kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шырша шамдарын жа?амыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

А?ша?ар: Балаларды шырша тойына ша?ырады

Аяз ата: Амансы?дар ма, балаларым?

Балалар: Амандасады

Ж?ргізуші: Балалар, міне, бізге б?гін Аяз ата ?она??а келді. А?ша?ар екуі бізді шырша тойына ша?ырып келіпті. ?азір б?ріміз ?демі шырша?а барамыз.

?уен ойналып, б?рі зал?а кіреді. Шыршаны? алдынан ж?реді.

Ж?ргізуші:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз т?р жараса

Басында ?сем ж?лдызы

К?з тоймайды ?араса

Ж?ргізуші: Балалар ?ара?даршы ?андай биік, ?сем шырша, ойыншы?тары ?андай ?демі, к?п!

Аяз ата: С?леметсі?дер ме, ?она?тар! Жа?а жыл ??тты болсын!

А?ша?ар: Балалар, к?не, шыршаны тамашалап к?рейік. (балалал шыршашы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шырша шамдарын жа?амыз!»

Шырша шамдарын жағамыз

Ақшақар: Балаларды шырша тойына шақырады

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым?

Балалар: Амандасады

Жүргізуші: Балалар, міне, бізге бүгін Аяз ата қонаққа келді. Ақшақар екуі бізді шырша тойына шақырып келіпті. Қазір бәріміз әдемі шыршаға барамыз.

Әуен ойналып, бәрі залға кіреді. Шыршаның алдынан жүреді.

Жүргізуші:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қандай биік, әсем шырша, ойыншықтары қандай әдемі, көп!

Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын!

Ақшақар: Балалар, кәне, шыршаны тамашалап көрейік. (балалал шыршашы айналып жүреді, көреді)

Ата, шырша шамын жағайық,

Қуанып бір қалайық.

Аяз ата:

Қуант бізді таңырқат

Жасыл шырша

Шамдарыңды жарқырат! (шам жанады, балалар қол шапалақтайды)

Аяз ата:Балалар мынау әдемі шыршаға кім тақпақ айтып береді?

Бала:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан,

Сыйлықтар алдық

Аяз ата: Бәрекелді балам!

Батырбек

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Аяз ата: Кәне балалар көңілді шыршаға ән салып беріңдер

Ән «Шырша»

Жылан: Жүгіріп шығады. Сәлем достар! Жаңа жыл құтты болсын!

Балалар: Рахмет!

Аяз ата: Қандай жақсы балалар,

Қане тақпақ айтыңдар

Тақпақтарыңды тыңдайық!

Ақшақар: Қане келіңдер балалар

Тақпақ айтып беріңдер

Аяз атадан сыйлық алыңдар!

Тақпақтар

1)Аппақ, аппақ қар аппақ

Аппақ, аппақ дала аппақ

Қырау қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

2)Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып жылтыр боп жатады

3) Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұсу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

4) Жаңа жыл, жаңа жыл

Қош келдің тағы да

Дайындап жаңа жыр

Біз күттік тағы да

5) Ақ қырауға малынып

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына

6) Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жыл да келеді

Бізге қарай жылыстап

7) Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып жылтыр боп жатады

8) Әлде қарлы боранды

Тау басынан түсті ме

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне

9) Өлең де әзір, ән әзір

Ойында әзір бәрі әзір

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

10) Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұсу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

11) Сақала аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

12)Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл жақсы ақ

13) Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылда біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

14)Қар жауады оң жақтан

Қар жауады сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ

Су болады қолғаптар

15)Қырау қатып жағаға

Аяз беттен өбеді

Бірі мініп шанаға

Бірі шаңғы тебеді

16) Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

17)Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз

Аяз ата:Бәрекелді қарақтарым

Өнерлерің өсе берсін

Ал Ақшақар қалықта

Қалықтаудан жалықпа

Қанаттарың желбіреп

Би биле мына халыққа

Ақшақар: «Чунга Чанга биі » биленеді

Жүргізуші: Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Аяз ата өзіңізге

Ән де салып береміз

Ән: «Аяз ата » әні орындалады

Күлдірген: Шыршаның артында ленталарын желбіретіп тұрады

Жүргізуші: Көңілді күлдірген, біз сені көріп қойдық, қане ортаға шық!

Күлдірген:Жүгіріп шығады.

Сәлеметсіңдерме, достар!

Амансыңдарма Аяз Ата. Ақшақар!

Мереке құтты болсын!

Аяз ата:Амансың ба қарағым

Жүргізуші: Көңілді Күлдірген, мереке күні көрсететін қандай өнерің бар?

Күлдірген: Балалар мен сендерге әдемі ленталар алып келдім.Бұлармен биші қыздарымыз би билейді.

Аяз ата: Ал, күлдірген көрсет биші қыздарыңды

Күлдірген:

Жүзімізде күлкі ойнат

Қанаттанар жанымыз

Жаңа жылда біз тойлап

Би билейік бәріміз Би «Ленталар»

Жүргізуші: Ертегі «Бауырсақ ертегісін сахналау»

Аяз ата: Аңдар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ақшақар: Ал, ойнайық аңдар.

Аяз ата: Мен мына жерге үлкен қорап қойдым, соны ашу керек. Кім соны ашса үлкен сыйлыққа ие болады. ( Аңдар бір – бірлеп келіп ашады, кім ең соңғы қорапты ашса сол силыққа ие болады. Бұл не екен?

Балалар: КОНФЕТ

Ақшақар:

Бізбен бірге жайдары

Аяз ата жайнайды

Жарқырайды шыршамыз

Ән салайық баршамыз («Кел, кел Жана жыл ») әні орындалады

Күлдірген: Аяз ата қолғабыңыз қандай әдемі. Беріңізші, киіп көрейін.

Аяз ата: Өзі сондай жылы , әдемі таптырмайтын қолғап. Абайла жоғалтып алма!

Күлдірген: Ақшақарға қолғапты лақтырады.

Аяз ата: Әкел қолғабымды! Бер өзіме! (қолғап соңынан жүгірген болады. Қолғап жоғалып алады)

Ақшақар: Ата қолғабыңыз жоғалды. Енді не істейміз?

Күлдірген: Балалар іздейік.

Жүргізуші: Балалар. Аяз атаға көмектесейік қолғабын іздейік ( орындық астынан, шырша түбінен іздейді). Үлкен қолғапқа сыйлықтар салынып әкелінеді.

Күлдірген: Міне, Аяз ата балалар, қолғапты таптым!

Аяз ата: Мынау менің қолғабым ба? Иә иә тура өзі. Балаларға әкелген сыйлықтарым қайда? О, ғажап бәрі қолғап ішіне кіріп алыпты. Міне, мынандай сыйлықтар әкелдім, балаларым!

Ақылды , өнерлі болыңдар ! Ал Ақшақар қызым, біз жолға шығайық! (сыйлықты таратады)

Ақшақар: Балалар кездескенше!

Аяз ата: Сау болыңдар, қарақтарым!

Балалар: Сау болыңыз Аяз ата!

Күлдірген: Балалар қараңдаршы шыршаның сендермен ойнағысы келіп тұр – ау шамасы. (сөніп жанады)

Жүргізуші: Қане балалар қол шапалақтап, қуантайық шыршаны

Күлдірген: Ал енді үрлеп көрейік

Жүргізуші: Балалар шырша да сендермен қоштасып жатыр. Шыршамен қоштасайық.

Ата – аналарға сөз беріледі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Шырша шамдарын жа?амыз!

Автор: Данаева Галия Сердалиевна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства