Просмотр содержимого документа
«Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: "Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы"»
Тақырыбы: «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы»
(спорттық ойын-сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту. Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі. Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер!
-Ендеше спорттық ойын-сауығымызды бастамас бұрын әділ-қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Д.С. Байскакова
2. Балабақша медбикесі: З.Г.Ташенова
3. Балабақша психологы: Г.Ж. Ергасенова
- Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар» топтарын шақырайық.
(Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді)
- Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін:
Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу.
2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты».
Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны.
Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.