мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сиынар ем Ана деген тәңірге»
«Бота» кіші тобына арналған мерекелік ертеңгілігі
«Сиынар ем Ана деген тәңірге»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту -ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің барысы: Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Амансыздар ма, қымбатты әжелер мен аналар! Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз құтты болсын! «Бота» кіші тобының балалары дайындаған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдініздер.
Балалар хормен: Үлкенге де сіз, кішігеде сіз құрметпенен сіздерге бас иеміз біз!
«Жүрек жылуы» би арқылы аналарға жүрек шарды сыйлау.
Жүргізуші:Балалар, Қар, мұз еріп, Су көбейіп, Сай-саладан ағады, Бүршік шашып Жапырақ ашып, Жер гүл шашақ тағады. Бөбектерім!
Айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде болады.
Жүргізуші: Дұрыс айтасындар. Онда көктем ханшайымын қарсы алайық. Әннен кейін машинаның гуілдеген дыбысы естіледі.Мыстан бикеш кіреді. Мыстан бикеш: Мұнда не қылған мереке болып жатыр? Сендер неге сондайлық мәз болып отырсыңдар? Жүргізуші: Сен кімсің? Неге мерекеге кедергі жасап тұрсың? Мыстан бикеш: Мен Мыстан бикешпін, сендер мені не таныған жоқсыңдар ма? Сендер мыстан кемпірді білесіңдер ме? Мен оның жалғыз сүйікті қызымын. Жүргізуші: Ал мыстан кемпірдің өзі қайда? Мыстан бикеш: Ол пенсияда ғой! Енді мен оның орынбасары боламын. Енді мен барлық мерекелерді бұзамын. Сендердің де ертеңгіліктеріңді бұзбақпын. Болды, қайтыңдар үйлеріңе. Мереке болмайды. Жүргізуші: Қалайша? Біз бүгін аналарымызды құттықтаймыз ғой. Неге кетуіміз керек? Біз ешқайда кетпейміз. Мыстан бикеш, кетсен өзін кет. Біз көктем ханшайымын күтіп отырмыз. Мыстан бикеш: А ха ха. Солай ма? Ал мен сендердің көктемдерінді бақаға айналдырып жібергем. Бақылдаған дыбыс естіледі. Менің таяғым сиқырлы, қазір мен сендерді бақаларға айналдырамын. А ха ха. Жүргізуші: Мыстан бикеш, сен не істедің. Сен балалардың мерекесің бұздың ғой. Мыстан бикеш: Иә, ал сендер маған не істей аласыңдар. Ештеме істей алмайсыңдар ғой. Жүргізуші: Мыстан бикеш, көктем ханшайымын қайтаршы. Мыстан бикеш: Ал сендер маған олар үшін не бересіңдер. Жүргізуші: Біз саған гүлдер сыйлаймыз. Мыстан бикеш: Гүл дейсіңдер ме? Маған ешкім ешқашан гүл сыйлаған емес. Жарайды, келісемін. Ойын «Гүлді жина» эстафетасы Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Жерде өсіп тұрған гүлдерді жинайды. Ойынның аяғында балалар гүлдерді Мыстан бикешке сыйлайды. Мыстан бикеш: Қуанып билейді. Рахмет сендерге балалар, енді мен ешқашан да жамандық істемеймін мен де аналарымыздай мейрімді, әдемі болмасам ба. Қазір онда мен көктем ханшайымын алып келейін.
Жүргізуші: Келді көктем қоныр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл жасыл гүлімен, келді көктем әдемі құс үнімен.
Әдемі әуенмен көктемді Мыстан бикеш алып кіреді.
Көктем ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Амансыздар ма, аналар!Табиғаткөркінкелтіріп,
Жан-жануарды серпілтіп. Өзгертіп өңір, жер бетін.
Келді көктем ортанызға.Жайқалған гүлмен желпініп.
Ән: «Көктем келді»
Балалардың тақпағы: көктем туралы.
Көктем ханшайымы: Мен ортаға жайнаған гүлдерімді шақырайын.
Би «Гүлер»
Көктем: Балалар айтындаршы көктемнің алғашқы мерекесі қалай аталады?Дұрыс айтасыңдар.
Балалар: Аналар мерекесі.
Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Балалар тақпағы: Аналар туралы.
Мыстан бикеш: Менде өлең, ән бәрін айталам аналарды құттықтап жіберейін (айқайлап ән айтады)
Балалар құлақтарын жабады.
Жүргізуші: Мыстан бикеш тамаша жақсы әндетеді екенсін, ал енді балаларды тыңдайық. Балалардың орындауында «Мама» әні.
Ән: «Мама»
Мыстан бикеш: Тамаша балалар. Аналарымызды жақсы көретін әкелеріміз бар, аналар мерекесінде ол кісілер жыл бойы істемеген үй шаруасына араласып белсенділік көрсетеді. Қазір ортаға әкелерімізді шақырайық жарыстырып картоп аршытайық.
Ойын: «Картоп аршып жарысу» (марапаттау)
Би: «Көмекшілер»
Мыстан бикеш: Ой, қарыным ашты. Жаңа әкелеріміз аршыған картопты пысырып жесек қайтет а.
Жүргізуші: Ол тілегінді де орындаймыз Мыстан бикеш ортаға аспазшылар шықсын!
Би: «Аспазшылар»
Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар сендердің аналарға арналған мерекелеріне келіп қатты қуынап, мыстан бикештің қылығынан кейін көңілім көтеріліпжақсы болып қалдым рахмет сендерге. Мына сыйлығымды қабыл алыңдар(балаларға кәмпиттер береді)
Балалар:Рахмет.
Жүргізуші: Балалар Мыстан бикеш сияқты жамандық жасауға болама? (Жоқ) Дұрыс айтасыңдар біз тәртіпті, мейрімді,ақылды болуымыз керек.
Мыстан бикеш: Жарайды балалар, сендер дұрыс айтасыңдар. Мен енді түзелем сендер сияқты болам. Қазір сендерден шығып, көктем ханшайымын алып, анам Мыстан кемпірді мерекемен құттықтауға барам. Сендер берген гүлдерді оған сыйлаймын.
Жүргізуші: Мыстан бикеш жамандық жасамай тек жақсылықты үйрену керек. Ата-ананы құрметтеп, тәртіпті болу керек.
Ән: «Біз тәртіпті баламыз»
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!
« № 25 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
«Сиынар ем Ана деген тәңірге»
мерекелік ертеңгілік.
Тақырыбы: «Асыл анам»
Мақсаты:Балаларға аналар мейрамы туралы түсінік беру.Барлық аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу. Балалардың ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Ертеңгілік көрнекілігі: ана туралы мақал-мәтелдер, гүлдер, ленталар, шарлар, үнтаспа.
Өту барысы:
(үнтаспадан «Анашым» әні баяу ойнап тұрады.)
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын бастайық.
Балалар хормен аналарды құттықтайды:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман-сау бол,ақ мамам.
Жүргізуші: Құлпырған күн келді
Жылу тартып бойына
Ұстаз, ана кемеңгерді
Құттықтау тұр ойында.
Ал, балалар, халайық,
Бәрің,бәрі қараңдар,
Тіршіліктің бастауы
Көктемді қарсалайық.
Көктем (музыка ойналғанда кіреді):
Сәлем, достар аман ба?
Мыңау бейбіт заманда
Мен көктемнің жаршысы,
Қуантамын бәріңді.
Балалар көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар:(күн жылынады, қар ериді, құстар сайрайды, ағаштар бұршік атады, бәйшешек гүлдейді).
Көктем:Дұрыс айтасындар, ал көктем айының алғашқы нұрлы мерекесі қалай аталады?
Балалар: Аналар мерекесі.
Көктем: Сендерге қарасам бүгін аналарды мерекесімен құттықтауға келген сияқтысындар.
Балалар: Иә.
Көктем: Ал, сендердің өңерлерінді тамашалайық.
Балалар дайындаған тақпақтарын кезекпен айтады.
Жүргізуші: Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгінде
Бұлдіршіндер ән салсын.
(М.Мақатаевтің сөзіне жазылған «Құттықтаймын мама»әнін қабыл алыныздар).
Балалар хормен өлен айтады.
Балалар дайындаған тақпақтар кезек алады.
Жүргізуші:Күлімде, күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей
Мың бұралып, би салсын.
Балалардың орындауында вальс.
Жүргізуші: Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ. Бала – жағасындағы құрақ –дей келе ортаға шаңырықтың иелері әкелерді шақырамыз.Сіздерге берілетін тапсырма, берілген уақыт ішінде мына картоптарды таза, жылдам аршып бітіру керек ( алжапқыш, пышық, ыдыстағы картоптар). Бір, екі, үш – бастадық. Келесі «Ана, әйел, қыз бала туралы мақал – мәтел айту керек».
Жеңімпаз әкелерге сыйлық береледі.
Жүргізуші: М.Омаровтың сөзіне жазылған «Әнші балапан» әнін балалардың орындауында қабыл алыныздар.
Жүргізуші: Ананың – ойы балада
Баланың – ойы далада дей келе құрметті бүгінгі қуаныш иелері аналарды ортаға шақырамыз. Үш анаға берілетін тапсырма көздерініз байлаулы күйде, бір топ бала ішінен өз балаларынызды табу керек.
Қазір кішкене шібилерді ортаға шақырамыз «Шип – Шип жужәләлім» биі орындалады.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Балалар аналарға дайындаған сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен біздің шағын тәңертеңгілігіміз аяқталды аналарға бақыт, денсаулық, бірлік тілейміз.( Анашым әнін хормен айтып аяқтаймыз).