Просмотр содержимого документа
«"Шығармашыл- Отбасы" (отбасылық шығармашылық би кеші)»
Тақырыбы: Шығармашылық би кеші
Мақсаты:Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
І. Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!
Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.5-11 қыркүйек аралығында Республикамыз бойынша «Отбасы- бақыт мекені» атты мерекелеу апталығы жүріп жатыр. Міне, осы шеңберде бізде өз шоу бағдарламамызды сізбен бірге өткізбекпіз.
-Ендеше алдымен Отбасыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық
1.Серіковтар отбасы /әуен ырғағымен отбасыларды қарсылау/
2.Убышевтер отбасы
3.Рақымжановтар отбасы
4.Толешовтар отбасы
Бастаушы:Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
Тақырыбымыз: «Би шығармашылық кеші» деп аталады.
Құрметті қонақтар ендеше «Еркем- ай» студиясына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Кешімізді одан әрі көңілді өткізу үшін ортамызға әр түрлі ойындар ғылымының докторы: Бұлбұлгүл Марленқызын ортаға шақырайық
-Саламатсыздарма!
Мен сіздермен бір тренинг ұйымдастырайын
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
- «иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыздар;
- «жоқ»десеңіздер –аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан,теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтар тыңдап, қарап жүрсізбе?
2) балаға тәрбие беру кезінде үйде ата- ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?
- егер «әке»десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
- егер «екеуі» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
-Енді кезекті өздеріңізге берейін әр отбасының би өнерін тамашалап отырайық.
1.Серіковтар отбасы /әуен ырғағымен отбасыларды қарсылау/
2.Убышевтер отбасы
3.Рақымжановтар отбасы
4.Толешовтар отбасы би өнерлерін көрсетеді.
-Қошемет!Керемет!
Әр түрлі ойындар ғылымының докторы Б. Марленқызы
Қызықты сұрақтар:
1.Балаңыздың туған күні?
2.Тәрбиешінің аты- жөні?
3.Балаңыздың қандай өлшемді аяқ киім киетінін білесізбе?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барады?
6.Балаңызды еркелетіп бірінші қандай сөз айтасыз?
7.Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Қатысқандарыңызға РАХМЕТ!
Бастаушы:
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйенбейтін ата- ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы, демеуші ата- ана.
Бүгінгі кештен естелік болсын «Алғыс хат» тапсырылады.