kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий утренника на новый год "Ұйқыдағы арудың оянуы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценерий для провидения нового года где дети встречают дедушку мороза и им читают стих,песни поют,игры играют и подарки получають.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий утренника на новый год "Ұйқыдағы арудың оянуы"»

«Ұйқыдағы арудың оянуы»

(Жаңа жылдық ертеңгілік)

Мақсаты: Балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.Өлең,тақпақтар арқылы тіл байлықтарын дамыту. Ойындарға белсене қатысу қызығушлығын арттыру.Ұйымшылдыққа,достарын сыйлауға,үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

(Залдың іші жаңа жылдық мерекеге сай безендірілген)

Жаршы:Құрметті ата-аналар, қонақтар және бүлдіршіндер! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз!

Бүгін сіздерге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге дайын болсын маңайын.

Көргендер де,көрмеген де арманда,

Жаңа жыл құтты болсын ағайын.

Жаршы: Сиқырлы сәт басталды

Қане,көздеріңді ашыңдар

Бүгін ғажайып болады

Паризатты қарсы алыңдар.(Перизат кіреді)

Перизат: Сәлем ,менің достарым!

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жылда сыйлық жасау дәстүрге айналған.Ал,менің сендерге ғажайып бір ертегіні сыйға тартқым келіп тұр.

Ертегіні бастамас бұрын балалар менің сыйқырлы таяқшаммен мына әдемі шыршаның шамдарын жағайық.

Шырша шамдарын жағу үшін сиқырлы сөздерді айту керек мен айтам сендер мұқият тыңдап менімен бірге қайталаңдар

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат(шырша шамы жанады)

Жаршы:Жанды міне шырша шамдары ,жарқырай түсті шыршамыз,шыршамызды айналып шырша жырын айтайық.

Ән: «Шырша біздің тамаша»

Жаршы: Бәріңе,бәріңе!

Қалалық тұрғынның бәріне

Патша бұйрығы заң екен,

Мына тұрған бәрімізге

Ханшайымның бүгінгі ояну

Құрметіне патша

кешке шақырады

Жаршы: Сәлеметсің бе,Перизат бүгінгі ертегімізді бастайық.

Перизат: Ертегі патшалығында патша мен патшайым өмір сүріпті.Олардың әдемі,ақылды қыздары болыпты.Ханшайымды Зұлым перизат сиқырлап ұйықтатып кетіпті,міне бүгін неше жыл ұйқыда жатқан ханшайымды көктен түскен перизаттардың әсем әуенімен билеген билері оятады.

Перизат:Перизаттар асықпай

Көктен жерге түседі

Ертегіні ғажайып

Түрлендіре түседі

Перизат қыздар әдемі әуенге билейді,әуенмен бірге ханшайымда ұйқысынан оянады.

Ханшайым: Неткен ғажап

Сондай әдемі

Мен қайдамын

Жаршы: Ертегі елінің тұрғындары қуаныныздар сіздердің ханшайымдарыңыз ұйқысынан оянып келе жатыр,ханшайымды қарсы алайық.

Перизат: Ханшайым сізді ертегі елінің тұрғындары сарайда күтіп отыр жүріңіз

Жаршы: Сәлеметсіз бе ханшайым,біздің ортамызға келгенінізге қуаныштымыз.

Ханшайым: Сәлеметсіздер ме,мен қуанып тұрмын

Перизат: Ханшайым ұйқыңыздан оятқан перизаттар өз тілектерін айтуға келіпті,перизаттардың тілегін қабыл алыңыз,ортаға шығыңыз.

Перизаттар: Осы ғажайып кешке шақырғаңдарыңыз үшін мың алғыс.

1-перизат Нұрай

Саған бүгін,сүйкімді періштем!

Сиқырлы сый жасаймын

Үнемі ақылды бол

Ешқашан жаманшылық көрме

Көп нәрсені біл

Мәнді кітаптар оқы!

2-перизат Қарақат

Ал менің сыйым өзгеше,

Музыканы сүйіп бар ынтамен

Талма бұлбұлша ән шырқаудан.

Қанаттандыр әндерінмен.

3-перизат Азиза

Жақсы болу өзіңнен

Жаман болу өзіңнен

Өзіңді өзін аяла

Өзін үйрен өзіңнен.

4-перизат Айя

Ханшайым,неткен сұлу еді

Сұлулығыңмен бәрімізді баурай түс.

5-перизат Айару

Сендерге ерекше сый жасаймын

Әр аспапта шебердей ойнап,

Елді таң қалдыра бер!

Перизат : Тілектеріңе мың алғыс

Мейрімді перизаттар

Жаршы:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Патшайымның бұйрығын

Бүгін кеш өтеді

Көңілді әрі жаңа жылдық

Ертегі елінің тұрғындары

Сыйлы қонақтардың арасында

Аяз атаның өзі болады!

Бүгінгі кешімізге қанекей дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.Аяз ата ,Ақшақар 3-рет

(Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді.)

.Аяз ата:

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарын сендерді

Сағынып келді алыстан

Ертегі елінің тұғындары ханшайымның оянуымен,жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Аяз ата: Ханшайымның оянғаның естіп,ертегі елінің тұрғындарының қуанышын бөлісуге келіп отырмыз.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме,ертегі елінің тұрғындары!Мереке құтты болсын! Шыршаларың да,өздеріңде соңдай әдемісіңдер

Жаршы: -Сәлеметсіздер ме,Аяз ата,Ақшақар! Ханшайымның ұйқыдан оянып келгенін ертегі елінің тұрғындарымен тойлауға келгендеріңіз үшін қуаныштымыз.

Жаршы: Аяз ата біздің ханшайымның ояну құрметіне ертегі елінің тұрғандары өлең дайындапты бірге айтасыздар ма?

Аяз ата: Әрине айтамыз қандай өлең білесіңдер?

Ән: «Жаңа жыл»

Жаршы: Ертегі елінің тұрғындары ханшайымыз достарын шақырып би билейді.

Ханшайым: Ах,неткен керемет!

Жаңа жылда келеді

Достарыммен ортаға шығып

Бәріміз бірге би билейміз

Би: Ақшақарлар

Перизат: Ғажап! Кешіміз ашық

Сарай тұр жарқырап

Ойын ойнауды бастайық-ертегі елінің тұрғындары ханшайымды ортаға алып ойын ойнайық

Ойын: «Ұлпа қарлар»

Ойынның шарты: ертегі елінің тұрғындары екі топқа бөлініп қатарға тұрады бірінші шеңбердегі қарды екінші шеңберге бір-бірлеп қояды

Жаршы: Бүгінгі ертегі еліндегі кештін ажары кіре түссін ән орындайық

Ән: «Новогднии хорвод»

Жаршы: Назар аударыңыздар

Көріністен құр қалмаңыздар

Алғаш рет және қазір ханшайымның оянуын естіп басқада ертегі елдерінен мерекеге келген музыканттарды,әншілерді,гимнастардың өнерін тамашалаңыздар.

Бремен музыканттарын қарсы алыңыздар (бремен музыканттары ортаға шығып өнер көрсетеді)

Жаршы: Әншілер келіді ортаға

Кештін ажарын кіргізіп

Ән: «Жаңа жыл» (Әділ мен Тоғжан)

Жаршы: Үйшіктен екеу шықты

Бір-біріне ұқсамайды (екі қыз шығып гимнастикалық жаттығу орындайды)

Жаршы: Ертегі елінің тұрғындарымен бір жыл бірге болған ит жылына рахметімізді айтамыз,ит жылы біздің ертегі елінің тұрғындарына қуаныш сыйлады, ұйқысынан оянып ханшайымыз келді,бүгінгі қуанышқа орай ит жылын ортаға алып би билейік

Би: « Сүйкімді күшіктер»

Жаршы:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар

Келіп қалды міне жалыстап

Доңыз жаңа жылымыз

Жаршы: Сәлеметсің бе,жаңа жыл бүгінгі кешімізге қош келдің.

Доңыз: Сәлеметсіңдер ме, менің жылым ертегі елінің тұрғындарына жайлы берекелі жыл болсын.

Жаршы: Ертегі елінің тұрғындары міне Доңыз жылымызда келіп жетіпті,олай болса ескі жылымыз ит жылын шығарып салайық.(сау болыңдар)

Жаршы: Доңыз жылы сен бізге жақсы көңіл-күймен келіпсін,бүгінгі кешіміз сарайымыз бұданда ажарлана түссін біздің ертегі елінің тұрғындарымен, бірге би билейсің ба?

Доңыз: Әрине,мен билегенді өте жақсы көрем.

Би: «Ханшайымның достары»

Перизат: Неғылды? Не болды?

Неге бәрі тоқтап қалды

Өте зұлым қонақ келді

Жағымсыз жаңалығымен (зұлым перизат кіреді)

Зұлым перизат: Қане,бәрін тоқтаңдар

Маған құлақ салыңдар

Мені неге ұмыттыңдар!

Мені мазақ қылдыңдар!

Кештерінің шырқын бұзамын

Бәрін үйлеріне қайтыңдар

Менен сәлем айтыңдар!

Жаршы: Сәлеметсің бе,перизат,бүгінгі біздің ертегі елімізге қош келдің,мына әдемі кештің шырқың бұзбай,бүгінгі ертегі еліне жаңа жылдың келіп қалғаның білдіріп ғажайып сағаттар келіпті, сағаттардың әдемі биін тамашалап,ашуыңызды басыңыз.

Би: «Сағаттар»

Жаршы: Қанеки перизат қол алысып біз,достасайық бәріміз (зұлым перизат балармен қол алысады)

Зұлым перизат : Ертегі елінің тұрғындарының билері ұнады,енді еш кімді сиқырламаймын.

Жаршы: Міне, ертегі елінің тұрғындары сиқырлы сәтте келіп жетті Аяз атаға жаңа жылдық тақпақтарды айтайық, аяз ата ертегі елінің тұрғындарының тақпақтарын тамашалаңыз.

Аяз ата: Керемет олай болса тыңдайын. Менде әрине құр қол келгенім жоқ,барлықтарына сыйлықтарым бар.

Жаршы: Кел балалар тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

1) Алихан:

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға

2) О.Нұрай:

Тауда туып,тауда өскен

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейміз енді шыршаға:

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

3)Мақсат

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

4)Тоғжан

Жаңа жылды қарсы алдым

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де

5)Нәркес

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

6)Айшуақ:

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

7)Алинур:

Жаңа жыл,жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа жыл

Қуантып елді

Жаңа жыл келді

8)Қарақат

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

9) Аяжан:

Оралдың өлкеме

Жаң жылым,армысың

Оранды ақ көпеге

Асқар тау,қарлы шың

10)Әділ:

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже,әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл

11)Нұрәділ:

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

Өлең деәзір,әнде әзір,

Ойында әзір-бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел,жаңа жыл,Жаңа жыл!

12)Әмір:

Ақ қарауға малынған

Сақалы мен мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем барді жұртына



13)Арай:

Добрый дедушка Мороз

Нам подарочки принес!

В месте с Дедушкой Морозом

Встретим Новый год



14.Айару

Аспан жерге төгілді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

15)Тамара:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

16)Ислам:

Жаңа жылда,балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

17)Әлем:

Аяз ата Ақшақар

Қош келдіңіз ортаға

Балаларды қуантып

Шаттық беріп баршаға

18.Егор:

Посмотрите,Дед мороз

В валеньках ишапке

Он на севере живет

И не носит шапки ух-ух

19)Айя:

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын



20)Азиза:

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршаға шам іліп

Аяз ата: Етегі елінің тұрғындары жаңа жылдық тақпақтарын маған қатты ұнады.

Жаршы: Аяз ата мына ертегі елінің тұрғындарына,біздің ханшайымға арнаған сыйлықтарыңыз бар шығар.

Аяз ата: Балаларға сыйлықтарын таратайын.Менің сыйлық салған дорбам қайда?

Зұлым перизат: Мен сыйлықты тығып қойдым,ол сыйлықтарды табу үшін бір ойын ойнайық.

Жаршы: Перизат сіз ертегі елінің тұрғындарына сыйқыр жасамаймын деп уәде беріп едіңіз ғой

Зұлым перизат: Маған ертегі елінің тұрғындарымен ойын ойнаған ұнады,сондақтанда сиқыр жасап сыйлықтарды орманға тығып қойдым.

Жаршы: Етегі елінің тұрғындары сыйлықты алу үшін ойын ойнаймыз ба?

Ертегі елінің тұрғындары сыйлықтарды алу үшін қайда барамыз?

Орманды қалың не басып жатыр?

Қалың қармен жүру үшін немен ба

Ойын: « Шаңғымен орманға барамыз»

Ойынның шарты: Ертегі елінің тұрғындары екі қатарға бөлініп тұрады,аяқтарына шаңғы киіп қолдарына таяқтарын ұстап шаңғы теуіп шыршаны айналып сыйлықты іздейді.

Аяз ата: Ал, балалар, сендермен көңіл көтеріп сыйлықтарыңды да бердік. Келесі жылға дейін кездескенше сау болыңдар.

Жаршы: Ертегі елінің тұрғындары бүгінгі ертегімізде ханшайымыз ұзақ уақыттағы ұйқысынан оянып ортамызға келді,зұлым перизат мейрімді болып бәрімізбен дотасты,ертегіміз қуанышпен,достасумен аяқталды Биылғы доңыз жылы бәрімізге тыныштық,береке,бірлік әкелсін.Сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сценарий утренника на новый год "Ұйқыдағы арудың оянуы"

Автор: Жидебаева Гульзира Амирхановна

Дата: 05.02.2020

Номер свидетельства: 538540


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства