Просмотр содержимого документа
«"Спорт-достық,спорт-денсаулық"»
« Спорт-достық,спорт-денсаулық» ( сайыс )
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау дені сау таза ұрпақ тәрбиелеу.Отбасымен балабақша арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, ұлтшыл болуға ептілікке , шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Балалардың спорттқа деген қызығушылығын арттыру.
Барысы: 1.Кіріспе сөз
2.Спорттық жарыс
3.Қорытынды, марапаттау.
Құрметті ата- аналар, қонақтар бөбекжай қызметкері және де бүлдіршіндер!
Бөбекжайымызда өткелі отырған «Спорт-достық,спорт-денсаулық » атты сайысқа қош келдіңіздер!
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңдер! - дей келе әділқазылар мүшесімен таныстыру.
1.Бөбекжай әдіскері -Оташева Жанна Бақытқызы
2.Психолог -Дуйсенбаева Майра Бақытжанқызы
3.Медбике -Шарипова Арайлым Нұржанқызы
Әртаңда бақытпен атырамыз
Өнерді ай көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де, жылдам да шапшаң
Сайыскерлерімізді шақырамыз.
Барлығымыз сайыскерлерге қошеметтеп, қол соғып , командаларымызды ортаға шақырайық бірінші болып «Сұңқар» тобы , екінші болып «Тұлпар » тобын шақырамыз.
Ал енді сайысты бастамас бұрын , ортада флешмоб «Аяқты қимылдат»
Ал , енді сайыстың турларымен таныстырып өтейін.
1.Таныстыру
2.Кім шапшаң (шариктерді жинау.)
3.Кедергілердің арасымен өту
4.Қояндар жарысы
5. Қаппен жарыс
6.Күш сынасу
7.Арқан тартыс
Сайысымызды бастаймыз
Өнер қуып жастар өтер дейміз
Бір басыңа бар өнер жетер дейміз ,
Сайысқа келген топтар кезектесіп
Таныстырып өздерін кетер дейміз
Әр топ өзінің эмблемасы аты және ұранын таныстырады.
«Сұңқар» тобы Сұңқардай қалықтаймыз,
Іздеуден жалықпаймыз!
«Тұлпар» тобының Тұлпар болып самғаймыз, Жарыстан еш қалмаймыз.
Спорт біздің досымыз
Күш , қайрат сыналған
Спорт біздің досымыз
Бала кезден шыңдалған - деп келесі кезекті
Кім шапшаң (Шариктерді жинау) жарысымыз тамашалаймыз.
Бұл сайыста, мына әр жерде шашылып жатқан шариктерді кәрзенкенің ішіне салып жинайсыздар.Кім шапшаң жинайтынын байқаймыз
Жүгір, жүгір селмен жарысып
Жүгір желмен жарысып
Нұрға сылан
Болып қыран
Өс ұлан - деп келесі кезекті
3.Кедергілердің арасынан өту.Ккедергілердің
арасымен жүгіріп өтіп, межеден айналып келеміз.
Денсаулық бар байлық бойындағы
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп мәпелеп аяласаң
Бойыңнан кетпес қуат жасындағы - дей келе келесі кезегімізді бастаймыз.
4.«Қояндар жарысы » қоян жүрісін салып межеге дейін секіріп келу қажет
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы данамыз. –деп келесі турга берейік
5.Қаппен жарысымызды бастаймыз. Екі топ аяқтарына қапты киіп секіріп келу қажет..
1,2,3
Спорт берер күш
Жарысқа дайын болсаң
Қанағат қағып ұш - деп келесі кезекті күшін сынасуға көрейік.
6. Күш сынасу кезегіне берейік. Ер балалар екіге болініп күш сынасады.
Жатып ішер боп жалқау
Бой күйез болма еріншек
Айналысып спортпен
Талаптан шаттық еңбектен - деп жетінші бөлімімізді бастаймыз
7.Арқан тартыс .екі топ арқан тартысады қай топтың күші басымырақ екен байқаймыз.
Бүгінгі 7 турдан тұратын сайысымыз өз мәресіне жетті.
Келді , міне сын алуға
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділқазы әділ баға - деп , әділқазы мүшелеріне сөз береміз.
Өнерімен қымбатты
Бишілер бар сымбатты
Тамашалап қарайық
Келесі би ырғақты.
Қорытындылау марапаттау
Біз қазақпыз, . Ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа кірген
Бой тұмар ғып ар ождан қазынасын
Ерлер ғой ел қамын сақтап жүрген - демекші бүгінгі «Спорт-достық-спорт-денсаулық » атты қ сайысқа қатысқандарың үшін сайыскерлерімізге алғысымызды білдіреміз.
Сөз кезегін «Балбұлақ » бөбекжайынйң меңгерушісі Нұрмира Абуқызына сөз береміз.