын, Алдармын.

Жамандарды алдармын.

Жақсылармен дос болып,алда десең алдармын.

Ееееееееее,Ооооооо,Ааааааа.

-Ассалаумағалейкум халайық,Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіз бе Алдар Көсе! Біздің Наурыз мерекемізге қош келіпсіз,қайдан келе жатырсыз?

Алдар Көсе:

-Сендер Шықбермес Шығайбай деген байды танисыңдар ма?Мен бүгін сол байды алдап,келе жатырмын. Ха-ха-ха.

-Мына дастарханды кім әзірлеген?Қарным ашты,отырып тамақ ішіп алайыншы.

Жүргізуші:

-Отырыңыз,отырыңыз дәмнен алыңыз.Бүгін үлкен мереке болған соң біз дастархан әзірлеп,халықты құттықтап, өз өнерімізді көрсеткелі жатырмыз.Біздің сыйлы қонағымыз болыңыз!

-Ұлдардың орындуында «Қамшы биін» тамашалаңыздар!

Би «Қамшы биі»

Алдар Көсе:

-Менде билеймін.



3

Жүргізуші:

Келіңдер ,наурыз тойын қарсы алайық,

Билейік,жыр жырлайық ән салайық.

Қаһарлы қыстап өтіп Наурыз келіп,

Арқанды кеңге салшы уа халайық.



Алдар Көсе:

-Ееее би биледіңдер,ал ән айта аласындар ма,ойын ойнай аласыңдар ма?

Жүргізуші:

-Әрине ән де айта аламыз,ойын да ойнай аламыз,қане балалар ойын ойнап көрейік.

Ойын:«Арқан тарту»

Шарты:міне арқан,осы арқанды ұстауға 4 бала шығады,2-уі оңға,2-солға қарай барып арқанды тартады.



Алдар Көсе:

-Жарайсыңдар балалар,ендеше мен сендерге балалардың құттықтау тілектерін көрсетейін.Тақтаға қараңыздар!

(Интерактив тақтадан балалардың құттықтау тілектері қосылады)

Жүргізуші:

-Керемет Алдар Көсе ,өте тамаша құттықтау сөздері! Ал қазір біздің балалар өз тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

Мансур

Наурыз шаттық әніміз.

Салтанатты сәніміз.

Ән салып ,жас-кәріміз.

Би билейміз бәріміз.



4

Данияр

Ата жолын қуайық,

Салт-дәстүрін сыйлайық.

Наурыз келсе,құт әкелгені халайық,

Шашу шашып,ел боп қарсы алайық.



Сулейман

Мы здесь сегодня собрались

Чтоб встретить праздник Наурыз!

4

Абзал

Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын!

Қайда барсан жол болсын!



Ариана

Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар,

Аулымды арала.



Аида

Жылдың басы –наурыз,

Бүгінгі жыр әніміз.

Жырдың басы –наурыз,

Той тойлайық бәріміз.



5

Жүргізуші:

Наурыз тойы – мерекесі ұлтымның,

Берекелі ,ырысы мен құтымның.

Тәуелсіздік думанымен бірге келген,

Ұлы күні,Ұлыс күні жұртымның.- дей келе балалардың орындауында ән қабыл алыңыздар!

Ән: «Көктем келді»

Алдар Көсе:

-Қане балалар мен кішкентай болған кезінде мынадай ойын ойнайтын едім.Ойнайсындар ма?

Ойын: «Теңге ілу»

(Алдар Көсе ойынның шартын түсіндіреді.Балалар атқа мініп,шүберекке түйілген тенгелерді жинайды)

Жүргізуші:

-Өте жақсы ал қазір біздің қыздар қазақ биін билеп береді тамашалаңыздар.

Би: «Қазақ биі»



Жүргізуші:

Дәмнен асқан не нәрсе бар жалғанда,

Кім боламыз оны ұмыт қалғанда.

Шашу шашып бауырсақтан мінекей,

Дәм татыңдар ,ал халайық жалғанда.



-балалардың орындауларында ән қабыл алыңыздар.

Ән: «Наурыз»

Алдар Көсе:

-Балалар сендер қазақ ұлтының салт-дәстүрлерін білесіңдер ме? қазір мен сендерге көрсетейін біздің ұлтымыздың салт-дәстүрлерін.

Слайд: «Қазақтың салт-дәстүрлері»

6

(Бесікке салу, тұсау кесу,атқа мінгізу,сүндетке отырғызу,беташар,қыз ұзату,сыңсу.)

Алдар Көсе :

-Ал енді осы сыңсу салт- дәстүріне тоқталып кетейік,біздің шағын көрінісіміз бар.Тамашалаңыздар!

«Сыңсу көрінісі»

Балалар дайындаған көріністі көрсетеді.

Әже бата айтады.

Адал тілек астарыңа

Ұзақ өмір жастарыңа

Жанұя тату тәтті боп

Бақыт қонсын бастарыңа!

Әумин!

(Әже шашу шашады)



Жүргізуші:

Құрметті Ата-аналар ,Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,Аспанымыз ашық,Еліміз тыныш болсын.



















7


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сценарий на праздник " ?ош келді? ?з-Наурыз"

Автор: Байтенова Гульшат Тасмагамбетовна

Дата: 27.04.2016

Номер свидетельства: 323020


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства