kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Спортивная эстафета на тему: «Күштілер, ептілер, мықтылар»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Спортивная эстафета на тему: "Күштілер, ептілер, мықтылар". Эстафета состоит из 6 тур.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Спортивная эстафета на тему: «Күштілер, ептілер, мықтылар»»

«Күштілер, ептілер, мықтылар»

Мақсаты:Спорттық сайыс арқылы балалардың салауатты өмірге деген қызығушылығын арттыру. Әртүрлі жарыстарды ала отырып, балалардың ептілігін, шапшаңдығын, дене тәрбиесі іс – әрекетіне және спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру, мақтау, мадақтау.

Құрал-жабдықтар:Аттар, арқан

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі өткізілетін эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер.
Көңіл қойып қараңыз,
Жалындап тұр ғой баламыз.
Жарыссын қане барлық топ,
Қол соғып қарсы аламыз.

(Музыка ырғағымен «Ботақан» және «Құлыншақ» команда ойыншылары спорт залына кіреді.)

Жүргізуші:Құрметті балалар, бүгінгі эстафеталық ойынға қош келдіңіздер, сіздерге бүгінгі жарыста ептілік, шапшаңдық, ең бастысы – сәттілік тілейміз.
Жарысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып, көңілімізді көтеріп алайық. Барлығымыз «Қара жорға» биін билейік.
Енді осы сайысты бағалайтын әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
Балабақша директоры Н.Р.Жақыпбекова
Балабақша әдіскері С.Э.Бопылова.
балабақша психологы: А.Н.Атағазиева.
Балабақша медбикесі Л.Т.Капарова.
Жарыс ережесі бойынша командалардың сәлемдесуі.

Жүргізуші:Кезек «Ботақан»тобының командасына беріледі.
Біз балалар балдырған.
Ботақан бағын жандырған.
Шынығудан қашпаймыз.
Сайысты біз бастаймыз

Жүргізуші:Кезек «Құлыншақ»тобының командасына беріледі.
Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз.

Жүргізуші:Келіңіздер, келіңіздер,
Бақшамыз бүгін көңілді,
Қуаныштың себебін
Айта алады кім енді, – деп жарыс бөлімдерімен таныстырып өтейін.

1 – бөлім: «Атпен секіру».
2 – бөлім: «Кедергілерден айналып өт».
3 – бөлім: «Жұптасып жүгір».
4 – бөлім: «Көңілді доп»
5 – бөлім: «Кім жылдам?»
6 – бөлім: «Арқан тартыс».
Міне достар, бүгінгі сайыстың бөлімдерімен таныс болдық.

Жүргізуші:Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қиындықтан қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз, – дей отырып жарыс кезеңдеріне де келіп жеттік. Мен сендерге сайыс барысын түсіндіріп тейін, ал сендер мұқият тыңдап алыңдар.

1 – бөлім:«Атпен секіру»

Шарты: Атпен кедергілер арасынан межеге дейін шауып барып, кері қарай кедергісіз атпен шауып қайта келу.

2 – бөлім:«Кедергілерден өт»

Шарты: белгіленген межеге дейін кедергілерден айналып жүгіріп барып, кері қарай кедергісіз жүгіріп келу.

3 – бөлім:«Жұптасып жүгір»

Шарты: белгіленген межеге дейін жұптасып барып, айналып жүгіріп келу.

4 – бөлім: «Көңілді доп»

Шарты: допты қолына ұстап, ара қашықтықты сақтап, жүгіріп барып, допты себетке салып, межені айналып жүгіріп келу.

5 – бөлім: «Кім жылдам?»

Шарты: машинамен кедергілерден өтіп, қайта айдап келу.

6 – бөлім:Кімдер күшті, кім алып,
Шапшаңдықты байқайық, - деп кезек командалық жарысқа да келіп жетті.
Командалық ойын: «Арқан тартыс»

Шарты: екі топтың балалары арқанның екі жағынан ұстап тартады, сызықты басқан топ жеңіледі.

Жүргізуші:Өте жақсы балалар, бүгін екі команда да өте жақсы өнерлерін көрсетті.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Бұл сайыста болады екен кімдер мықты, – дей отырып ендігі кезекті әділ – қазылар алқасына береміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Спортивная эстафета на тему: «Күштілер, ептілер, мықтылар»

Автор: Келбетова Улмекен Тлепбаевна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства