kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: "Спорт-біздің досымыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету.  Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: "Спорт-біздің досымыз"»

Тақырыбы: «Спорт –біздің досымыз»


Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерлігін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету. Балалардың ынталы іскерлігін арттыру, ата – анамен жақсы достық қатынасын қолдау. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерту.

-Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған «Біз бақытты жанұямыз» атты көңілді сайысына қош келдіңіздер!
-Бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
1. Балабақша меңгерушісі: Д.С. Байскакова

2. Балабақша медбикесі: З.Г.Ташенова

3. Балабақша әдіскері: А.Д.Кошанова


Жарысқа 4 топ қатысады. Әр бір сайыстың ең жоғарғы балы 5 – тік жүйемен бағаланады.
Кіріспе бөлім
Топтарды ортаға шақыру.
1 – топ «Тұлпар»
Жеңсек тасымаймыз,
Жеңілсек тасымаймыз.
Бірлігіміз жарасқан,
Тұлпар тобынан жалынды сәлем!

2 – топ «Барыс»
Барыс – топтан қалмай жарыс, Ура!

3 – топ «Сұңқар»
Көк аспанда қалықтап
Сұңқар тобы тек алға.
Шарықтай бер, шарықта!

4 – топ «Қыран»
Қыран құстай самғаймыз,
Топтардан біз қалмаймыз.



Негізгі бөлім

Дене қыздыру жаттығулары «Қара жорға» биімен жасалады.
1) Қаппен секіру
Балалар қаптың ішімен жүріп өтіп, мәредегі қапты барып алып келіп әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп барып, секіріп келіп келесі ойыншыға береді, ойын ары қарай жалғасады. Қай топ бірінші береді, сол жеңімпаз атанады.

2) Ендігі сайыс «Арба сайысы»
Спорттық сақиналармен допты итеріп, арасында тұрған кедергі фишкаларды құлатпай мәреге жетіп қайта спорттық сақинамен допты итеріп қайту керек.

3) «Көңілді доптар» сайысы

Доп безгек қағады,
Секіріп еденге.
Секіру сондай – ақ,
Доппенен оңай – ақ. Секіргіш доптармен секіріп мәре сызығына жетіп, қайта секіріп қайту.

4) «Ғажайып дорба» ойыншықтарды жинату.

Ойыншықты алып, алда жатқан дорбаның ішінен өтіп барып мәре сызығында тұрған ойыншық салғышқа жинау.

5) «Үлкен пингвиндер» сайысы.

Егер пингвиндер Антарктидада ғана мекендейді десеңіздер қателесесіздер. Қазір бізде «Үлкен пингвиндер» сайысы. Допты екі аяғының арасына қыстырып, арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей жүгіріп өту.

6) Келесі сайыс «Фудбаскет»
Допты теуіп жүгіріп арада кедергі болып тұрған фишкаларға тимей өту. Келесі шығатын қатысушы допты қолымен жерге ұрып жүгіреді. Одан кейінгі қатысушы допты теуіп өтеді.

7) Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқ та бір, қол да бір – деп спорттық сақинамен жүру. Жүру кезінде
спорттық сақиналарды екі қолымен алмастырып айналдыра отырып мәре сызығына жетіп, қайта қайту керек.

8) Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Арқанның екі жағынан екі топтан бөлініп тартысады.

-Енді әділ қазылар алқасынан сайысқа түскен төрт топтың әділ еншілеген ұпай санын сұрайық.


Қорытынды: Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау. Барлық қатысушыларға алғыс айту.
Қош дейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдай берсін қалыспаңдар!

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: "Спорт-біздің досымыз"

Автор: Жұмағазинов Жанұзақ Өмірзақұлы

Дата: 13.03.2020

Номер свидетельства: 542646


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства